Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селосы
Чапаев атындағы бастауыш мектебінің мұғалімі
Утемисова Маргарита Жаманкуловна
Санаты: 1


Сабақтың тақырыбы: Отан
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді тарау тақырыбымен байланыстыра түсініп
оқуға мүмкіндік беру.Отан туралы мақал-мәтелдерді
сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып,өлең
идеясын байыта түсу.
2. Отан ұғымын нақты мысалдар арқылы түсіндіру.
Ақынның сезімдерін тап басып тану, оны талдап
айту дағдысын дамыту.
3. Отанын, елін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іздену, шығармашылық сабағы.
Сабақтың типі: Жаңа сабаты түсіндіру.
Көрнекіліктер: Суреттер, үлестірме қағаздар. Оқулық, парақшалар,интернет
материалдары.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру,оқушылардың назарын сабақ мақсатына аудару. Психологиялық дайындық.Смайликтер арқылы көңіл күйлерін анықтау.
2.Үйтапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап арқылы .
3.Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
* Біз тұратын,мекен ететін мемлекет атын атаңдар.
* Оның Президенті кім?
* Біздің заңдарымызды кім жазады оны кім бекітеді?
* Жалпы әр елдің тулары мен елтаңбасының ішінен өз туымыз бен елтаңбамызды табу.
Мағынаны тану
Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлеңде не туралы айтылып тұр?
- Отанды тағы не деп айтуға болады?
Осы бойынша топқа бөліну.
Отан тобы.
Туған жер тобы.

Сөздік жұмыс туралы түсінік беру.
Жұптық жұмыс.
“Түртіп алу” әдісі
Әр топ өзінің шумағынан Отанды суреттеген сөздің астын сызады және осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
Суретті мақал – мәтел.

Талдау.
(Әр шумақтағы ойды білдіретін суреттерді тап.)
Әр топ наутбокпен жеке-жеке жұмыс жасайды.
Ой толғаныс
Блум таксономиясы бойынша қорытындыланады

Білімділігі Бүгінгі сабақта не өттік? Отан туралы өту мақсатымыз не?
Түсіну Ақын- жазушылар сендерге нені түсіндірді, қандай үміт артты ?
Қолдану Сендердің мақсаттарың қандай ? Халқың сенен не күтеді?
Талдау Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін арманымызға жеттік пе?
Жинақтау Біздің сабақ қалай аяқталды деп ойлайсыңдар?
Бағалау О Отан туралы өлеңдердің бүгінгі таңда маңызы бар ма?

Сабақтың мақсатына жеттік пе?
Сабақта не ұнады?
Қандай тапсырмалар қиынырақ болды?
Қай тапсырма ең ең жеңіл болды?

Үйге тапсырма. Тақпақты жаттау. 8 тапсырманы үйде орындау

Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.