Меню
Назад » » »
Отбасы
загрузка...

загрузка...
Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы әрбір мүшенің өзін—өзі сақтау ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Отбасылық тәрбие дегеніміз- ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Отбасылық тәрбие – күрделі жүйе, ол әртүрлі факторға байланысты (тұқымқуалаушылық,табиғи және материалдық – экономикалық әлеуметтік, ұлттық дәстүрлерге, отбасының мүшелері т.б.).
Отбасының негізгі міндеттері:
- баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;
- балаға әлеуметтік – экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
- өз халқының этно – мәдениетінің тәжірибесін ауыстыру;
- баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндігін жасау;
Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
- өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;
- балаларды семья өміріне енгізу, ақылшы ретінде қарау;
- балалармен ашық және сенімділік қарым – қатынас жүргізу;
- талап қоюда жүйелік жасау.
- өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу;
Одан басқа да жеке принциптерді маңызды деп санауға болады: ұрып соғу, жазалауға тосқауыл жасау т.б.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата- ананың, отбасы мүшелерінің қарым – қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата – ананың және басқа да отбасы мүшелерінің береке – бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Ұрпақ тәрбиесі, қоғамның лайықты азаматтарын тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі, жауапкершілігі мол іс. Шығыстың ұлы ғалымы Рудаки бір өлеңінде «Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы. Ақылдымын деуге де келе де бермес шамасы» деген екен. Осы ащы болса да, әділ айтылған сөз біздегі «пышақ сабынан озбайды» деген меңзеуге келеді. Сондықтан әрбір ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екендігін ешуақытта есінен шығармауы тиіс.
Балаға жас күнінен этикалық дағдыны үйретсе, ол жасы үлкендер алдында өзін қалай ұстауы, үлкен кісілерді құрметтеуді білетін, қарттарға көмек көрсете алатын, кішкене бөбектерге қамқорлық көрсететін мәдениетті адам болып өседі. Баласының тәрбиесі жөнінде біреуден ақыл сұрау, сол ата-ананың өз баласын өзі жақсы танымағанының салдарынан болады.
Кейбір ата-аналар бала тәрбиесінде кішкене кезінде көңіл бөлмей, өскен соң түзелер әлі кішкентай ғой деп жүреді де, баласы әсіресе 8-9 сыныптарға келгенде кімді тәрбиелегенін өзі де түсінбей қалады, өйткені алдында өзін танымайтын, танытқысы келмейтін бөтен адам тұрған сияқты. Баланы тәрбиелеу ісін ол шыр етіп дүниеге келгеннен бастаған дұрыс. Уақытында тамақтандыруға, ұйықтауға үйретуі керек. Мезгілінде ойнап, ойыншықтармен дұрыс қарым – қатынас жасау, төсек орнын, тамақ ішкен ыдыстарын жуып – жинау жұмыстарымен бір қалыпты дағдыға айналуынан бастап, бала тәрбиесінің негізі қаланады.
Бала тәрбиесінде әрбір басқан қадамы дұрыс, яғни ата-ана үлгі аларлықтай еңбек етсе, баласы өскенде ақылды, парасатты, ата-анасын силайтын азамат болады. «Не ексең ,соны аларсың» деген халық мақалы да, тәжірибе негізінен алынған.
Ұлы Абай «Адамның адамшылығы – ақын, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады» деген. Бұл тұрғыдан алғанда ата – аналармен бірге ұстаздар қауымына артылар сенім, жауапкершілік жүгі жеңіл болмаса керек. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады», деп Абай атамыз айтқандай өмірден көрген – білгені, түйгені мол, үлкенді тыңдай білудің өзі - үлкен сабақ. Осы орайда әрбір сынып жетекшісі де алдындағы шәкіртіне дұрыс тәрбие беріп, ізгілік нұрын себуге өзінше әрекет жасайды, ізденеді. Әр тақырыпқа тәрбие сағаттарын, танымдық ойындар, кештер мен пікірталастар өткізеді.
Бала ең алдымен ата – анасын көріп,солардан қарап өседі. Егер бала мектептен барған соң тәрбиеленеді десеңіз кеш қалғаныңыз. Мектеп тәрбиесі жанұядағы алғашқы жақсы тәрбиемен ұштасса, дұрыс адам өсетіні сөссіз. Екіншіден, бала неғұрлым батыл болса, соғұрлым шыншыл болады. Өзі жасаған қатесін өзі мойындау да батылдықтың белгісі. Үшіншіден, баланы жасынан шынайы сезімге дағдыландыру қажет. Жалған сезім абырой әпермейді. Төртіншіден, балаларымыз өзімшіл болмай, көпшіл, қоғамшыл болсын дейміз. Мұның алғашқы адымы жанұяда басталса, ары қарай өрістеуі қиынға түспейді. Бесіншіден, балаңыздың бойында өз ісіне деген жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерді кішкентайынан егіп, қалыптастыру керек.
Тәрбие мәселесіне бірінші жауап беретін ата – ана сіз өзіңіз. Өйткені, баланың алғашқы көргені, алғашқы естігені сіздің сөзіңіз. Алғашқы сезінгені де ата – ана бойындағы қасиет. Міне, осы қасиеттер, тәлім – тәрбие қандай дәрежеде болса, бала да сондай етіп қабылдайды. Әрине, қайта тәрбиелеу ұзақ процесс. Ол ата – ананы да, ұстазды да шаршатып барып жемісін беруі мүмкін.
Сондықтан, тәрбиені бастан, баланы жастан тәрбиелеу орынды. Ата – ана абыройы балаға берген тәлім – тәрбиесімен өлшенеді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Отбасы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 388 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar