Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оркестр құрамындағы аспаптар (аралас сабақ – 45 минут) -

Оркестр құрамындағы аспаптар (аралас сабақ – 45 минут)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2509 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Абай ауданы, № 93 В. Терешкова
атындағы жалпы орта мектеп
музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған

Оркестр құрамындағы аспаптар (аралас сабақ – 45 минут)
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Оркестр дегеніміз не?
Ж: Оркестр түрлі музыкалық аспаптардан тұрады.
1. Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған кім?
Ж: Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған Ахмет Жұбанов .
2. Ол қай жылы, қай қалада құрылды, кімнің есімі берілді?
Ж: 1933 ж. Алматыда, Құрманғазының есімі берілді
3. Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесің?
Ж: Домбыра, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, шертер, жетіген т.б.
1. Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз осы Оркестр құрамындағы аспаптарға арналады.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:
Оркестр құрамын үрлемелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес.
Сондықтан оркестр құрамы басқа да аспаптармен толықтырылды.
Қазақтың көне үрмелі сыбызғы аспабы, Еуропаның флейта және гобой аспабымен,
сырнай аспабы кейіннен орыстың баян аспабымен, ең көне ұрмалы дауылпаз аспабы Еуропаның литавра аспабымен ауыстырылды.Қазіргі уақытта оркестр құрамы негізгі бес топтан тұрады.1.Домбыра тобы: домбыра-прима, домбыра-альт, домбыра-бас, домбыра-контрабас. 2. Қобыз тобы: қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас, қобыз-контрабас.
3.Үрмелі аспаптар тобы: флейта, гобой. 4.Ұрмалы аспаптар тобы: литавра, барабан, үшбұрыш. 5.Сырнай тобы: баян
:.....Оркестр құрамындағы жетілдірілген бұл аспаптар тобы орындалған шығармаларға жаңаша үн беріп, дыбысы жағынан бірін – бірі толықтырып отырады......................................
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады) Себебін анықта:
1. Не үшін оркестрде гі аспаптарды түрлендірген?
Ж: Себебі, оркестрдің дыбысталуына жаңаша үндестік беріп, әрленеді.
2. Ұрмалы аспаптарсыз неге оркестрді елестету мүмкін емес?
Ж: Себебі, ол оркестрге ритм, ырғақ беріп дыбысталуға ерекше сән береді.
3. Домбыра мен қобыз аспаптарын неге түрлендірген?
Ж: Себебі, музыка үні жақсы шығуы үшін.
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды 1. Венн диаграммасын толықтыр.
Қазақтың көне аспаптары Ұқсастығы Еуропа халқының аспаптары





2. Тақырыптың басты идеясы неде? Екі халықтың аспаптарына ортақ қасиет: оркестр құрамында бар және ойнау тәсілдері ұқсас, олар – үрмелі, ұрмалы, шертпелі. Айырмашылығы: аспаптың жасалу жолдары мен атаулары , түрлері мен дыбысталуы. Жалғастыр:.................................................................................................................................

Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады) Оркестрдің орналасу тәртібін сызып көрсет. Дирижер деген кім?
Ж: Оркестрді басқаратын адамды дирижер дейміз.

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады ) Біліп ал!:
Оркестрдің түрлері: халық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, жезді үрмелі және ұрмалы аспаптардан тұратын әскери оркестр, ішекті-ыспалы аспаптар оркестрі, джаз оркестрі, эстрадалық оркестр, симфониялық оркестр, т.б.

Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады 1. Сен қалай ойлайсың, аспаптардың дыбыс бояуы неге байланысты өзгерді? 2. халық күйі «Ақсақ құлан» тыңдау. Күй мазмұнынан не түсіндің? Өз ойыңды жеткіз.
3. Қандай музыкалық аспаптардың дауысын естідің? Ж: домбыра
4. Гамма дыбыс қатарымен және қол белгілері арқылы жоғары-төмен дауыс жаттығуын жасаймыз: До_- ре – ми – фа –соль – ля – си – до
Н.Тлендиевтің «Біз – Отанның ұланымыз» әнін үйренеміз___________________________ ________________
___________________________________________________________________________
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.


Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Кестені толықтырып жаз
Оркестр құрамының тобы Ондағы аспаптар
Домбыра тобы Д-прима,д-альт,д-бас,д-контрабас
Қобыз тобы Қ-прима, қ-альт, қ-бас, қ-контрабас
Үрмелі аспаптар тобы Флейта, гобой, сыбызғы
Ұрмалы аспаптар тобы Литавра, барабан, үшбұрыш
Сырнай тобы баян
:

ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек). Сөзжұмбақты дұрыс тапқанда «ОРКЕСТР» сөзі шығады.

1.

2.
3.
3.
4.

5.

6.


7.

1. Ысқышпен ойналатын қазақтың ұлттық музыкалық аспабы
2. Шертіп ойналатын қазақтың ұлттық музыкалық аспабы
3. Ысқышпен ойналатын Еуропа халықтарының музыкалық аспабы
4. Орыс халқының үрмелі аспабы
5. Қазақ халқының қурайдан жасалған үрмелі аспабы
6. Орыс халқының ұрмалы аспабы
7. Қазақ халқының ұрмалы аспабы
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сен қалай ойлайсың?
Теледидардан «Құрманғазы» атындағы халық аспаптар оркестрінің концертін көргендерің бар ма? Ойынды жалғастыр: ___________________
____________________________________________________________________________
Өзің ұнатқан музыкалық аспаптың суретін салып кел
Әннің сөзін жатта._________________________________________
____________________________________________________________________________



№ 93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектептің музыка пән мұғалімі:
Сардарбекова Гулнар Кыдырбаевна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.