Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қош бол, менің адал махаббатым! -

Қош бол, менің адал махаббатым!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1438 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Қазығұрт ауданы Жаңабазар елді мекені   Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Апешова Қалипа Жақсылыққызы

Қош бол, менің адал махаббатым!

      Соңғы қоңырауғада санаулы күндер қалды. Өткен балалық шағын ойлан кетті. Бәрі –бәрі есінде.

Айсәулеге алғаш ғашық болғаны. Ол кезде бесінші  сыныптың қыркүйек айы болатын. Апайы Айсәулені әкеліп таныстырды.

   Балалар сендерге жаңадан оқушы келді, аты Айсәуле сендердің құрбыларың. Қаладан келді. Азамат сенің жаныңа отырады,сенің жаныңдағы орын босқой. Содан бері алты жыл бірге отырса да Айсәулеге деген ғашықтық сезімін білдіре алмады.Күнде сол үшін сабаққа баратындай, сабақты да сол үшін оқып баратын.

     Балам-ау тұр сабағыңа кешігесің, шайыңды дайындай берейін,- деген сөзі Азаматтың ойын бұзып жіберді. Орынан тұрып сыртқа шығып бара жатып әкесінің орнында жоқ екенін және көрді.

-Апа! Әкем және үйге қонбаған ба?! Ызаланған Азамат Жұдырықтап есікті бір-ақ ұрды да сыртқа шықты.Беті- қолын жуып дастарханға жайғасты.Анасы түннен қалған көжені жылытып Азаматтың алдына қоя беріп,-әкең арағын қоймады-ау,Енді үйге қонбайтынды шығарды. Айта-айта сөзім де таусылды.Намыссыз, ең болмағанда сені ойламайды ма?! Аз күнде мектеп бітіресің.Сол жақсы болса сен осылай жүрер ме едің? Жаз болса соның орнына ауылдың қойын бағып, қыс болса Нұрлыбай атаның қорасын тазалап ,көзіне жаскеліп булығып,көзден аққан жасты етегіне сүртіп алды.Ауылың ақсақаладары үйге келіп кетті.

    -Неге?,- деді  Азамат.

      -Сол әкеңді айтып, қойымызды дұрыстап бақсын, болмаса жөні дұрыс адам табайық деп кетті.

-  Уайымдама апа мен бағамын, мектеп бітті.

  -Олай деме соңғы қоңырауың бар, сабаың жақсы. Мұғалімдерің де  сені мақтап жатыр. Азамат өте қабілетті, оқысын, келешегі бар бала,-деп.

    -Апа  мен оқуға  кетсем сендердің күндерің не болмақ. Әкемнің жүрісі анау! Аружанның,Ақботаның күндері не болмақ .Мұрындары пысылдап ұйықтап жатқан қарындастарына мойын бұра қарап  қойды.

Асығыс қолымен бетін сипап бата берген болды да тез орнынан тұрып мектебіне қарай  жүріп келеді. Көшеде келе жатыр. Әкесінің қорлығы өтіп бара жатыр.Әйтеуір көшенің бір бұрышында аунап жатпағай. Сыныптастарын да көргісі келмеді.Абырой болғанда ешкімді де кездестірмеді. Мектепке келіп жетті. Бір бұрышта қыздар шүйіркелесіп тұр. Бір бұрышта жігіттер тұр. Бір шетінде әдеттегідей Айсауле мен Абылай. Махаббаттары  жараса қалғанын өздерінің, шіркін-ай десеңші,Айсәуленің қасында Абылай емес мен болсам шы Айсәуленің аппақ қодарынан бір қысып алсам...

    Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа кіріп жайғасып жатыр. Шуласып ертеңгі болатын «соңғы  қоңырауды «ойластырып жатыр,

   -Жігіттер барлығымыз бірдей ақ көйлек, костюм- шалбар киеміз. Қара  галстук болатын болсын. Қыздар да ақ бантигін айтып қалысар емес.

   25- мамыр көше  толы оқушы, қолдарында гүл шоқтары,мұнтаздай тап –таза.Азаматтың да қалғысы келіп тұрған жоқ.Құрбыларымен бірге барғысы келіп – аұқ тұр. Соңғы қоңырауға киіп баратын костюм – шалбар түгілі , дұрыстау киімнің де болмай тұрғаны.

Таңертенгі шайын ішті де, ыдысқа суық су құйып алды да, апа мені сұрағандарға жоқпын,мені ешкімге де айтушы бола.Мен әкемнің орнына ауылдың қойын бағамын, - деді де шығып кетті. Сорлы ананың ашынып,күйініп айтқан сөздерін естіген  де жоқ.Есітсе де тыңдап қайырылған Азамат жоқ. Тез – тез басып Нұрлыбай  атаның үйне келді де сырттағы қорасын тазалап , қойларын шығарып  бара жатқаны сол еді,Айсәуле үй жақтан шыға келді.Абырой болғанда жасырынып үлгерді.Бар сұлулықты саған ғана бергендей,мынау әлем сен үшін жаратылғандай.Сен күлсең бүкіл әлем нұрланғандай болады.

