Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отан. Ж. Әбдірашев -

Отан. Ж. Әбдірашев

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2119 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Отан. Ж. Әбдірашев Тасымал 69-71 жаттығу

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау. Ж. Әбдірашевтің «Отан» өлеңімен таныстыру, түсінік беру
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту
б) Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанын, елін жерін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа білім беру
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар:жылжымалы тақта, суреттер, оқулық

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Жалпы тасымал, буын бойынша ережелерді пысықтау, мысалдар келтіру
Сұрақтарға жауап алу.
1.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
2. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

IV. Мақсат қою кезеңі:- Біз сендермен одан әрі тасымал бойынша берілген тапсырмаларды орындаймыз.

V. Жаңа сабақ:
а) Қызығушылығын ояту
Топпен жұмыс
1. « Отан» сөзіне топтастыру жасау
2. Мақал-мәтелдер айту
3. Ребус шешу
ә) Мағынаны тану
Балалар біз бүгін Ж. Әбдірашевтің «Отан» өлеңімен танысамыз.
Ж. Әбдірашевтің өмірінен түсінік беру. Ж. Әбдірашев1948 жылы 8 наурызда Арал ауданы Аманөткел ауылсоветінде дүниеге келген.
«Соғыстан соң туғандар», «Дала сенің ұлыңмын»,«Жар басындағы ойы» т. б әңгіме өлеңдері бар.

1. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
Оқушыларға тізбектей оқыту, хормен оқыту

2.Дәптермен жұмыс
69 - жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Көп нүктенің орнына сөздердің басқаша тасымалдауын көрсетіп жазыңдар.
Те - ле - ди - дар -------------- кі – тап - ха - на
Те - ледидар ------------------- кі - тапхана
Теле - дидар ------------------- кітап - хана
Теледи - дар ------------------- кітапха – на

3. Сергіту сәті

« Менің Отаным» әнін айту

1.Отан- менің ата-анам,
Отан- досым, бауырым.
Отан- өлкем, астанам,
Отан-туған, аулым
2.Бақыт елі-бұл Отан,
Бәріне мен иемін.
Біздің Отан-Ұлы Отан,
Ұлы Отанды сүйемін.

4.Жеке жұмыс
70 – жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Сөздерді буынға бөліп үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.

Му - зы ка -------- жи - на - лыс ---------------- жұл - дыз - дар
Му - зыка ------------ жи - налыс ------------------ жұл - дыздар
Музы - ка --------------- жина - лыс ------------------ жұлдыз - дар
Те- ке- мет --------------- те-кемет------------------- теке- мет

5.Сөздіктермен жұмыс
Әр топқа сөздер беріледі, сол сөздерді ағылшын тілінде айту
1. Ана,Әке
2. Ата, әже
3. Отан, Атамекен

VI Қорытындылау:
« Сиқырлы кітап»
Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
Өлең не туралы айтылған?
Ақын Отанды неге теңейді?
Отанды қалай қорғайсыңдар?

Отан

Ата - анаң
ауылың бауырың
ауданың астана
досың

VII . Үйге тапсырма: Отан өлеңді жаттап келу. 71 - жаттығу
ҮІІІ. . Бағалау :Жұлдызша стикерлер арқылы бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.