Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қосудың терімділік қасиеті» -

«Қосудың терімділік қасиеті»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3998 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Төлеби ауданы Леңгер қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Сатвалдиева Куралай Бердалиевна. Математика.
2 «В» сынып. Қосудың терімділік қасиеті.

Сабақтың тақырыбы: «Қосудың терімділік қасиеті»
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік: Оқушыларғақосудыңтерімділікқасиетін меңгерту. Есептердіәртүрлітәсілмен шығарудатерімділікқасиетінүйрету.
Дамытушылық:Оқушының ойлау, танымдық қасиеттерінарттыра отырып, есеп шығару дағдыларын дамытып ,есепті үйретуде балалардың зейінін, қабылдауын дамыту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа,шапшаңдыққа ,әдептілікке,таза жаза білуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тренинг, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Ойын плакаттары,ребус,сурет,оқулық,бұлттар,теледидар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру
Амандасу,таныстыру,назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларды алты топқа бөліп алу
Әр адамның өз мақсаты болады.
-Балалар ендеше сендердің мақсаттарың не?
-Біздің ұранымыз қандай?
Оқушылар өз мақсаттарымен ұрандарын айтады.
-Балалар бүгін қай мезгіл?
-Қыс
Олай болса, барлығың бір тыныштық сақтап тренинг ұйымдастырайық: көзді жұмып, денемізді бос ұстап, елестетеміз. Ал, қанеки, көзімізді жайлап жұмамыз. «Қыс келді. Айнала ақ түске оранды. Біздер сыныбымызбен серуенге шықтық. Күн салқын екен,бірақ күн шуағын бізге төгуде. Барлығымыздың көңіл - күйіміз өте жақсы. Далада сырғанап, таза ауамен тыныстап қайттық». - Ал, көзімізді ашайық!
- Өздеріңді қалай сезіндіңдер?
- Жақсы көңілді сезімде болдық.
Осы сабақ бойы осындай көңіл - күйде болайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?
4 мысал(Ж)
15-7 =8 3+9= 12 4+7=11 9+5=14
17-9 = 8 7+7= 14 6+5 =11 18-9=9
16-7 =9 4+8=12 8+8= 16 14-9 =5
9+8 =17 12-4= 8 11-7= 4 16-8=8
ІІ. Білімді бекіту
ІІІ.Жаңа сабақ
Ребус шешу арқылы жаңа сабақты ашу.
Мұғалімнің түсіндіруі
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін атап өту.
- Қандай ереже бар?
- Қосудың қандай қасиеті?
а + в = в + а (қосудыңауыстырымдылыққасиеті)

3+ (2+1) = 6 сандардыкез-келгенретпенқосуғаболады
2 + (3+1) =6
(қосудыңтерімділікқасиеті)
(а+в) + с = а+(в+с)
- Ал балалар, бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерімізбен бірнеше тапсырма орындаймыз
- Дайынбыз ба балалар?
- Ия, дайынбыз
1- мысалды орындаймыз(А)
Бұл есебіміз өткен тақырыппен байланысты болғандықтан,уақытымызды үнемдеу мақсатында біз ойын түрінде ауызша орындаймыз.
Сергіту сәті
Күзгі көк бұлт мен болам,
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Қаласам қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
Ойын: «Саңырауқұлақ теру»
7 + 8 = 15 30 + 5 = 35 9+6=15
8 + 7 = 15 5 + 30 =35 6+9=15
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
3– мысал(Р)
Көк – 10 ш 1) 10+(20+30) =60
Жасыл – 20 ш ? шар 2) 20+(10+30) )=60
Қызыл – 30 ш 3) 30+(20+10) )=60
Барлығы 60 шар.
Әр топ әртүрлі тәсілмен, орындарында отырып шығарады
Сергіту сәті
Жаңбыр жауғызу
Тақтамен жұмыс
Сызбаға қарап есепті шығару
4– есеп(А)
Шымшық – 3 ш: (3+4)+5=12 (қ)
Көгершін – 4 ? құс
Торғай – 5 ж: барлығы 12 құс

Сергіту сәті
Қимылмен теледидарға қарап билеу.
-Балалар есебіміз дұрыс шықты ма?
- Дұрыс шықты.
- Жарайсыңдар балалар!
Ойын: «Үй тұрғызу»
Топпен жұмыс
1-топ(Й)2-топ(С)
(4+10)+6 =20 1+(10+9)= 20
6+(4+10 )=20 (9+1)+10= 20
(30+5)+10 =45 50+(5+10)=65
10+(30+5) = 4510+(50+5)= 65
3-топ (Ы) 4-топ (Ң)
50+(10+20)=80 (5+10)+20=35
(10+20)+50 =80 20+(5+10)=35
30+(40+20) =90 (30+7)+10 =47
(20+30)+40 = 90 10+(30+7)=47
5-топ (Д)6-топ(А)
(4+10)+6 =20 1+(10+9)= 20
6+(4+10 )=20 (9+1)+10= 20
(30+5)+10 =45 50+(5+10)=65
10+(30+5) = 45 10+(50+5)= 65

6 – мысал ауызша
Сағат қанша?
1 сағ — ? мин
Сағ 1200, 400, 700, 1000
Сергіту сәті
Логика әлеміне саяхаттау
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда 7 есек.
3-і ұйықтап отырды,
Болды сонда неше есек? (10)

Қазып жүр құмды 15 мысық,
5-і жатыр күн ыстық.
Нешеу болды сен сана? (15)

Үстел үстінде төрт алма жатыр,
Оның біреуін ағам жеп қойды.
Сонда неше алма қалды? (3)

Аулада 5 үйрек
1 үйрек тығылды
1 үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? (3)

10 алманың жетеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (3)
ІҮ. Қорытынды
7-мысал ауызша (Р)
3кг+1кг+2кг+1кг+2кг=9 кг
«Көмекке кел ойыны»
-Қосудың қандай қасиеттері бар?
-Қосудың ауыстырымдылық қасиетіне мысал келтір
- Қосудың терімділік қасиетіне мысал келтір
- Қосудың компоненттерін білесің бе?
-Азайтудың компоненттерін білесің бе?
Ү. Бекіту
• Қосудыңқандайқасиеттерін білдік ?
• Қосудыңтерімділікқасиетідегеніміз не?

ҮІ. Үйгетапсырма
№5 84 – бет
ҮІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды күлекештермен мадақтау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.