Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қош бол, құтты әліппем! -

Қош бол, құтты әліппем!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1018 | Размер: | Автор: гость
. Гүлнар Кенже
№46 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі.
Шымкент қаласы, ОҚО.
Тақыры: Қош бол, құтты әліппем!

1-жүргізуші Қайырхан:
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Әліппе кітап тіл ашқан.
2-жүргізуші Беназир:
Құттықтау сөзі:
-Құрметті ата-аналар , ұстаздар, оқушылар! Бүгін шәкірттер қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқаноқулығы- Әліппемен қоштаспақ. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ. Олай болса, бүгін оқушылар Әліппені қалай меңгергендерін, қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетпек.
1-жүргізуші Қайырхан:
Өтті-ау оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Оқу білім жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.

Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған.
Өсті білім, ойларың,
Құтты болсын тойларың!
(Музыка орындалып тұр. Оқушылар саныпқа кіреді) Би.Вальс биі
1-оқушы Сардар:
Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билейміз, ән де бүгін саламыз.
2-оқушы Дана:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңнан жауқазындай құлпырған,
Біз – алаңсыз балғын шақты балалар!
Хор. Сәлем саған мектебім әні.
2-жүргізуші Беназир:
-Балалар, естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау (қоңырау даусы) үнін естіген күңдерің қай күні еді?
Хормен 1-ші қыркүйек .
3-оқушы Аяулым:
Күмбір-күмбір қоңырау,
Сағынғандай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жарылқағай қыркүйек.
Қыркүйектің бірінде оқушы болдым мектепте.
4-оқушы Бекарыс:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымныңосыдан
Басталғанын түсіндім.
5-оқушы Жания:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппеммен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөзбен, дыбыс, әр түрлі әріптермен.
6-оқушы Еркебұлан:
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстімұстазымның есімін.
2-жүргізуші Беназир:
-Балалар, бұдан соң қызықтап қолымызға алғаш ұстаған кітабымыз қандай кітап?
Хормен: «Әліппе» кітабы.
2-жүргізуші Беназир:
-Жарайсыңдар ал енді осы Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғыс сөз жазылған және оны кім жазған?
7-оқушы Бегарыс:
-Айналайын қолыңдағы әсем кітап «Әліппең» - аяулы ана тілінің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!
-Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де. Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін жаны ізгі, жақсы замат болып өсетініңі сенемін, - деп жазған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
8-оқушы Мади:
-Өзіміз кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді де оқи аламыз.
9-оқушы Олжас:
-Балалар, олай болса сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымызға табыс ету- біздің міндетіміз. Осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күй мен өлеңдер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
10-оқушы Мұхамедәлі:
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай боп кіресің,
Таудай боп шығасың.
Ән: «Құралайым әні»
2-жүргізуші Беназир:
- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын, соған жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Барлығы:
Болашаққа жол ашар
Ол-сүйікті Әліппе,
Ол-сүйікті Әліппе!
2-жүргізуші: Беназир:
- Қымбатты балалар, өздерің алғаш қолдарыңа ұстаған аяулы «Әліппе» кітаптарыңды ортаға шақырайық.
- Хормен: Әліппе,Әліппе!
Әліппе сөзі:
Армысыңдар, жас достар,
Армысыңдар, ата-аналар.
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаңа.

Бүлдіршіндер, балдырғандар,
Менің атым-Әліппе.
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң сенің әпкең де.
-Балалар, мен сендердің бүгінгі Әліппемен қоштасу тойына арнап шашу әкелдім.
Қабыл алыңыздар.Шашу
2-жүргізуші Беназир:
- Енді, Әліппе, біздің құрметті қонағымыз болып,өнерімізді тамашалаңыз.
Хор «Әліппе әні»
- 11-оқушы Мади:
Барша-барша ғылымың,
Әліппеден басталар.
Жалғастырған білімін,
Жақсы бала дос болар.
12- оқушы Димаш:
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.

«А» деген ол- аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол- әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол- балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
13-оқушы Ақсәуле:
Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз бала деп,
Біз жазамыз қала дер.

Биік-биік таулар деп,
Қызыл-жасыл баулар деп.
Қаһарман ел- қазақ деп,
Боашағы ғажап деп.
14- оқушы Салтанат:
Жақсы кітап Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.
Шығыс биі.Даяна Әліппе:
-Балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер.
1. Сендерге менің қояр сұрағым бар. Соған жауап беріңдерші. «Әліппе» оқулығынан не үйрендіңдер?
Жауабы:Оқуды, жазуды, өлең, тақпақ жаттауды.
2. Әліппе оқулығынан қагша әріп үйреніп жаздыңдар?
Жауабы: 42 әріп.
3. Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс бар.
Жауабы:15-дауысты, 25-дауыссыз бар.
4. Ең алғаш мектеп ашып, Әліппе оқулыған жазып беріп кеткендер кімдер?
Жауабы: Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов.
Әліппе сөзі:Сендерге рахмет, мені жақсы меңгеріпсіңдер, сендерге сәт-сапар тілеймін.Сабақтарыңды жақсы оқып, мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды әрдайым қуанышқа бөлеңдер!
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіз бе, Білмесбек? Бүгін «Әліппемен» қоштасу мерекесі.Сен туралы айтқан мен.
Білмесбек: Әліппемен қоштасу? Қоштасыңдар!Қоштасыңдар! Қой, мен кетейін, Чао! (Кетіп бара жатып бір баланың шарына ұмталады)
Бала: Тиіспе менің шарыма! Мұнда әріп жазылмаған.
Білмесбек:Әріп дейді, қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті. Ал, мына біреуі – ай, мәссаған, рогатканың суретін салып қойыпты. Бұларды мен «Әліппені» оқымайақ білем.
Мұғалім сөзі: О, не дегенің, Білмесбек! Бұлар О,Ү әріптері,.Дегенмен, балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар.Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас келеді.
Білмесбек: Ой, менен басқа білмейтіндер бар шығар-ау іштеріңде?
Мұғалім сөзі: Жоқ, Білмесбек, барлық бала жақсы оқиды.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім сөзі: Өте жақсы, алдымен үсті-басыңды жөнге келтір. «Әліппені» таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды(жүгіріп шығып кетеді).
Би. «Жалқаубек».
15-оқушы Махира:
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан,
Әліппе- білім бесігі.
16- оқушы Данил:
Қош бол құтты әліппем,
Көп нәрсеге үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
17- оқушы: Әсем
Анам менен әкем де,
Атам менен апам де,
Шопан, ұшқыш, ғалым да,
Небір мықты дарын да.
Тіл сындырыпәріпке,
Ашқан алғаш Әліппе.
18-оқушы Нұридин:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппеден басталған.
Әліппе –ғылым ағасы,
Даналықтың данасы.
19-оқушы Анел:
Әліппе деген- алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес алыс жол,
Тырысып бақ намысқа.
20-оқушы Шұғыла:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
21-оқушы Аяулым:
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма деп,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Би: «Шөжелерім».
- Балалар, сендерге мен ризамын. Енді мен сендермен қоштасып, ары қарай білім беретін мына «Ана тілі» оқулыған алып келдім. Мен сендермен қоштаспас бұрын менімен бірге өлең айтуға қалай қарайсыңдар?
Ән.Әліппе: Қош болыңдар, балалар!
Хормен:Қош бол, құтты Әліппе, қош бол, Әліппе!
Ән: «Ертегілер». Ана-тілі.
- Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсе үйренесіңдер.
Туған елдің тілі мен,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәні –мен
Ана тілі –елдігім,
Ана тілім болмаса.
Бүтінделмес кемдігім.
2-жүргізуші Беназир:
Енді, ана тілі, біздің құрметті қонағымыз болып, өнерімізді тамашалаңыз.
Ән: «Ұстазым» Дана, Інжу.
Мұғалім:
-Сонымен, балалар, біз бүгін Әліппемен қоштасып, ұзақ білім жолында ана тілі мен қазақ тілін ала жүреміз.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы, дей келе, ертеңгілімізді аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.