Меню
Назад » » »
Орман-тоғайда, суда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері.
загрузка...

загрузка...
Аманшеева Бибажар Тамабайқызы

Ақтөбе қаласы,
№36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Орман-тоғайда, суда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері.
Мақсаты: Табиғаттағы өзін-өзі ұстау тәртібімен таныстыру, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауды үйрету. Табиғат ерекшеліктеріне қызығушылық ояту, бақылау, қорытындылау әдістерін меңгерту, өмір қауіпсіздігі ережелерін бекітіп, табиғаттың адаммен байланысы арқылы, өзін-өзі қорғай білу, кез-келген жағдаяттардан уақтылы шешім табу арқылы шыға білуге үйрету. Табиғатты аялап сүюге, қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер: Қайырлы күн, достым
Қайырлы күн болсын,
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Біздің балабақшамыз
Жақсылық пен қуанышқа толсын!
Балалар бір-біріне сәттілік тілейді.
Тәрбиеші: -Балалар, бізге үрейлі жеделхат келіпті, онда былай деп жазылған: «Балабақшаның төңірегінде өзен-көлдердің тыныштығын бұзушы - Сулайлағыш, құстардың ұясын бұзатын Ұябұзғыш , орманның тыныштығын бұзатын – Ысқырғыш деген сотқар балалар пайда болыпты.
Бұл хабарды естіп, балалар табиғатқа көмек көрсету үшін бұзақыларды іздеуге аттанады. Сотқар балаларды тауып алып келеді.
Сотқарлар өздерін таныстырады.
Сулайлағыш: Мен Сулайлағышпын, айналадағы суларды лайлаймын, қоқыстарды тастаймын.
Ұябұзғыш: Мен, Ұябұзғышпын. Мен ұяларды бұзамын, құстарды атамын, міне менде мынадай ашатаяқ бар. Оны мен өзім жасап алдым.Құстарды атып, дәл тигізуді үйреніп жүрмін.
Ысқырғыш: Ал, мен ысқырғанды ұнатамын, тыныштықты бұзғанды ұнатамын. Міне мен былай ысқырамын -деп ысқырмақ болғанда оның мойнындағы ысқырықты алып, былай ескерту:
«Өздеріңді дұрыс ұстаңдар, біздің балалар табиғатта өздерін қалай ұстау керектігін сендерге түсіндіреді»
Табиғат көрінісі бейнеленген суретті көрсетіп, әңгімелеу.
-Суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: -Гүлдер өсіп тұр, көбелектер ұшып жүр.
Тәрбиеші: Суретте табиғаттың бір көрінісі бейнеленген. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Сондықтан да оны қорғау керек. Оның тыныштығын бұзуға бола ма?
Балалар: -Жоқ, болмайды.
Тәрбиеші: Сонымен қатар түрлі қауіпті жағдайлар болады. Сондықтан да қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру керек. Ал сендер табиғат тыныштығын бұзып жүрсіңдер. Осыларың дұрыс па? Балалар ал сендер қалай ойлайсыңдар?
Балалар: -Жоқ дұрыс емес, табиғатты бүлдіруге болмайды.
Тәрбиеші: -Мына бұзақыларға өздерің табиғат туралы білетіндеріңді айтып, түсіндіріңдерші? Табиғат дегеніміз не?
Балалар: -Бізді қоршаған орта, орман-тоғай, өзен-көл, тау, тас, құм,т.б. Біз гүлдерді жұлып, көбелектерді аулап, жүгірмейміз. Өйткені бұдан қорғансыз тіршілік иелері зардап шегеді, табиғат әсемділігін жоғалтады.
Тәрбиеші: -Түсіндіңдер ме?
Үшеуі: Иә, түсіндік. Біз білген жоқпыз ғой?
Тәрбиеші: -Ал, мына Ұябұшғыштың істері дұрыс па? Оған не айтасыңдар?
Балалар: - Орман, табиғат - бұл көптеген аңдар мен құстардың мекені. Ал олардың мекенінде шулауға болмайды. Қазір құстар балапан басып жатыр. Көптеген аңдардың кішкентай балалары бар. Оларды үркітуге болмайды.
