Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қош бол, менің даярлығым! -

Қош бол, менің даярлығым!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1265 | Размер: | Автор: гость
. Ертеңгіліктің тақырыбы: Қош бол, менің даярлығым!


Мақсаты: Балаларды білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Баланың тақпақ, ертегілердіжәне өз ойларын мәнерлі жеткізу
қабілетін дамыту. Балаларды өздерін көпшілік алдында дұрыс
ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Зал іші әсем шарлармен, әдемі гүлдермен безендірілген.

Көңілді ән әуенімен балалар ортаға шығады.

Тәрбиеші: Қымбатты ата- аналар, ұстаздар! Құрметті қонақтар, оқушылар! Біздер бүгін жыл бойы даярлық тобында тәрбиелеп, оқытып келген бүлдіршіндерімізді ұшырғалы отырмыз. Бір жасқа үлкейген олар енді бірінші класқа барады. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке. Мектепалды даярлық тобының қоштасу ертеңгілігін бастаймыз.

Балжан:
Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңізде есен-сау бармысыздар
Таусылмастай ағытып ой-арманын
Ал, достарым, қысылмастан сөйлегін!

Айым:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай, әрбір күнің, әр айың!

Құндыз:
Біз бақытты баламыз
Жұлдыздардай жанамыз
Көп үйреніп алғыр боп
Бәрін біліп аламыз.

Әділ:
Туыспыз біз бәріміз
Біз Отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз!

Хор: «Бақытты балалық шақ».

Аружан:
Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.

Нұралы:
Анаң – күнің, жүрегің
Әкең – өмір тірегің
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын.

Гүлжан:
Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсын
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

Нұрислам:
Ана – өмір мәңгілік
Жүзі нұрлы таң күліп
Ана десе әркімнің
Көкірегінде жанды үміт.

Айнара:
Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін!

Тәрнбиеші: Ардақты, аяулы, асыл аналарымызға құрметпен бас иеміз. (Балалар орындарынан тұрып аналарға құрметпен бас иеді). «Әрқашан күн сөнбесін» хор. Біздің топтың әншісі Серікова Құндыз әсем әнменкөркемдейді. Ән: «Анашым»

Ортаға күнделік, математика, әліппе келеді. Артынша таласқан сандар 1,2,3,4,5 келеді.

Тәрбиеші: Сендерге не болған бір-бірлеріңді итеріп.

Ақылбек:
Достарым мені «бір» дейді
Қарайды да «бүй» дейді
Мұқтажбын қол аяққа
Ұқсап тұрмын таяққа.

- Күнделік, маған есігіңді айқара ашшы, мен сенімен дос болғым келеді.
Күнделік: - Мынау бір ме? Жоқ, жоқ, менде саған орын жоқ.
Бірлік баға алмаңдар
Ұят болып қалмаңдар.

2 саны:
- Мен екімін, балалар
Екі қанат қазда бар
Қағады шапшаң ұшқанда
Құс сияқты адамдар.
- Қазір, көресіңдер, күнделік мені күтіп отыр, екеуміз дос боламыз!
- Күнделік: - Жоқ, жоқ, атай көрме екілік, мен саған есігімді ашпаймын.
Жаңғақтың, жалқаудың
Алаңғасар, аңқаудың
Алатыны екілік
Басын шайқап, өкініп

3 саны:
Мен ғой үштің таңбасы
Зейін қойып тыңдашы
Екі қисық қосылған
Үш жазылған осыдан.
Күнделік: - Мынау үш пе? Жоқ сенімен де дос болғым келмейді
Білімі артық екіден
Аздығына өкінем
Шідерлі аттай түсалып
Біреулер жүр үш алып.

4 саны
Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның
Күнделік: - Охо, сені күттім кел, төрге шық, төрлет.
Оқуға дос барғанда
Риза сені алғанда
Қуанды анасы
Төрт алғанда баласы

5 саны
Әр қолда бес-бестен
Шықпас тегін ол еппен
Біліп соның шамасын
Мысал ойлап табасың
Бір мен екі алмаңдар
Үшке алданып қалмаңдар
Кілең төрттік алғандар
Мені ғана армандар.
Күнделік: - Бәрекелді, бес келді. Төрлет, төр сенікі, сенімен айрылмастай доспын.

1,2,3 сандары: - Енді біз қайда барамыз, керексіз болып қалдық па?
Математика: - Мен матиматикамын. Менің ішімде сандар көп, сендер ешқайда кетпеңдер, менімен дос боласыңдар. Мен енді балаларға түрлі есептер берейін.
Математика: - Жарайсыңдар балалар, өте тамаша. Мен сендерге ризамын.

«Көбелек» биі.

Әліппе: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің атым Әліппе. Мен сендердің ең алғашқы оқулықтарыңмын. Мен сендермен дос болам, егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар.
1. «Әріп тастамақ» ойыны «О», «М», «С» тез сөз ойлап айту керек.
2. Мәнерлеп оқып беріңдер.
3. Сөздерді буынға бөліп оу.
- Енді кезекті балалардың өнеріне береміз.

Айым: Біз білімімізді жалғастыру үшін бірінші класқа барамыз.
Тәрбиешіміз Салтанат Төлеуқызына рахмет айта отырып, келесі кезекті тақпақтарға береміз.

Еркежан:
Бақша – біздің панамыз
Мектеп – біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.

Айгерім:
Біздің топта ұл қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Айналаға, бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.

Дана:
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Алыс емес арамыз
Даярлыққа келіп тұрамыз.

Азамат:
Өткізіп қызық күндерді
Жеті жасқа жеттіңдер
Алуға ертең білімді
Мектепке бағыт алдыңдар

Шырайлым:
Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын даптер, қаламым.

Нұрай:
Тәрбиешім – ақылшым
Сарқылмас бұлағым
Таусылмас мәңгілік
Сен жайлы жыр әнім.

Еркебұлан:
Ән салғызып, би билетіп
Ылғи бізбен жүреді
Тақпақты да үйретіп
Ойнадаты күледі.

Әсел:
Қызық, қызық ертектер
Біздерге оқып береді
Жылауықта, тентек те
Тәрбиешім көнеді.

Эльдар:
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып, билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен

Ерсұлтан:
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойдауды
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды.

Айзере:
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс.

Зарина:
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән салып
Оқып, жазып үйрендік.

Шырайлым:
Үлкендердей тап – таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үздік бала боламыз
Жүретіндей мақтана

Али:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.

Жанерке:
Тәрбиешім ұсынған
Кітаппен достастым
Өзіңменен ешқашан
Келмейді қоштасқым.

Дидар:
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер-білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз.

Ақниет:
Қөңілді өскен баламыз
Шырқатып әнге саламыз
Тойымызға сән берер
Би де билей аламыз.

Айда:
Ал, кәнекей балалар,
Алда мектеп-ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар.

Мұхамедияр:
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Шыңғыс:
Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Өсті талап-талғамым
Көп нәрсені үйрендім.
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді.

Барлығы хормен: Мектепке барам мен енді
Даярлығым, қош енді!

Тәрбиеші:
Мектеп деген – білім кені, жыр кені,
Мектеп деген – білімнің ең үлкені
Мектеп деген – тәрбиеші адамға
Мектеп деген – даналардың мекені

Хор: «Мұғалім ол біздің».

- Қымбатты менің бүлдіршіндерім, енді сендер мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі емессіңдер, енді оқушысыңдар. Сендерге сәттілік тілеймін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.