  • Ата! Мен соңғы қоңырауға кетіп барамын.Әуелі қыздардың үйіне барып солармен бірге шығамын, - деді де атасының бетінен бір сүйіп кетіп қалды.
  •  - Айналайын Айсәулешім, тіл – көзім тасқа,сен де бой жетіп қалыпсын.Ертең оқуға кетесің. Қалаға әкең мен шешеңе барасың.Саған әжең екеуміз әбден бауыр басып қалыппыз,- деп сыртынан сөйлеп қалды.
  •   Қойларын алдына салған Азамат  бар ойы Айсәуледе.Қойларына айқайлап сырын айтты.
  •    - Айсәулешім! Менің жүрегімнің түбіндегі асылым,аспандағы айым,өмірдегі жалғызым,таусылмайтын жырым!Сендер түсінесіңдер ме соны! Сендер махаббат дегенді білмейтін мақұлықсыңдар.
  •   - Мен не айтып тұрмын өзі, менің ғашық екенімді Айсәуле де Абылай да білмейді ғой. Осылайша кештің батқанын бір-ақ біліпті. Қойларын жинап ауылға тартты.Ауылға түсе берісте Абылайдың машинасы көрінді. Мынау Абылайдың машинасы ғой , соңғы қоңыраудан кейін қыдырған екен ғой.
  • Бұлда бір үйдің ерке тотайы.Айтқанын істетеді.Бетіне қараған жалғызы.Жақындап келеді.Құдайым – ау, ішінде отырған Айсәуле ғой.Көрмесе екен деген оймен тез – тез басып жүгіре жөнелді.Кинодағыдай құшақтары айқасып,қос ғашықтар қуаныштарында шек жоқ қой!
  •    -Азамат тоқта! «Соңғы қоңырауға» бармадың ғой, - деген дауысқа селт ете қалды да, артына қараған бойда тоқтап тұрды.
  •   Ей , қайтесің бұны  өзіне лайық жұмысты тауыпты.Папатайының баласы ғой,- аха,аха –маскүнемнің баласы дегенім ғой. Мүнкін костюм – шалбар да болмаған шығар.Айтсаң сен үшін біреуін табар едік ғой, - деп мысқылдады.Адырда ана қойлармен керемет «соңғы қоңырауды» өткізген боларсын, - деп әбден титығына тиді.

         Ей, Абылай сен сияқты екі аяқты мисыз,санасыз адамнан,әкесінің тапқанына масыл болған жаннан,кешке дейін өз шөбін өзі теріп жейтін ешкімге зияны жок төрт аяқты хайуан артық емес пе! – деді де Абылайдың жағасына жармасты.

    -Мынау жалаңаяқ қояр емес қой, - деп Абылай үлкен денесімен ,шоқпардай қолдарымен  Азаматты соққыға жықты.

   -Абылай,Азамат қойсаңдаршы, -деп Айсәуле жүгіріп келді.

- Кеттік Айсәуле мін машинаға,- деп Айсәулені қолынан тартып – тартып алып кетті. Үсті – басын қағып – сілкіп  жатып байқап қалды,қойын кітапшасы жоқ.Қап, жетпегені сл еді енді,масқара болам. Абылай бүкіл ауылға таратады.Менің ішкі сырым, барлық құпияларымды әшкерелейді ол.Айсәуле ше, ол оқыса не болғаным ? Мынаның дәмесін-ай, маскүнемнің баласы мені өзіне тең көргені ме? – демей ме?

 Солай оймен үйіне жетті.Әкесі үйіне оралыпты.Удай мас. Кезектегі жанжаал, анасын боқтап ұрып – соғып жатқанын көрген Азамат қаны басына шапты.

 Екі оқиға да Азаматқа қатты ашу , ыза келтірді.

  -әке ! Ішсең өз алдыңа жатпайысың ба?! Буларда нең бар қорқытып , анамның не кінәсі бар? Менің ше? / өз көкірегін бір соқты/. Сен үшін мен неге барлығына күлкі болуым керек! Сен үшін намыстанам! Сен үшін, осы жүрісңнен  ешбіреумен теңесе алмаймын, достарымен бірге ойнап – күле де алмаймын.

Маскүнемнің боласы дейді,сен соны білесің бе, әке!...

  • Еу шешең ... аузыңды жап, - деймін!

    -Жаппаймын!

   -Жабасың шешең!   

  - Жоқ , әке!

  - Мен сенің аузыңды мүлдем ашпайтындай етемін!

          -Қолыңнан келгенін жаса,әке!

Бірақ мен өлсем де қайтпаймын. Ыза кернеген Азамат бөлмесіне кіргені де сол еді әкесі арқасынан келген бойда пышақты сұғып алды.Азамат жерге құлады.

  -Әке , қолыңнан келгені осы болдыма?

  -Аузыңды жабасың ба шешең? Мә саған. – дей бергенде шеше сорлы сүріне – жығылып – ойбой баланың түбіне  жеттің бе?! – масқара , не деген сорлы едім, енді қайттім! Арман , Аружан ! Кім бар! – деп жан даусы шықты.

     Арадан екі ай өтті. Айсәуленің қолында Азаматтың қойын кітапшасы.

Азаматтың қабірінің басында. Әрбір сөзін оқығанда моншақтап жас ағады.

      -Азамат мені кешір , мен кеш білдім. Сен сүйгендей мені Абылай сүйе алмады. Мені тастап кетті. Сенің әр қимылың, алты жыл бойы бір партада қатар отырдық.Артық қылық,артық мінез танытпадың. Мен қалайша сезбедім , сенің адал махаббатыңды. Мен сені  ешқашан ұмытпаймын!...

Қош бол, менің адал махаббатым!

 *   *    *    *     *     *                                                       

Оянып кетсе  түсі екен . Қатты шошынды. Маған не болды деген оймен  қайта төсегіне барып жатты. Кітапшадағы жазылған сөздер мен өлеңдер ойына бірінен соң бірі  келе берді. Бүгіннен қалмай мен оған баруым керек деп шешім қабылдады.

Беті бері қарап өзі сыртқа шыға бастаған баласын көрген ананың жүрегі қуаныштан қар айырғалы тур. Алла көрсеткеніңе мың шүкір, мың тоба етем. Көретін күнің бар екен , -деп қуанып тұр. Әкесі де бұрынғыдай арақ ішуді мүлдем қойды. Қу арақтың кесірінен өз баламды өлтіре жаздадым, - деп айтып жүр.

     Түскі шайымыздың уақыты болыпты, келіңдер , - деген ана сыртқа шықса есіктің алдында Айсәуле тур.

  • Кел үйге кір қызым, - деп үйге кіріп келе жатып , Азаматқа даустап –Азамат кім келгенін айтайын ба, сыныптасың Айсәуле келіп тұр.

 Осы кезде Азаматтың жүрегі  атша тулап , өзін қалай ұстарын білмей қатты қобалжыды. Тез айнаға қарап шаштарын түзеп үлгерді.

  • Сенің қайта өмірге келгеніңді тойламаймыз ба ? – деп Азаматтың қолын алды.Жүрегі дір еткен  жігіт сасқалақтап апа  Айсәуленің қолындағы тортты алып кетсей деді. Бұл тортты саған арнап әдейі алдым, - деді. Анасы жарығым-ау, несіне әуре боласың, - деп тортты ашып кесіп – кесіп тәреокеге қойып жатты.

     Алла баламды өзіме қайтарып бергеніне шүкір . Тоба – тоба деймін, көрер күні бар екен баламның, -деп  көзіне жас келді. Апа қойшы жыламашы, аман – есен отыр ғой балаң, - деп жұбатты.Қой мен сендерге шай әкеліп берейін, - деп шығып кетті.

-Қәлің қалай? – деп бастады Айсәуле .

Аллаға шүкір , жақсымын –деді Азамат.

Азамат мен бәрін білемін , өткенде Абылай екеуің сөзге келіп қалғанда  мына қойын кітапшаңды мен тауып алдым. Азаматтың бетті от бболды, шоқ болды. Аузына бір сөз келсейші.

     Абылай мені тастап кетті. Қалада көріп тұрамын , оның басқа сүйгені бар. Ол мені шын сүймейтініне көзім жетті.

    -Мені кешір Айсәуле менің кітапшам болар,- деді Азамат.

   - Жоқ ол бұл кітапшаны көрген де жоқ ,оқыған да жоқ.

-Қайта сен мені кешір, Азамат қанша жыл бірге оқыдық бір партада отырдық. Бірақ сенің адал сезіміңді, адал махаббатыңды бір сезбеппін,- деп көзіне жас келіп, сүртіп алды.

        Шай кіргізген анасы бұлардың сөзін бөлді.Шайын құйып беріп анасы және шығып кетті. Біраз уақыт тыныштық орнады.

          -Алда қандай жоспарың бар ,оқуға барасың ба?

    -Иә , Алла бұйыртса өнер институтына барсам деген ниетім бар.

Кездесеміз деп ойлаймын деген сөзді әрең айтты-ау.

Қалаға барғаныңда хабарлас, -деп телефон номерін қалдырды.

Екеуі бірге тұра бергенде Айсәуле Азаматтың бетінен бір сүйіп алды. Жақсы , сау бол кездесеміз,- деді де жаймен кете барды. Адал махаббаты өзіне қайта оралған Азаматтың қуанышында шек жоқ.Бөлмесінде билеп жүр. Апа! Мен бүгін шынымен қата туылдым. Жүгіріп  кірген анасын қушақтап сүйіп жатыр.Өмірдегі басты арманым орындалды.Мен қайта өмір сүремін! – деп айқайлады

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.