Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қош  бол, бастауыш!» -

«Қош бол, бастауыш!»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1271 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: «Қош бол, бастауыш!»
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбында, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен шарлар және тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып ,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол бастауыш!» атты мерекелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер!
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қадірменді ата - аналар,ұлағатты ұстаздар, әдемі оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз , бастауышта оқып,білім алып ,қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенінкөрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Үш жүргізуші үш тілде жүргізіп шығады
1.Шыңғыс:Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді ағалар мен әпкелер.
Айгерім
2. Здраствитедорогие наше любители, учителя, ученики, родителей.

Мерей: 3. (Гудмони жие, тиче, паренц, енд с кулбойз енд гиоз)
Шыңғыс : Өсті міне ойымыз ,
Өсті міне бойымыз .
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Құтты болсын қалайық.
Айгерім: Спраздником дорогие гости.
Мерей: Хепи холоди
Шыңғыс:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 - сыныптарды ортамызға!
Таныстыру
Шыңғыс: Өжет те бір беткей, сыныбымыздың ғажайып суретшісі Бексұлтан
Айгерім: Тілі өткірде ақылды қызымыз Дана
Мерей:Сыныптың алғыр математигі Төребек
Шыңғыс: Салмақты да сабырлы сұлуымыз Альбинаны
Мерей:Сыныбымыздың ерке , ақылгөй қызы Әсемай Ержанқызы
Айгерім: Қыздарымыздың дарасы , данасы , ақылгөй қызымыз Ардақ
Шыңғыс : Бұлбұл да биші қыздарыңыз Назерке
Мерей:Шекіспей беріспейтін нағыз ер жігітіміз Нұрдәулет
Айгерім: Нәзік те сүйкімді қызымыз Фатима
Шыңғыс: Салмақты да ұстамды топ басшымыз Мерей
Мерей: Бәрімізге де қамқоршы қызымыз Айгерім
Шыңғыс: Әділдіктен қалмаған, әділ шешім қабылдаған Асылбек
Айгерім: Сабырлы да салмақты жігітіміз Бақдәулет
Мерей:Ішкі сырын көпке жая бермейтін ұяң қызымыз Құралай
Шыңғыс: Еркелігі өзіне жарасқан Сандуғаш
Айгерім: Жарқын да ақ көңіл жігітіміз Бегзат
Мерей:Айналаға ақылды көзбен қарап, керіле жүретін, кермаралдай қызымыз Мариям
Шыңғыс: Ашуды ақылға жеңдірсем дейтін ақылды қызымыз Гүлзат
Айгерім: Әсемдікті жаны ұнататын Аружан
Мерей:: Бойлы да ойлы жігітіміз Ернұр
Шыңғыс:Егіз қозыдай бірге жүретін, аты аталса, бірге тұратын қос Сымбатты ортаға шақырамыз
Айгерім: Сегіз қырлы, бір сырлы спортшы жігітіміз Шыңғыс
Шыңғыс: Ақылына ,біліміне көркі сай жарыстардың жеңімпазы Дина
Мерей:Ерке де, сезімтал қызымыз Айгерім

Мұғалім:Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталадыБылдырлап бір сөйлеген, балалық шақтарың көз алдымнан кетпейді.
Өйткені биік асуға жеткенде, аялы алақанымнан ұшып бара жатырсыңдар
Міне өмірде өшпес із қалдырған бастауыш сыныппен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отырсыңдар. Ендеше білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз орындарыңды табуға жол сілтеген ұстаздарыңа, ата- аналарыңа өз өнерлеріңді ортаға салыңдар.
Шыңғыс:
- «Сәлем – сөздің анасы» - демекші, армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер
қадірменді қонақтар, біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппемізді ұсынған ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз!
Айгерім:
- Сонымен, « Қош бол бастауыш» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мерей:Алдымен біздің қызықты да қылықты балалық шақтарымызды , 4жыл бойғы өткізген қызықты күндерімізді көру үшін экранға назар аударыңыздар !
Слайдттан көрсетіледі.
Мерей:Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті арттың маған.
Айгерім:
Ия мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырын тыңдайық!
Айгерім:
Мектебім білім берер алтын ұям
Ел сүйген көне сөзі артты данам.
Баулыған төрт жыл бойы ата анамдай
Ән тұнған қасиетті атын қойған.
Альбина.
Арада өтсе дағы талай жылдар,
Әр түрлі балалықта өтті ғой бұл.
Өзіңе борыштармыз өмір бойы,
Ізденген шәкірттердің ізеті деп біл.
Әсемай
Ұлылықты ардақ тұтқан үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан өзіңнен
Мектебім алтын ұям деп менің.
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Дана
«Мектеп – білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата - ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Шыңғыс :
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр – алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Мерей: Дұрыс айтасың Шыңғыс ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді міне менде мектептен тәлім алудамын. Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап әнін шырқайық!
Айгерім: Олай болса «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
Мерей:Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытып, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатып жатқан мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған жырларын айтпас бұрын не айтар едің Шыңғыстай?
Шыңғыс: Әр шәкіртті өз баласынан кем көрмей , оқуға ,жазуға үйреткен мұғалім мектептің жүрегі деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған .
Айгерім: Дұрыс айтасын Шыңғыстай Ғылым іздеген ғалымда , елін қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , иілтіп темір қайырған құрысшы да бәрі бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Мерей:Ия, бұл туралы Бауыржан атамыз Болашақтың басшысын да , данасын да,ғалымын да, еңбекқор егіншісінде , ұстаз өсіреді деген. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Оқушылардыңшығармашылығынан:
Жаттауларүш тілде айтылады
Ерлан ағайға
1.Фатима
2. Назерке
3. Мерей
Гүлшат апайға
1.Құралай
2.Бекзат
3. Гүлзат
Орыс тілі әр кезде керек екен
Гүлшат апайдың көңілі өте көркем
Ашық жарқын көңілі қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен
Жанар апайға
1.Нұрдәулет
2.Дана
3. Төребек
Салтанат апайға
1.Ернұр
2.Сандуғаш
3.Мариям
Нұрболат ағайға
1. Бексұтан
2. Шыңғыс
3. Әсемай
Қыздығой апайға:Айгерім: Дина ағылшынша
Байсалды мінезіңмен бір қалыпты
Менің де көкейімде із қалыпты
Қыздығой апай неткен мықты төзімдісіз
Шәкіртім білім алсын білсін дейсіз.
Тұрдыбай Айгерім жаттау айтады.
Көтеріп жүктің салмағын ........
Айгерім: Ұстаздарымызға арнаған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!
Жеке орындауда әнші қызымыз Оңғарбай Назерке
Мерей:
Иә, ғұлама білгіш, ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан,
Аса ірі ойшылдан,
Президент, ақыннан,
Ғарышкер ұлы батырдан,
Өнері тасқан актёрден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас - кәріден,
Оқушының бәрінен
Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»
Айгерім:
Осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне
аттаған едік .
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?
Ұстаз - ана жасады мына бізден
Ел танитын, азамат боп, бір - бір мықты7
Шыңғыс: Ендешебастауышсыныбымызтуралы неге айтпасқа?
Гүлзат екеуі бірге шығады
Жасқанып тұрып тақтада
Әріптерің,әліппеден сыр ашқан да
Мұғалім сабақ айтып, жатқан кезде
Қайталап атымызды жазған кезде.
Асылбек
Әр үйдің ерке өскен өнегелі
Ақылға тиеп алып, келіп жетсе,
Бойымыз бірте бірте үйреністі,
Мектептің, ережесін түйіп есте.
Аружан үшеуі бірге шығады
Балалықпен бұзық болсақ кешірімді сұраймыз
Терең білім алуға біз шыңдаймыз,
Әке менен анамызды сыйлаймыз
Жүректі жарған арманға біз жетеміз.
Ардақ,
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
МерейӨтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
ХорменБастауышпен қош айтысып қаламыз,
Орта буын оқушысы боламыз.
Бір сыныптың ұлы менен қызындай ,
Біз өмірде қамқор болып жүреміз.
Бірімізге біріміз.
Шыңғыс:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған, біздің ата-анамыз . Көйлегіміздің көк, тамағымыздың тоқ болып жүруі осы кісілердің арқысы емес пе?
Айгерім:
Дұрыс айтасың Шыңғыс,
Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешеңді сыйлаудан басталады.
Дина:
Бала ата - ана ісінен, көпті үйреніп қана қоймай,
Олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата - ананың да еңбегі мол.
Ардақәке туралы жаттау айтады.
Сандуғаш :
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!
Мариям:
Ыстық ау бұл өмірде әке деген
Суыққа салындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп мәпелеген.
Мерей:
Халқымызда мынадай нақыл сөз бар , Анаңды 3 рет меккеге арқалап апарсаңда , борышыңды өтей алмайсың деген.Алайда, ата-анаңның ақ сүтін ақтаймын десең,білім алда еліңе қызмет ет..
Шыңғыс:
Ия, дұрыс айтасың Дана ата ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Шыңғыс: Бізді дүниеге әкелген кім? Хор: Ол қасиетті анашым
Мерей:Ақ сүтін беріп өсірген- Ол қасиетті анашым!
Айгерім: Бұзық болсаң кешірген - Ол қасиетті анашым!
Шыңғыс: Мәпелеген баласын- Аман болшы анашым! Созып айтады.

Айгерім
Сәлеметсіңдерме достарым!
Шешендік сөз адамның ой тапқырлығымен шапшаңдығын талап етеді.
Қазақ халқы
Сөз атасы-құлақ ,
Су атасы -бұлақ.
Жол атасы- тұяқ деп бекер айтпаған .
Балаби қартайған шағында мынадай сұрақ қойыпты.
Жерден ауыр не
Судан терең деген не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не деп сұрапты. Осы сұраққа қане сендер жауап бересіңдер ме?
Олай болса дұрыс жауабын тыңдаңдар
Жерден ауыр дегені Ақыл, білім дегені
Судан терең дегені оқу, ғылым дегені
Оттан ыстық дегені Фани жалған адамның өмірі
Көктен биік дегені тәкәппардың көңілі деген екен.
Олай болса соңғырет ұстазымыздың білім нәрімен сусындап алайық.
Мұғалім топқа бөледі
Слайдтта сұрақ –жауап
Айгерім: Осымен концертіміздің бірінші бөлімі аяқталды.
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билейік, ән де бүгін шырқалар! Келесі кезекте ;
Ән: Аяулы мектебім.
Орындайтын: Оңғарбай Назерке
Мерей:Келесі тыңдайтын әндеріңіз: «Терезенің жақтауында» Орындайтындар:
Бектай Дана мен Қауымбек Фатима
Шыңғыс:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте

«Қазақ биі Қыз Жібек » биін қабыл алыңыздар!
Дина:Көрініс: «Сәби бақыты» шығармасынан үзінді

Айгерім: Келесі кезекте Әзілқой жігіттерімізді ортаға шақырамыз
Дина: Мың бұрала билеген ,
Аруды кім сүймеген, Аққудайын қалықтап, Украйн биін билеген
Дина: Биде билеп, әнде бүгін шырқалар дей отырып, қоштасу әнін қабыл алыңыздар.
Орындайтындар: Ибадила Гүлзат , Ниязбек Құралай.
Шыңғыс:
Құрметті қонақтар, қадірменді ата-аналар, ұлағатты ұстаздар бүгінгі «Қош бол бастауыш» атты мерекелік кешіміз аяқталды . Әрине сіздермен қоштасқымыз келмейді. Алайда, уақытқа бағынамыз. Назар қойып тыңдап, көргендеріңізге рахмет.
Айгерім:
Мерей: Гудбай мой френз, ауа пате из ове гудак фо ю о мен , шен.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.