Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары -

Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3959 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
Медицина фармацевтикалық
«Даналық» колледж биология пәнінің
оқытушысы Кабдолина Сауле Жумажановна

Сабақтың тақырыбы: Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзалардың тіршілік орталары, олардың ерекшеліктері, ағзалардың тіршілік ортасына бейімделуі туралы білімді жүйелеу;
Дамытушылық: базалық білімге жұмылдыра білуге үйрету; талдай, қорыта білуді одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, парасаттылыққа, ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: әр түрлі тіршілік ортасы бар кестелер, слайд..
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық кезең
«Ми шабуылы» кезеңі
1.Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жоюға бола ма?
2. Қазақстан ғалымдардың алғаш рет селекция негізі бойынша қол жеткізген жетістіктері қандай?
3.Селекция деген сөздің мағынасы не?
4 Генетика ғылымы дегеніміз не?
5 Экология ғылымы нені зерттейді?
6.Экология ғылымының қалыптасуын неше кезеңге бөледі?
7. Географиялық заңдылықтарға не жатады?
8. Б. Комманердің заңдарының бүгінгі күні маңызы бар ма?
ІІІ. Мағынаны ашу
Кез келген организмнің өніп - өсіп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи – тарихи қалыптасқан ортаны тіршілік ортасы дейміз. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар.
Сендер қандай тіршілік орталарын білесіндер?
Олар: су, құрлық - ауа, топырақ және организмдердің өзі.
Тіршілік ортасының саны бойынша сыныпты 4 топқа бөліп, жаңа тақырып топтық түрде өткізіледі. Топтардың әрқайсысы белгілі сұрақтарға жауап беруге дайындалып, оны 20 минутта негіздеуі қажет.
Ол сұрақтар шамамен мынадай:
1. Орта немен сипатталады?
2. Ортаның жағымды және жағымсыз факторлары.
3. Осы ортада қай ағзалар өмір сүреді?
4. Бұл ағзалардың қандай бейімділіктері бар?
5. Тіршілік ортасы өзгерсе, ағзалар қандай күйде болады?
І топ
Су – тіршілік ортасы
ІІ топ.
Құрлық – ауа тіршілік ортасы
ІІІ Топ
Топырақ – тіршілік ортасы
IV топ. Тірі организм - тіршілік ортасы
Әр топ мүшелері топта мәтінмен танысып талдайды, ой –пікір алмасады, қорғайды.
ІV. Ой толғаныс
1.Толықтыру тесті. Берілген сөлемге тиісті сөздерді қойып, толықтыру:
1. Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда......(
2. Су түбінде тіршілік ететін организмдер........
3. Судың беткі қабатында тіршілік ететін организмдер........
4. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдер........террабионттар
5. Ауа да тіршілік ететін организмдер............. аэробионттар
6. Топырақта тіршілік ететін организмдер.......... педобионттар
7. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер.......паразиттер
2.. Тест тапсырмасы.
1. Кез келген организмнің өніп - өсіп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи - тарихи қалыптасқан ортаны: А) Сулы орта в) тіршілік ортасы с) Құрлық орта
2. Морфологиялық өскіншелер, ескек аяқтары бар жануарлар қайда тіршілік етеді?
А) құрлық - ауа тіршілік орта
в) су тіршілік ортасы
с) топырақ тіршілік ортасы
3. Өкілдері екінші бір организм есебінен тіршілік етеді:
А) микрофлоралар
в) амебалар
с) паразиттер
4. Қорек үшін уақытша бір организм денесінің сыртында кездесетіндер:
А) эндопаразиттер
в) эктопаразиттер
с) паразиттер
5. Жер бетін жасыл өсімдіктер әлемі басу үшін не түзіледі?
А) топырақ
в) су
с) ауа
6. Су - Жер шарының барлық көлемін қанша пайызын қамтиды?
А) 71
в) 85
с) 90
3.Қорытынды:
Барлық табиғи орта өздерінде тіршілік ететін организмдерді қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп отырады.
Әрбір түрдің тіршілік ететін тұрақты ортасы болады. Ол орта түр үшін табиғи - тарихи мекені және өсіп - өніп көбейетін орны. Түр сол жерде ғана ұрпақ беріп еркін тіршілік етеді. Организмдер өздері тіршілік ететін табиғи ортадан тіршілігіне қажетті заттарды алып және оған зат алмасуы кезінде пайда болған қажетсіз ыдырау өнімдерін бөледі. Тірі организмдер өздері тіршілік ететін орта факторларына бейімделуі арқылы ғана үнемі қалыпты тіршілік әрекеттерін жалғастырып отырады.
Үй тапсырмасы: сөзжұмбақ құрастыру.

Күн: 14.І.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Оқушыларға тірі ағзалардың көбею формалары жайында мағлұмат беру;
Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кесте
Сабақтың көрнекілігі: тест, т.б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақ:

Көбею – тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты көбею.
Жыныссыз көбею – көбеюдің ертеректегі жолы. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары – гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады.
Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі – гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылк үдерісі – ұрықтану үшін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарақтың болуы міндетті емес.
Жыныссыз жолмен көбею формалары және олардың сипаттамасы.
1. Қарапайым бөліну – біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі. Бактериялық жасушалардың прокариоттардан айырмашылығы бар.
2. Біржасушалылардағы митоз. Амебалар, жасыл эвглена және өзге эукариотты біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың орасан көп мөлшері осылай көбейеді.
3. Өсімді көбею – бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең дамыған үдеріс. Олар, мысалы, өсімдіктердің жапырақтарынан, қалемшелерінен, мұртшаларынан, тамырсабағынан көбеюі.
4. Бүршіктену – аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.
5. Бүрмелену (стробиляция) немесе үзбелену (фрагментация) – бұл ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы көбею жолы.
6. Спора түзу – ерекше бейімделген жасушалар – споралар түзу кезіндегі көбею жолы. Саңырауқұлақтар және өсімдіктердің көпшілігі спора арқылы көбейеді.
Жыныссыз көбеюдің тағы бір қолдан көбейту жолы - өсінді өскін арқылы көбейту.
Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамасы
1. Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан дамиды.
2. Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялар қосылу арқылы көбейеді.
3. Жынысты көбеюдің қалған жолдары гаметалардың қалыпты қосылуына байланысты. Бұл көбею жолын қызтекелік және өздігіненұрықтану деп екі топқа бөлсе де болады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Лездемелік сұрақтар:
1. Тірі ағзалрдың ортақ қасиетінің бірі.
2. Көбеюдің қандай жолдарын білесіңдер?
3. Ең алғашқы тірі ағзалар – біржасушалы прокариоттар қалай көбейді?
4. Біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі қалай аталады?
5. Амебалар, жасыл эвгленалар қалай көбейеді?
6. Аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.
7. Ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы арқылы көбею жолы қалай аталады?
8. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшеліктері неде?
9. Бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары қалай көбейеді?
10. Жыныстық үдерісі дегеніміз не?

Терминмен жұмыс:
1. Конъюгация –
2. Партеногенез –
3. Апомиксис –
4. Стробиляция –
5. Фрагментация –

Деңгейлік сұрақтар:
А-1. Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?
2. Жынысты және жыныссыз көбеюдің артықшылығы және кемшілігі неде?
В-1. Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар.
2. Олардың қайсысы біржасушалыларға тән, қайсысы лған жатпайды?
С-1. Жынысты көбею түрлерін атап, оларды қысқаша сипаттаңдар.
2. Жынысты көбеюдің қай жолдарында әр түрлі дарақтар арасында генетикалық материалдардың алмасуы жүреді? Қай жолдарда тек өздігінен ұрықтанады?

Ү. Қорытынды: Жыныстық үдеріс – бұл ұрпақтарда ата-енелік ағзаларға ұқсамайтын екі қасиеттер сапасының үйлесімді жолы.

ҮІ. Бағалау:
ҮІІ. Үйге тапсырма: §3

Мақсаты: Жас ұрпағымыздың елдігімізді, ерлігімізді сақтар, өркениетті елмен иық тіресер ұрпақ болу үшін қайырымдылыққа, имандылыққа, байқампаздыққа, табиғатты сүюге, қорғауға үйрету. Ата – бабадан қалған дәстүрге бүгінгі ұрпақтардың мұрагер екеніне көрсету.
Жас ұрпақты өз беттерімен жұмыстануға жағдай жасау, бірін - бірі тыңдауға дағдыландыру.
Көрнекілік: Плакаттар, таратпа тапсырмалар, «Наурыз көже» тағамдарының суреттері, тайқазан суреті.
Сабақтың әдісі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың жоспары:
1. Наурыз тойына дайындық (Ұйымдастыру)
2. Наурыз көже тағамдарын дайындау. (Үй тапсырмасын тексеру)
3. Наурыз көже пісіру (Жаңа тақырып)
4. Наурыз көже тарату (Бекіту)
5. Наурыз той батасы (Бағалау)
6. Наурыз той сарқыты (Үй тапсырмасын беру)
І. Наурыз тойына дайындық.
Сәлеметсіздер ме?!
Наурызым - мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.- деп, ағаларымыз жырлағандай. Бүгінгі сабағымызды «Ұлыстың Ұлы - Наурыз» мейрамына арнағалы отырмыз. Наурыз тойы «Наурыз көжесіз» өтпейтіні анық, сондықтан да біздерде біліміміз арқылы наурыз көжесін дайындап, таратамыз. Соған байланысты сабағымыздың жоспарымен танысып алайық.
1. Наурыз тойына дайындық (Ұйымдастыру)
2. Наурыз көже тағамдарын дайындау. (Үй тапсырмасын тексеру)
3. Наурыз көже пісіру (Жаңа тақырып)
4. Наурыз көже тарату (Бекіту)
5. Наурыз той батасы (Бағалау)
6. Наурыз той сарқыты (Үй тапсырмасын беру)
Ендеше, жоспармен жұмыстанайық.

ІІ. Наурыз көже тағамдарын дайындау
Осы бөлімді бастамас бұрын, оқушылар, мен сіздерге мынадай сұрақ қойғалы отырмын.
- Наурыз көжені неше тағамнан пісіреді?
- Және оны қайда пісіреді? (Оқушылардың жауабы тыңдалады). Тақтаға тайқазан макеті ілінеді. Оқушыларға Наурыз көженің құрамындағы тағамдарының суреттері, артына сұрақтар жазылған. Тағамды рет - ретімен алып, сұраққа жауап бере отырып, тайқазанға салынады. Дұрыс жауапқа ұпайлар беріледі.
1. Су (2 ұпай) – Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жоюға бола ма?
2. Сүр ет (4 ұпай) – Қазақстан ғалымдардың алғаш рет селекция негізі бойынша қол жеткізген жетістіктері қандай?
3. Бидай (3 ұпай) – Селекция деген сөздің мағынасы не?
4. Сүт (3 ұпай) – Генетика ғылымы дегеніміз не?
5. Тұз (2 ұпай) – Экология ғылымы нені зерттейді?
6. Мейіз (3 ұпай)- Экология ғылымының қалыптасуын неше кезеңге бөледі?
7. Құрт (5 ұпай) – Дүниежүзілік экологиялық мәселелерге не жатады?

ІІІ. Наурыз көже пісіру
Балалар, енді әрмен қарай көжені пісіру қажет. Ол үшін жаңа тақырыбымызды бастайық. Бүгінгі тақырыбымыз «Организмдердің тіршілік ортасы». Сынып 2 топқа бөліне отырып, алдарыңа берілген мәтінді оқып, өзара талқылаңыз да, керекті сөйлемдерді дәптерлеріңе жазып алыңыз. Топ арасында талқылап болған соң, топ лидері ортаға шығып, мәтіннің мазмұнымен таныстырады.

Мәтін: 1. Су тіршілік ортасы.
Гидросфера ғаламшарымыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су – жер шарының барлық көлемінің 71 пайызын қамтиды. Судың негізгі қорын, 98 пайызын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 2 пайызын мәңгі мұздықтар, өзендер мен көлдердің үлесіне тиеді. Суда жануарлардың 150000, өсімдіктердің 10000 астам түрі тіршілік етеді. Су тіршілік ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен, өзіне тән ерекшеліктері болады. Оған судың тұтқырлығы, тұз концентрациясы, қысым, оттек мөлшері, су қабатының қозғалыстары мен ағыстары, айналымдар, қорек қоры, судың ащы немесе тұщылығы жатады.

Судағы барлық организмдерге тән қасиет – жүзу. Дегенмен көптеген балдырлар, кейбір организмдер бекініп тіршілік етуге бейімделген. Жүзуге немесе баяу қозғалуға байланысты гидробионттарда құрлық организмдерінде болмайтын ерекше морфологиялық өскіншелер, жүзу немесе ескек аяқтары мен жүзбеқанаттары, су жұқтырмайтын заттар т. б. қасиеттер пайда болған. Мысалы, тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың денесі жұмыр әрі ықшамды, ағысқа қарсы жүзуге бейімді болса, жазық жердегі көлдердегі балықтар, керісінше, ірі әрі жалпақ болып келеді. Ал мұхиттардың әр түрлі тереңдіктеріндегі организмдердің морфологиялық құрылысы, дене пішіні мен қозғалуы мүлдем басқаша болады.

Су организмдерінің ішінде медузалар, қосжақтаулы былқылдақденелілер өз денесінен атқылаған су қысымы күшімен тез жүзуге бейімделген. Бұл құбылыс, әсіресе басаяқты былқылдақденелілерде жақсы байқалады. Осы әдіспен қозғалатын кальмардың жылдамдығы сағатына 40 - 50 шақырымға жетеді. Тұщы су гидробионтарының кейбіреулер су бетінде кәдімгі құрлықтағыдай сырғанап та жүреді. Мысалға суаршындарын алуға болады.

2. Құрлық - ауа тіршілік ортасы. Құрлық - ауа – организдер үшін күрделі өзгерістерге үздіксіз жүріп жататын, табиғаты сан қилы орта. Мұнда атмосфераның газдық құрамы, ылғалдылық, тығыздық, қысым факторлар жиынтығы литосфера қабатымен байланысып жатады. Жануарлар мен өсімдіктер құрлық - ауа кеңістігінде тіршілік етуге бейімделіп, оны толықтыра түседі. Тіршілік ортасына тән көптеген ерекшеліктерді ( жарықтың мол түсуі, температура ауытқуының күшті байқалуы, ауа райының маусым мен тәулік бойынша өзгеруі) байқауға болады. Сулы ортамен салыстырғанда құрлық - ауа ортадағы тіршілік маусымға, тәулік мерзіміне және географиялық орнына байланысты ауа температурасының шұғыл ауытқуында өтеді. Оттекпен тыныс алу мүшелері жетіле түсті. Жануарлар мен құстардың ұшуға бейім жаңа түрлері пайда болды.

3. Топырақ тіршілік ортасы. Жер бетінде топырақ түзілу процесі – ұзаққа созылған биогеохимиялық айналымның жемісі. Топырақтың түзілуімен байланысты жер бетін жасыл өсімдіктер әлемі басады. Одан соң топырақтың микро – және макрофаунасы қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар және өлі табиғат арасындағы қоректік қарым - қатынастар топырақ түзілу процесін, оның физикалық, химиялық және механикалық құрылымын жақсарта түсті.

Мысалы, топырақтың жоғары бөлігінде өсімдіктерге қажетті азот, калий, кальций, фосфор және т. б. химиялық элементтер жинақталады. Ал топырақ ылғалы оттекті, еріген тұздар мен минералды заттарды сіңіріп, сілтілік немесе қышқылдық ортан қалыптастырады. Топырақтың құнарлы қабатын түзудегі микроорганизмдердің, өсімдік пен жануарлар өкілдерінің рөлін ерекше атаған жөн. Микроорганизмдер әр түрлі өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарымен заттармен байытады. Олардың ішінде топырақта көп кездесетіні - микрофлора өкілдері - саңырауқұлақтар, актиномицеттер мен бактериялар. Ал топырақ микрофаунасының өкілдері – амеба, талшықтылар мен кірпікшелі қарапайымдылар жыртқыш немесе паразит ретінде зат және энергия алмасуды жүзеге асырады.
4. Организмдердің өзі тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің көптеген өкілдері екінші бір организм есебінен тіршілік етеді. Мұндай организмдерді паразиттер деп атайды. Барлық паразиттерді эктопаразиттер (қорек үшін уақытша бір организм денесінің сыртында кездесетіндер) және эндопаразиттер (екінші бір организмнің ішкі мүшелерінде кездесетіндер) деп жіктеледі. Эктопаразиттерге – кәдімгі қан сорғыш масалар, соналар, кене, бүрге, сүліктер т. б., ал эндопаразиттерге – аскаридалар, қарапайымдылар, бактериялар, құрттар т. б. жатады. Паразиттер бір организмнің денесінде үнемі бола бермейді. Олар көбінесе қоректену немесе көбею үшін – уақытша, кейде ұзақ уақыт тіршілік етеді. Ол үшін орта қолайлы болуы тиіс. Организм екінші бір организм денесінде тіршілік етуі үшін ұзақ жылдар бойы бейімделеді. Соның нәтижесінде ондай кейбір паразиттердің бұрынғы жақсы жетілген ішкі және сыртқы мүшелерінің қызметі жойылып кетеді.

ІҮ. Наурыз көжені тарату. Оқушылар мәтінді талқылап болған соң, тапсырмалар беріледі.
1. Тест тапсырмасы.
1. Кез келген организмнің өніп - өсіп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи - тарихи қалыптасқан ортаны: А) Сулы орта в) тіршілік ортасы с) Құрлық орта
2. Морфологиялық өскіншелер, ескек аяқтары бар жануарлар қайда тіршілік етеді?
А) құрлық - ауа тіршілік орта
в) су тіршілік ортасы
с) топырақ тіршілік ортасы
3. Өкілдері екінші бір организм есебінен тіршілік етеді:
А) микрофлоралар
в) амебалар
с) паразиттер
4. Қорек үшін уақытша бір организм денесінің сыртында кездесетіндер:
А) эндопаразиттер
в) эктопаразиттер
с) паразиттер
5. Жер бетін жасыл өсімдіктер әлемі басу үшін не түзіледі?
А) топырақ
в) су
с) ауа
6. Су - Жер шарының барлық көлемін қанша пайызын қамтиды?
А) 71
в) 85
с) 90
2. Тіршілік ортасын кестеге толтыр.
Тіршілік ортасы Тіршілік етуші тірі организмдер Ерекшеліктері

Ү. Наурыз той батасы. «Батаменен ел көгерер...» демекші ата - баба салты бойынша бата бергелі отырмыз.
Ойда қойың жайылса, омыртқамен құйрық же.
Қырда жылқың жайылса, қазы менен қарта же.
Құла биең құлындап, кең далаға сыймасын.
Жарылқа құдай қабыл ет, жарылқаудың қамын ет.
Бақ бер, бәледен сақта, қауіптен қатерден сақта! Әумин! Осы батаменен өз білімдеріңізді бағалайық.

ҮІ. Наурыз той сарқыты ретінде үйге тапсырма жазып ала қояйық. Организмдердің негізгі тіршілік орталары тақырыбы. Шығармашылық тапсырма «Ауыл жанындағы организмдерге қолайлы тіршілік ортасын» анықтап сипаттама беріңдер.
Кері қайту
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.