Тәрбиеші: -Ұябұзғыш, сен балалардың айтқандарын тыңда. Ұя бұзып, мерген болғанша, спортпен айналасып, допты торға дәл түсіруді үйрен.
Балалар: Құстар біздің досымыз. Олардың ұясындағы кішкентай балапандар өсіп ертең өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.
Тәрбиеші: -Балалар, ол табиғатқа тағы қандай зиян келтірді?
Балалар: Ашатаяқ жасау үшін, ағашты сындырды.
Ұябұзғыш: -Балалар мен оның зиян екенін білген жоқпын, кешіріңдер мені, енді олай істемеймін.
Тәрбиеші: Олай болса балалармен бірге ойын ойнайық:
Қимылды ойын: «Жапалақ»
Тыныштық сәті. –Балалар, бір сәтке көздеріңді жұмып, табтғат аясында демалып жатқандай кейіпке еніңдер.(үнтаспа қосу)
-Орманда, көгалда, өзен, көл жағасында біз өзімізді сабырлы қалыпта ұстаймыз. Табиғаттты бақылап, фотоға түсіріп, сурет саламыз. Біз осылай табиғатқа зиян келтірмей, оның көп құпиясын білеміз!
-Жадыңа түй, аяла
Тіршілік көзі - Жер ана!
Бұлақ көрсең көзін аш,
Жаман істен аулақ қаш.
Тәрбиеші: -Балалар; сендерді табиғат аясында қандай қауіп-қатер күтуі мүмкін? –Суға шомылғанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Балалар: -Суға шомылғанда жағадан ұзамау керек. Суға батырмай ұстап тұратын құтқарғыш кеудеше кию керек.
Суда абай болып жүру керек. Кей жерлерде шыны сынықтары болуы мүмкін, ол аяғымызға кесіп кетуі мүмкін.
Тәрбиеші: -Балалар, мына сулайлағышқа не істейміз? Өзен-көлдерге шыны сынығын; қалбырларды лақтыратын осы.
Балалар: Сенің лақтырған шыныларың мен қалбырларың суға шомылған қаншама баланың аяғын кесіп кетті.
Тәрбиеші: -Жоқ, біз оларды бұлай жібере алмаймыз.Қане қолдарыңдағы заттарды шелекке тастаңдар.
-Енді оларды қалай жазалаймыз?
Балалар: Қараңғы бөлмеге қамап қою керек т.б.
Үшеуі: Бізді кешіріңдерші, енді олай жасамаймыз. Өтінеміз!
Тәрбиеші: Балалар, олар қателіктерін мойындап тұр ғой, ондай қатал болмайық. Одан да оларды табиғатта өзін дұрыс ұстауды, қауіпсіздік ережелерін сақтануды үйретейік.
Өсімдіктерден қандай зиян болу мүмкін?
Балалар: -Кейбір өсімдіктер улы болады. Ол өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайды. Сондықтан да кез-келген өсімдіктерді ұстауға болмайды.
-Жыландар адамға бірінші болып шабуыл жасамайды.Оның тыныштығын бұзса ғана, ол өзін қорғау үшін шағып алуы мүмкін.
Балалар: -Қалың ағаш, шөп арасында байқап жүру керек. Үлкендерсіз ондай жерлерге бармаған жөн.
Тәрбиеші: -Жәндіктер де қауіп төндіруі мүмкін. Жәндіктерді қолмен ұстауға болмайды. Біріншіден шағып алуы мүмкін, екіншіден, оның кішкентай, әлсіз денесіне зиян келтіресің.
Тәрбиеші: -Күннен қандай қауіп күтуге болады?
Балалар: -Күн астында ұзақ уақыт жүруге болмайды. Басыңнан күн өтіп кетуі мүмкін.

Сергіту сәті.
Қане, қызық ойындар
Қатарласа қойыңдар
Отырыңдар, тұрыңдар,
Маған мойын бұрыңдар,
Қолымызды , жазайық,
Құстай қанат қағайық,
Аяқты бір басыңдар,
Қане, тағы, тағы да.
Қол соғайық жабыла
Кане, тағы, тағы да.
Тәрбиеші: Ал, енді сендер не дейсіңдер?
Үшеуі: «Көп рақмет, балалар! Сендер кішкентай болсаңдар да көп нәрсе біледі екенсіңдер. Сендерден талай нәрсе үйрендік. Енді ондай бұзақылық жасамаймыз. Сендермен дос боламыз» - дейді.
-Балалар, олай болса, бәріміз бірігіп, «Достық» әнін шырқайық. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Орман-тоғайда, суда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 735 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar