Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қош бол, құтты Әліппе -

Қош бол, құтты Әліппе

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1123 | Размер: | Автор: гость
. Архабаева Парида,
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
«Қош бол, құтты Әліппе»

Тәрбие сағаты

1.Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады
Хан: Уа,халайық! Армысың,
Ағайын туған бармысың.
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар,
Мен сендерге сенемін.
Қызымды мектепке апарғанға ,
Ат басындай алтын беремін.
Қызы: Жоқ,әке
Бұл недегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін.
Сабақ,оқу,әріп,жазу,
Дәптер, кітап-ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын,ханшамын,
Тәтті қыздың білімін.
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің.
Тазша бала:Уа, тақсыр,армысыз,
Ханшайымда бармысыз.
Жақсы хабарым бар.
1а сыныптың оқушылары, «Әліппенмен қоштасу»тойын тойлап жатырсоны көріп ханшаның пікірі өзгерер,қонаққа барып, көрелік.
Хан: Ойбай,қызыма көмегі тисе,жүр, тус алға!
Ханша: Барсақ,барайық,көрсек, көрейік!
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум,уа, халайық!
2-жүргізуші:
Армысыздар,ардақты әкелер мен аруана аналар!
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
1-жүргізуші:
Армысың қасиетті асыл халқым!
Қашанда ардақтаған дәстүр салтын.
Қазақстан болашағы-бүлдіршіндер,
Білімді боп шығарар елдің даңқын.
2-жүргізуші:
Неге екенн білмеймін,неге екенін,
Әйтеуір бір мәне бар мерекенің.
Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой,
Салтанаты жарақан берекенің!
1-жүргізуші:
Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп,көңіл толқытатын сәт.Осынау номер№65 мектеп гимназиясында өткізілгелі отырған «Қош бол,құтты Әліппем»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:(қолын созып)Көкте күнді күлімдеткен күмбезді мектебіміздің мерейі үстем,айбыны асқақ болсын!
1-жүргізуші:
-Сезім,білім бастауы не?
2-жүргізуші:
-Әрине,ол-әліппе!Ал,болашаққа жол бастайтын не?
1-жүргізуші:
Ол да-Әліппе.
2-жүргізуші:
Ал,енді осы «Әліппенің» алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған және оны кім жазды? Білесіңдерме? Ол Ы.Алтынсарин атамыз.Ғанибек кел.
1-оқушы:
Айналайын!Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең»аяяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы,білім шыңына жол ашар ақылшың.Білім есігін ашқан қадамың құтты болсын!
2-оқушы: Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де,елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін,жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенімдімін.
Хормен:
Деп жазған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
3-оқуышы:
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі
Бұл қай кітап?
1-жүргізуші: Қане,балалар,ол шынындада қай кітап?
Хормен: Әліппе,әліппе,әліппе
Әліппе:
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен, әпкең де.

Армысыздар ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Сендер мені 4 ай оқыдыңдар.Менен не үйрендіңдер? Қане,соны айтыңдаршы?
4-оқушы:
Ата,ана атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті.
5-оқушы:
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сенен мұғалім.
6-оқушы:
Әліппем менің,әліппем
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
7-оқушы:
Әліппен білім анасы,
Әліппен кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның барма баласы?
8-оқушы:
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын қолды біліппе ем?
Хор: Әліппе
9-оқушы:
Бүкіл қазақ баласын дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамын бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
10-оқушы:
Біз әлем мектептерінен кем түспейтін осындай мектепте оқығанымызды мақтан тұтамыз.
2-жүргізуші:
Әліппе бұл бүкіл білім,ғылымға бастайтын жол. Біз бүгін сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы «әліппені» қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз.
11-оқушы:
Мен өзім-ақ оқып,жаза аламын. Ертегі,әңгімелерді өз бетімше оқитын болдым.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.