Меню
Назад » » »
Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы
загрузка...

загрузка...
Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы
Күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болып отыр. Болашақтың иесі - жастар, жас ұрпақ. Сол ұрпақ тәрбиесі, білімі, біліктілігі, сан қырлы азамат болып өсуі - мына біздерге, ұстаздарға байланысты.
Ұлылық пен дархандықтан тамыр тартқан дана халқымыз «білімдінің мыңды жығатынын» ескертіп, «оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы» деген тағылымға толы өсиет қалдырған. Білім беру ісі кез келген қоғамның жан-жақты кемелденіп өсуіне ерекше ықпал етеді. Өйткені осы жүйенің сапасы арқылы мемлекет пен жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуеті қалыптасады. Сондықтан да Елбасының «бәрі де мектептен басталады» деп атап көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп отырғаны баршамызға белгілі.
Адам баласына білім мен тәрбие егіз берілгенде ғана мақсатына жетеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға жөн шешім қабылдауға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесі мен қатар қосымша білім беруге де жүктеліп отыр.
Қазақстан Республикасы Призиденті Н.Ә Назарбаевтің бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді.
Қазіргі өзгермелі заманда функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С.Раевтің айтуынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханада бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздық дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқу оқущылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқу мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасының айтуынша: «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет».
Сонымен функционалдық сауаттылығы дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
- белсенділік;
- шығармашылық тұрғыда ойлау;
- шешім қабылдау алу;
- өз кәсібін дұрыс таңдау алу;
- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізі механизмін көрсетті. Бұл механизмдерді іске асыру барысында мұғалімге оқушы бойында мынадай құзыреттіліктерді сіңіру керек:
Олар:
- Басқарушылық проблеманы шешу қабілеті;
- ақпараттық өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдылық қабілетін ұштау;
- коммуникативтік қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
- әлеуметтік қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті
- тұлғалық өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделігіне төзе білу;
- азаматтық қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихи,мәдениеті,діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі;
- технологиялық ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларын сауатты пайдалану.
Халықаралық РISA зерттеулері анықтағандай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі мектептен тыс, қосымша білім беру болып табылады.Төртінші механизм де – қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болды. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері ғылыми қалалар, технопарктер, балалар, мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б.
Бұл шығармашылық пен иновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болды.
Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалардың қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптасыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.
Қосымша білім беру мекемелерінің бәрі балаларды өнердің, спорттың әр қилы түрлерімен айналасуға тарту, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру, жаңа таланттарды анықтау, кәсіптік шеберлікті жетілдіру міндеттерін шешеді.
Ұлттық жоспар шеңберінде қосымша білім беретін 418 ұйымның материалдық-техникалық базасын нығайту үшін алғаш рет 8,9 млрд тенге соммасында шығыстар көзделген. Бұл шаралар қосымша білім беру ұйымдары балаларға ұсынатын қызметтердің сапасын жоғарлануға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қосымша білім берудің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың әлеуметтенуін қамтамасыз ету, жеке даралық құзыреттілігін, болашақ өндірістің кәсіби рөлін иеленуге қажетті функционалдық сауаттылықты, әлемдік деңгейдегі Қазақстанның адамдық капиталының бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады.
Бүгінде адам баласының білімділігі тек арнайы пәндік білімі арқылы ғана анықталып қоймай, оның тұлға ретінде қаншалықты жан-жақты дамуы, қоғам өміріне әлеуметтік бейімделу қабілеттілігі және өз бетінше өмірлік таңдау жасауына тікелей байланысты болса керек.
Қосымша білім беру әлеуметтік сұранысқа ие және ол баланың тұлғалық дамуы мен білім алуын тәрбиемен тығыз байланыста үйлестіретін білім беру үрдісі ретінде қоғам мен мемлекет тарапынан қолдауды және ұдайы көңіл бөлуді.
Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз қажет, сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс. Бұл бағыт қосымша білім беру саласында еңбек етіп жүрген педагог қызметкерлерге жаңа міндеттер жүктейді.
Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады үнемі балалармен жұмыс істеу мазмұны, әдісі мен формаларды өзгерісте болады, педагогтің авторлық шығармашылығын дамыта алады.
Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу- бүкілхалықтық іс. Бұдан ешкім де тысқары қалмауы тиіс. Сондықтан басты парыз - жастарға терең әрі сапалы білім беру, заман талабын сезініп, еліміздің еңсесін көтерер азамат тәрбиелеу.
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру - білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн.
Осы ретте өзім жұмыс жасап жүрген Төлеби аудандық оқушылар үйінің жұмысына тоқталғым келіп отыр. Аудандық оқушылар үйінде 7 бағыт бойынша 21 үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмыстарына 894 оқушы қамтылған.
Сәндік-қолданбалы бағыт бойынша 7 үйірме («Ғажайып бисер», «Кілем», «Умелые руки», «Сувенир», «Гобелен», «Ұлттық қолөнер», «Дизайн» үйірмелері), дене шынықтыру-сауықтыру бағытында 7 үйірме («Дзюдо», «Таеквандо», «Шах и мат», «64 шаршы», «Дойбы», «Тоғызқұмалақ», «Былғары қолғап» секциялары), экология-биологиялық, тілдік, көркемдік-эстетикалық бағытта «Эколог», «АВС- ағылшын тілі», «Вокал», «Хореография», «Бейнелеу өнері», «Жолда жүру ережелері» үйірмелері жұмыс жасайды.
Соңғы 3 жылда облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрміз. Сөзімді Марк Тулий Цицеронның «Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек» деген нақылымен аяқтағым келеді.

Ләззат Сандыбаева
ОҚО Төлеби аудандық оқушылар үйі
директордың оқу ісі орынбасары Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 301 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar