Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қосындыны санға бөлу -

Қосындыны санға бөлу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1364 | Размер: | Автор: гость
. Жарқынбекова Лаура
Бастауыш сынып мұғалімі

Математика
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты: 1. Қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді үйрету; есеп шығаруды меңгерту; есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру; көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру;
2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын, логикалық ой-өрістерін дамыту.
3. Өз бетінше жұмыс жасай отырып, өзінің де өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірме қима қағаздар, көбейту және бөлу кестесі, ойынға қажетті көрнекіліктер, т.б.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ойындар, т.б.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Оқу құралдарын түгелдеу.
2. Сабаққа назарын аудару.
3. Психологиялық дайындық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.
Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
Үй тапсырмасын тексеру барысында байқаған кемшіліктерді жою,
білім, білік дағдыларды одан әрі жетілдіру.
Үй тапсырмасын тексеру: № 6, 11..
Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс:
4 ∙ 8 = 32 9 ∙ 2 = 18 4 ∙ 9 = 36 3 ∙ 4 = 12
32 : 8 = 4 18 : 2 = 9 36 : 9 = 4 12 : 4 = 3
32 : 4 = 8 18 : 9 = 2 36 : 4 = 9 12 : 3 = 4
1. Математикалық диктант.
1. Екі санның қосындысының мәні 46 тең. Олардың біреуі 6.Екінші сан неге тең?
(х + 6 = 46 46 - 6=4 0)
2. Екі санның айырмасының мәні 5. Сандардың біреуі 24. Екінші сан неге тең?
( х – 24 = 5 24 + 5 = 29)
3. 12 және 7 сандарының қосындысының мәнін табыңдар. (12 + 7 = 19)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Балаларды 3 топқа бөлу: 1. « Білім »
2. « Денсаулық »
3. « Еңбек »
№1 мысал. Әрқайсысына затын табуға көмектес: « Ой шақыру »
І топ: 100 : 20 = (60 + 40) : 20 64 : 8 = (25 + 39) : 8
І топ: 48 : 8 = (16 + 32) : 8 4 ∙ 3 = 15 : 5 + 45 : 5
ІІІ топ 81 : 9 = 24 : 4 + 12 : 4 30 ∙ 4 = ( 22 + 18) ∙ 3
№2 мысал. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 23, 45, 42, 67, 90, 38.
І топ ІІ топ ІІІ топ
23 = 20 + 3 45= 40 + 5 42 = 40 + 2
67 = 60 + 7 90 = 90 + 0 38 = 30 + 8
Топтық жұмыс. № 3.
Қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін тап:
1 топ. 2 топ. 3 топ.
(50+15):5=65:5=13 (32+48):8=80:8=10 (19+17): 4=36 : 4 = 9
(9 +9):6=18:6=3 (52+11): 9=63:9=7 (42+24):6=66:6=11
Түсінгендерін тексеру:
Өздік жұмыс. № 4. Өрнектерді жазып, олардың мәндерін тап.
Ітоп: 1) 75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр; (75–27)∙3=48∙3=144
ІІтоп: 2) 40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт; (40+16): 7=56:7=8
ІІІтоп: 3/ 70 және 4 сандарының көбейтіндісін 40 есе кеміт; (70 * 4): 40=280:40=7
Жұптық жұмыс: № 6. Салыстыр:
Ітоп (18 +14 ) : 2 * 18 : 2 + 14
ІІтоп 45: 5 + 20 : 5 * (45 + 20) :5
ІІІтоп 45: 5 + 20 : 5 * (45 + 20) :5
№ 7. Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар.
Ітоп Қияр – 12 кг Ш: (12 + 15) : 3 = 27 : 3 = 9
Қызанақ – 15 кг Жауабы: 9 банка керек.
3кг бөліп - ? банка
Сергіту сәті: Музыка ырғағымен қимылдар жасау. « Аяқпенен топ-топ »
№ 7(2).
ІІтоп І ағаш – 36 кг Шешуі: (36 + 24) : 6 = 60 : 6 = 10
ІІ ағаш -24 кг Жауабы: 10 жәшік керек.
6 кг - ? жәшік
№ 8.
ІІІтоп 5 жәшік – 40 кг Шешуі: 40 : 5 ∙ 7 = 56
7 жәшікте - ? Жауабы: 56кг жүзім.
№ 9. Ауызша. (28 см2)
№ 11. Шығармашылық жұмыс. Жеке оқушымен жұмыс:
Теңдіктер тура болатындай етіп, бос орынға арифметикалық амалдар таңбасын және жақшаларды қой.
Ітоп ( 45 + 54) : 9 = 11 2 ∙ (3 – 1) – 3 = 1
ІІтоп (56 + 49) : 7 = 15 ( 3 + 5) – ( 2 + 5) = 1
ІІІтоп (28 + 32) : 4 = 15 4 + (7 – 3) – 7 = 1

Шығармашылық тапсырма: /алғыр оқушы /
Барл. – 6 самса
1-қыз – 2 самса
2-қыз – 4 самса Егер барлық самсалардың бағасы бірдей болса,
3-қыз – 180 тг. қыздар ақшаны қалай бөліп алады?
Жеке оқушымен жұмыс:
Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба?
21: 2 =10 / қалд. 1 / 31 : 3 =10 / қалд. 1/
32 : 3 =10 / қалд. 2 / 41 : 4 =10 / қалд. 1 /
42 : 4 =10 /қалд. 2 / 43 : 4 =10 / өалд. 3 /
Ой толғанысы.
1. Семантикалық картаны белгілеу.
қ/с Өрнектер + - * :
1 / 6 * 4 + 29 / - 27
2 / 54 – 8 * 5 / : 7
3 / 11 – 9 + 7 / * 4
4 160 : / 8 – 4 /
5 143 + 180 : /9-7 /
Сабақты қорыту: Сұрақ жауап ретінде қорыту.
– Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
– Сабақтан саған не ұнады?
– Қандай тапсырманы орындағанда қиналдыңдар?
Үйге тапсырма: № 5, 10, (87 бет.)
Оқушыларды бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.