Меню
Назад » » »
Қош бол, даярлық
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Қош бол, даярлық
Сабақтың мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбы балалардың жыл бойы алған білімдерін нәтижесін көрсетіп ортаға салу. Балалардың сөздік қорын тілін, ой өрісін кеңейту, бауырмалдылыққа,ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер
Сабақтың барысы
Тәрбиеші: Қадірлі қонақтар, қымбатты ұстаздар, ардақты ата-аналар, сүйікті бүлдіршіндер! Бүгін сіздер мектепалды даярлық сыныбындағы «Қош бол, даярлық» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім-тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, 1-сыныпқа қадам басқалы отыр. Сендерге зор денсаулық, талмас талап, мол бақыт тілей отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз.Ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырайық.Осы ертеңгілікке арналған тақпақтарын тыңдайық.
1-тәрбиеленуші: Мектеп- қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін.
Біріншіге барамыз.
2- тәрбиеленуші: Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді.
Даярлығым қош енді
3-тәрбиеленуші: Қадірлі мектеп- бұл мектеп,
Оқыған ата анамыз.
Атыңды сенің құрметтеп,
Әрқашан еске аламыз.
4- тәрбиеленуші : Өсті міне бойымыз,
Өсті ақыл ойымыз.
Жиналған бүгін бар қауым
Қтты болсын тойымыз.
5- тәрбиеленуші: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлықпен
Мектепке барамыз.
1- Кезең. «Менің отаным-Қазақстан»
Тәрбиеші: Қазақстан –тәуклсіз мемлекет, желбіреген көк байрағы, айбынды Елтаңбасы, асқақтаған әнұраны бар.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
1- тәрбиеленуші: Отан ортақ үйіміз
Көңілді әнмен күйіміз.
Отан ана, отан- үлкен
Қазақстан туған ел.

2- тәрбиеленуші Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Нұрын күндей төгіп тұр.
Жылдарымыз жайдарлы

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сендермен бірге «Даярлық»атты кемеге, отырып «Біліматты» теңізге саяхатқа шығамыз. Сапарымыз мәнді болуы үшін. Біз жыл бойы үйренген біліміздеріміз қажет болады.Жолға шықпас бұрын бір бірімізге жылы сөздер айтайық.
Математика аралы
Ойын «Көгершін тап»,Санның құрамын табу.
а) 0-ден 20-ға дейін тура санау.
ә) 20-дан 0-ге дейін кері санау. «Тез есепте» ойыны.Ауызша.
Сауат ашу аралы.Балалар сауат ашу аралында нелер тұрады?
Машина, бала,шана сөздерін буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату.Дыбыстарға байланысты тақпақтарын айту.
Ойын: «Есіңе түсір, жылдам айт».
1. 1- жылда неше ай бар?
2. 1- аптада неше күн бар?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Бір жылда неше мезгіл бар?
6. Қазір жылдың қай мезгілі?

Ән: «Ертегі елі»
Би: «Қара жорға»
Би: «Орыс биі»
Би: «Өзбек биі»
Би: «Үнді биі»

Тәрбиеші: Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Міне, бүгін, кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы қатарында. Сіздердің сенімдеріңізден шығатын, тәуелсіз еліміздің саналыда білімді азаматтары болады деп сенім білдіремін. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қош бол, даярлық можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 215 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar