Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың мәдениеті мен әдебиеті -

Орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың мәдениеті мен әдебиеті

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2418 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың мәдениеті мен әдебиеті

Мерзімі 03.02.2014 Сынып 10 «В»

Сабақтың мақсаты Орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың әдебиеті мен мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту

Күтілетін нәтижелер Орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың әдебиеті мен мәдениеті туралы түсінік қалыптасады.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды

Сабақтың түрі Жаңа сабақты өз бетінше меңгерту

Сабақтың типі Кіріктірілген сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс -тәсілдер мен
ойын –жаттығулар
Блум таксономиясы,топтастыру, ой қозғау, бағалау әдістері, сұрақ қою әдістері

Сабақта іске асатын модульдер Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытудың жаңа
әдіс -тәсілдері, АКТ-ні тиімді пайдалану,
оқытудағы көшбасшылық және басқару

Сабақтың көрнектілігі Тақырыпқа қатысты слайдтар,интерактивті тақта, кеспе қағаздар, топтық жұмысқа қатысты үлестірме материалдар, флипчарт, маркерлер мен стикерлер

Дерек көздер Слайд арқылы берілген материалдар, мектеп оқулығы, бейнеролик.

Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Сәлемдесу. Шаттық шеңберін құру. Сәлемдесу. Шаттық шеңберін құрады.
Психологиялық байланыс 2 минут Жалпы мәдениет дегенде не түсінесіз?
Рухани мәдениет дегеніміз не?
Материалдық мәдениет дегеніміз не? Сұрақтарға жауап іздейді.
Бағалау өлшемдерімен таныстыру кезеңі 1 минут Бағалау критерийлерімен таныстырады Бағалау критерийлерімен танысады
Білу сатысы «Топтастыру» кезеңінде: 2 минут Конфеттер арқылы топтарға бөледі Конфеттер арқылы топтарға бөлінеді
«Сіз білесіз бе?»
Қосымша деректер:
(дәптермен жұмыс) 3 минут Эссе жазуға тапсырма береді Эссе жазады
Түсіну сатысы

«Мағынаны тану кезеңінде» 12-13 минут Жаңа ақпаратпен танысу кезеңі
Мәтінмен жұмыс.
Әр топқа мәтін таратылады.
Бағалау критерийімен таныстыру.
6 балл- өзіңіздің және топ мүшесінің мәтінін түсіндіре аласыз.
5 балл- өз мәтініңізді түсіндіре аласыз.
4 балл- мәтінді түсіндіңіз, бірақ түсіндіре алмайсыз.
3 балл- сіз мәтінмен таныстыңыз, бірақ түсінбедіңіз.
2 балл- сіз мәтінмен толық таныспадыңыз .
1 балл-сіз мәтінді оқымадыңыз.
Мәтінмен жұмыс.
Жаңа мәліметтермен танысады.
Топпен мәтінді талқылайды.
Өзін –өзі бағалайды.
Қызығушылықты ояту: 3 минут Ғұламалар жайлы бейнеролик көрсету. Орта ғасырда өмір сүрген қандай ғұламаларды білесіз? Оқушылар ойланады, жауап іздейді.
Сергіту сәті: 3 минут Бейнеролик көрсетеді Бейнероликтегі қимылдарды қайталайды
Талдау сатысы
«Көрмеге саяхат» ойынында 5 минут Флипчарт таратады.
«Кластер» стратегиясы бойынша тапсырма береді.
«RAFF» әдісі бойынша тапсырма береді.
«Менің актерлік шеберлігім...»
(сахналық көрініс көрсету, ой бөлісу)
«Кластер» стратегиясы арқылы жұмыс жасайды.
«RAFF» әдісі бойынша тапсырманы орындайды.
«Менің актерлік шеберлігім...»
Көрініс ұйымдастырады.
Ж.Баласағұни
Қ.А.Йасауи тұлғаларының кейпіне еніп, көрініс көрсетеді.
Топпен жұмыс жасайды.

Қолдану сатысы – Деңгейлік тапсырмамен жұмыс барысында: 3 минут Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей:
1.Әбу Насыр әл -Фараби дүниеге келген қала?

2.Ж.Баласағұни дүниеге келген қала?

3.М.Қашқаридің шын аты?

4.А.Иүгнекидің шын аты?

5.Қ.А.Йасауидің дүниеге келген қаласы?
2-деңгей:

1. Ж.Баласағұнидың атақты еңбегі?

2. А.Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі?

3. Қ.А.Йасауидің әкесі, атақты ғұлама ғалым?

4. Қ.А.Йасауиден қалған ұлы мұра?

5.Мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған ғимараттар?

3-деңгей:
1. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазған?

2. Өз еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл-ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым?

3. Махмұт Қашқаридың еңбегі қалай аталады?

4. Жүсіп Баласағұни
«Құтадғу білік» еңбегін
Баласағұнда бастап, қай қалада аяқтаған?

5. Қожа Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкіртінің бірі,ғұлама ақын,ел ішінде Хакім ата аталған?
Жауабы:
1-деңгей:
1.Отырар

2.Баласағұн

3.Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед

4.Ә.А.Махмұдұлы

5.Сайрам

2-деңгей:

1.Құтадғу білік

2.Ақиқат сыйы

3.Ибраһим

4.Даналық сөздер

5.Мешіт-медреселер

3-деңгей:

1.Араб тілінде

2.Әл-Фараби

3.«Диуани лұғат ат-түрік»

4.Қашқарда аяқтаған

5.Сүлеймен Бақырғани

Жинақтау, бағалау сатысы – «Фила» кестесі арқылы проблемалық сұрақты шешу кезеңі: 5 минут Фила кестесін таратады.
«Бес саусақ» әдісі бойынша тапсырма береді.
Ереже бойынша, бұл процедура қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен, сезімдерімен бөлісуге, өздерінің ниеттерін айтуға есептелінген.

Сабақтың жұмыс картасынан алған бағаларыңызды бағаға айналдарыңыздар. Қорытындыдағы деңгейлік тапсырмалар бойынша алған балдарыңызды қосып, екіге бөліңіздер. Балалар, бұл сіздердің бүгінгі сабақтағы алған бағаларыңыз.
Сіздер өте жақсы жұмыс жүргіздіңіздер, сабаққа өз ұсыныстарыңызды білдірулеріңіз үшін сауалнамаға жауап берулеріңізді сұранамыз Топпен жұмыс жасайды.
«Бес саусақ» әдісі бойынша тапсырманы орындайды.
Сабаққа қатысушы оқушылар жаңалықтың қандайын біледі, оларға қайсысы қызық, пайдалы, олар қандай жаттығулар орындады, естеріне түсіруді өтіну,сұрауы мүмкін, сөйте отырып өткен материалдарды нығайтады.

Бағалау кезеңі 2 минут Мадақтау арқылы бағалау Өзін-өзі бағалау
Өзара бағалау

Үйге тапсырма: 1 минут Конструкциялау кестесі арқылы тапсырма береді
Күнделікке жазып алады.

№52 жалпы орта мектеп

Кіріктірілген сабақ

Тақырыбы: Орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың мәдениеті мен әдебиеті

Пән мұғалімдер: Буранова Рахима
Кенжебекова Зарифа




Шымкент қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.