Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы -

Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1303 | Размер: | Автор: гость
. Расымбекова Назгүл Мекенбекқызы,
Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Түлкібас ауданы
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы

Сабақтың мақсаты Қоғамның мәдени және шаруашылық өмірі туралы түсінік қалыптастыру.
Ауыл мен қала шаруашылықтарын ажырата білуге баулу.
Теориялық білімдерін практикада ұштастыра білуге баулу.
Оқытудың нәтижелері Жаңа тақырып туралы ұғым қалыптасады.
Ауыл мен қала шаруашылықтарын салыстырып, ажырата біледі.
Алған білімдерін практикада ұштастыра алады.
Модульдің кіріктірілуі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқыту, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Сабақтың барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар, көрнекіліктер
Кіріспе 2 минут Топқа бөлу

Адамның жақсы қасиеттерін стикерг жазу арқылы 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді. (Сабырлы, ұстамды, төзімді, шыдамды) Түрлі-түсті стикерлер
2 минут Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушылар қастарында отырған көршілеріне көршісінің есімінің бас әріпімен байланысты тілек айтады.

5 минут Үй тапсырмасын тексеру.
«Уақыт шеңбері» әдісімен үй тапсырмасын бекіту.
Шеңбер болып тұрып, өткен тақырып бойынша сұрақтаға жауап береді. «Ауылдың жаңаша көрінісі» тақырыбына салып келген суреттерін талқылап, бағалайды. Бағалау парақшасы, А4 қағазы.
Жаңа сабақтың таныстырылымы 5 минут

3 минут Білу. «Ой қозғау» әдісі бойынша түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
- Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы үшін ең басты не қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?
- Не үшін еңбектену қажет?
- Балалар, сендер қандай еңбек етесіңдер?
- Балалар бұл тақырыпқа сабақтың соңында тоқталамыз
- Балалар, ер адамдар неше жастан бастап жұмыс істейді?
- Әйел адамдар неше жасқа дейін жұмыс істейді?

Түсіну. «Миға шабуыл» әдісі бойынша еңбек туралы мақалдар айтқызып, мағынасын ашқызу. Сұрақтарға сыни тұрғысынан жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Әр топ еңбек туралы бірнеше мақал айтады. Мағынасын түсіндіреді.

Бағалау парақшасы, А4 қағазы.
Жаңа сабақты қолдану 10 минут

7 минут Қолдану.
Венн диаграммасын жасату.

Талдау. «Автобус аялдамасы» әдісі бойынша топтық жұмыс орындату.
Қаладағы, ауылдағы еңбек туралы салыстырып, ажыратып Венн диаграммасын жасайды. Әр топ өз жұмысын дәлелдейді.

Әр топ аялдама болып аттарын құрастырады. Мәтінге қатысты сұрақтар дайындайды. Джиксо әдісі арқылы топтар тізбектеліп сұрақтарға жауап береді. Сұрақ құрастырған топ жауап беріп жатқан топты бағалайды. Бағалау парақшасы, плакат, маркер, оқулық.

А4 қағазы.
Жаңа сабақты қорытындылау

5 минут Жинақтау. «Мен еңбектенемін. Өйткені еңбек..» тақырыбында эссе жаздыру. Берілген тақырып бойынша өз ойларын жинақтап, эссе жазады. Бағалау парақшасы, А4 қағазы.
3 минут Бағалау. Жұптастырып, критериалды бағалату.
Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау.
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып бір-бірлерін бағалайды.
Бағалау прақшасы
2 минут Рефлексия. Не ұғындым? Не ұғынғым келеді? Не ұсынамын? Деген сұрақтарға жауап бергізіп, кері байланыс орнату Берілген сұрақтарға жауаптарын стикерге жазып, рефлексия парағына жатыстырады. Рефлексия парағы, стикерлер
1 минут Үйге тапсырма беру.
5жолды өлең құрастыру. Күнделікке жазып алады. Күнделік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.