Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отан - патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі . -

Отан - патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі .

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1401 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№55 С. Қожанов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Ертаева Айымкүл Бауыржанқызы
Отан - патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі .
«Отан» деп отбасы мен ошақ қасы ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, байлығы мол кең байтақ жерді, қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелеріміз, тай құлындай бірге өскен құрбы- құрдастарымыз бар ауылды, қадірлі ата-ана, жарымыз бен баламыз жүрген, кіндік қанымыз тамған жерді айтамыз.
Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу- әрбір мұсылманның діни, әрі азаматтық борышы. Жалпы әрбір пенденің еліне деген шынайы сүйіспеншілігі, оның елі үшін жасаған ақ тілегінде көрінеді. Әрине, Отанды, елді сүю құр сезім мен ұрандар аясында ғана шектеліп қалмай, іс жүзінде көрініс табуы ләзім. Әйтпесе Мұқағали ақынның:
Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген,
Не тындырдың «басымды иемменен?»
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оғай сөз ғой,
Отан үшін күйемін, өлем деген – дегеніндей ешбір қадірлі болмақ емес.
Қазыбек би: Біз, қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт- береке қашпасын деп жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.Балаларды Отанды сүйюге тәрбиелеу- мұғалімніңаса маңызды да, аса жауапты да қадірменді парызы. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев
Ерте заманда қазақтың тілінде «патроиотизм» деген сөз болмаған. Бұл ұғым қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. «Патриотизм» гректің сөзі. Оның қазақшасы – жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни, Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік, қасиетті ұғым. Ол- Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш-қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу.
Патриотизм біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, ұздіксіз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие ананың ақ сүтімен, есейе келе өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі.патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары- Әбу Насыр әл- Фараби, Махмуд Қашқари, Асан қайғы, Доспанбет жырау, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды., нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын-ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт- халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндететіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халықалдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, оқық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің, жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ыбырай атамыз да үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені, патриотизм қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында тәрбие жүйесін жетілдіруге байланысты алдына қойған негізгі мақсаты- «қазақстандық патриотизм, азаматтық ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру,»- деп бүгінгі ХХІ жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениетті өзара кіріктіре отырып, жеке тұлға қалыптастырукөзделіп отыр. Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу- тұлғаның патриоттық сана- сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру. Егеменді елдің азаматтын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздық ең басты мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениет парасаты, ар-ожданы мол еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.
Бүгінгі жас ұрпақ болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.
Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны- байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Орта мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие негізінде білім берудің арнайы міндеттемелері де бар. Олар төмендегідей негізде жүзегет асады.
• Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Ту) құрметтеуге тәрбиелеу.
• Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
• Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.
• Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білу.
• Өз өлкесінің мәдени құндылыққарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу.
• Оқушылар мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу.
Еліміздің әрбір азаматы ұлт, дін өзгешелігіне қарамастан, ортақ Отан- Қазақстанды құрметтеп, қастерлесе, мұндай жастан үздік оқуды да, табанды еңбекті де күтіп қалмайтынымыз анық.
Қорыта айтқанда:
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол көне ғасырдан басталатын ұзақ тарихы бар ел. Ғасырлар бойы ел басқарған басшы, батырларымыз кең байтақ жерімізді жаудан қорғап келеді.
Қазақ халқы ержүрек, достыққа адал, қонақжай ел. Көп ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқын бүкіл әлем таниды. Елбасымыз дамыған елу елдің санатына енуді мақсат етіп отыр. Ендеше Елбасымыздың үкілі үмітін ақтап, білімді де, білікті еліміздің азаматы болайық.
Қолданылған әдебиеттің тізімі:
1. Тәрбие сағаты. №6 2014 республикалық әдістемелік журнал
2. 45 минут №1,2. 2008 республикалық ғылыми- әдістемелік журнал
3. Отанды сүю –иманнан . Жадынама
4. Бастауыш сынып әдістемелік журнал №1 2014
5. Тәрбие сағаты журналы №4 2014
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.