Меню
Назад » » »
Қос сөздер.
загрузка...

загрузка...
Аргинова Жанар Нурлыбекқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Ораз Жандосов атындағы
орта мектебі МДШО КММ
Алматы облысы,Райымбек ауданы,
Нарынқол селосы.

Қазақ тілі сабағы
Тақырыбы:Қос сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қос сөз сөйлем ішінде бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалып,жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру.
Дамытушылық:сөйлем ішінен қос сөздерді таба білу,оның мағынасын ажырата алу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:ұқыптылыққа,сауатылыққа,тазалыққа тәрбиелей отырып,ұжыммен жұмыс жасауға жетелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрнекілік,іздену,салыстыру.
Сабақтың көрнекіліктері:тірек-сызба.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сабаққа даярлық,түгендеу
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Қайырлы күн достым
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгін алар бағамыз,
Тек бестіктер болсын!
-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Өзімізге сенеміз
Білім қуып келеміз
Білімді бала болам деп,
Сіздерге уәде береміз

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Жаттығуды тексеру,оқыту
2.Күрделі сөз деген не?
3.Күрделі сөз нешеге бөлінеді?
4.Біріккен сөз дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ.
1.ойын «Сыңарын тап!»
Жылт-жылт
бүгін-ертең
биік-биік т.б
2.Қос сөздің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту мақсатында мысалдарды салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы:Бет-аузын екі білегімен кезек-кезек сүртті.
Демек,екі сөз қосарланып келгенде,олар жеке айтылуына қарағанда кең ұғым білдіреді.
3.Сол сияқты кезек-кезек,гүрс-гүрс деп қосарланып айтылғанда көптік ұғыммен салыстыра отырып,қимылдың әлденеше рет қайталанғанын білдіреді.
4.Сөздің алдына күшейткіш буын қосу арқылы да қос сөздер жасалады.Мысалы:қап-қара,тап-тар,түп-түзу.
Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөз деп атаймыз.Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады.

Дәптермен жұмыс.
Күннің ретін жазу.
2-жаттығу. Қосарланып жасалған күрделі сөздердің құрамындағы түбір сөздердің жеке тұрғандағы мағынасы мен жаңа сөз жасалғаннан кейінгі мағыналарын оқушылар салыстыра отырып түсіндіреді.Олардың қалай жасалғанына,арасына қойылған дефиске назарын аудару.
Мысалы:Қазы-қарта,жал-жая қазанда бұрқ-бұрқ қайнады.
Ауызша:
3-жаттығу.Суретке қарап,заттардың атауларын қос сөзбен айту.
Мысалы: ыдыс-аяқ,газет-журнал,құрал-сайман.

Сергіту сәті.
4-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа жазу.
Қос сөздерді тауып,астын сызу.

Жұмбақтар сайысы.

1.Қабат-қабат киінген
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп едім өзінен
Жас шығарды көзімнен. (Пияз)

2.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)

3.Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

5-жаттығу.Қос сөздерді тауып,тыныс белгісін
қойып,көшіріп жазу.

ІV.Сабақты қорыту.
V.Бекіту.
VІ.Рефлексия:
-Балалар,бүгін біз не үйрендік?
-Сабақ сендерге ұнады ма?
-Несімен ұнады?
«INSERT» стратегиясын пайдаланамыз.
«v»
білемін «-»
ойым бөлек «+»
жаңа ақпарат «?»
білгім келеді


VІІ.Үйге тапсырма:5-жаттығу,107 бет.
VІІІ.Оқушыларды бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қос сөздер. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 237 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar