Меню
Назад » » »
Отбасы – шағын қоғам
загрузка...

загрузка...
Жүзенова Ақжанар Амангелдіқызы,
№14 жалпы орта мектебінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға қоғам, отбасы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Ол
қоғамның бір бөлшегі, отбасы бар жерде өмір бар деген ұғымдарға тоқталу.
Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастырушы, отбасында адамдардың
алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін
білуге үйрету.
Дамытушылық: Отбасы қоры туралы түсінігін кеңейту. Отбасының әлеуметтік
жағдайын жақсарту үшін қордың маңыздылығын түсіндіру. Отбасының әр
мүшесінің дамуына жағдай жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Туған - туысқандарды өзара сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Адамның
қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру, Ата - ананы
сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі мен жабдықтар: слайдтар, интернет материалдары, стикерлер, интерактивті тақта, плакат,видео
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, пікірталас, топтық жұмыс, кластер, сыни
тұрғыдан ойлау әдістері
Сабақтың жоспары
1. Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
2. Оқушыларды топқа бөлу
3. Ой қозғау. Отбасы туралы түсініктерін айқындау.
4. Мағынаны тану. Топтық жұмыстар.
5. Ой толғаныс
6. Сергіту сәті
7. Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер
8. «Ғажайып алаң»
9. Сөзжұмбақ шешу
10. Кластер стратегиясы
11. Инсерт әдісі
12. Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау
13. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы.
І. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивтік тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.
- Балалар, бүгін сендер сондай әдемісіңдер, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
- Барлығымыздың бойымызда жақсы қасиеттер бар екенін білеміз.
- Ендеше, бір-бірімізді жақынырақ тану үшін, әрқайсымыз жақсы қасиеттерімізді айтайық.
(Мен-Асқар үлкендерге көмектескенді ұнатамын, жақсы дос бола аламын)
ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу.

Үш түстегі гүл суреттерін пайдаланып, оқушыларды «Табиғат», «Адам», «Қоғам» деген
3 топқа бөлу.
ІІІ. Ой қозғау
- Міне, балалар біз сендермен ғарыш әлемі туралы үлкен тарауды аяқтадық. Бүгіннен бастап қоғам деген тарауды бастаймыз. Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым - қатынастары біріктірілген адамдар тобы. Яғни, қоғам дегеніміз – біздің өмір сүріп отырған ортамыз. (Қоғам туралы слайд)
Оқушыларға отбасы туралы слайдтан суреттерді көрсету.
-Балалар, суреттерде кімдер бейнеленген?
- Олар, бір-біріне кім болып келеді?
-Олар немен айналысып жатыр?
Оқушылар суреттерде отбасылар бейнеленгенін табады.
Сабақтың осы бөлігін мұғалім қорытындылап, суретте отбасы, қоғам туралы айтады.
Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңдар ма, көрсетілген суреттер отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы - шағын қоғам» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Отбасының басшысы болады.Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Отбасы мүшелерінің арасында татулық, бірлік, сыйластық, адалдық, келісім, сүйіспеншілік сияқты жақсы қатынастар болуы керек. Сонда ғана отбасы жарастығы болады. Балалар негізгі тәрбиені отбасында алады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
Әрбір отбасы мүшесі қоғамның мүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы, құқы бар.
Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан 1993 жылдан бастап
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні болып аталады.
IV. Мағынаны тану.
Мұғалім оқулықтағы Отбасы-шағын қоғам тақырыбын 3 топқа бөліп береді.
1-топ (Табиғат): мәтіннің басынын «Отбасындағы барлық шаруа ақылдасып істеледі» деген сөйлемге дейін. Бұл бөлікте отбасыға жалпы сипаттама беріледі.
2-топ (Адам): «Отбасындағы барлық шаруа ақылдасып істеледі» деген сөйлемнен «Отбасы туған-туыстарымен де қарым-қатынаста болады» деген сөйлемге дейін. Бұл бөлікте отбасы мүшелері арасындағы қарым – қатынас, еңбектің ролі айтылады.

3-топ(Қоғам): «Отбасы туған-туыстарымен де қарым-қатынаста болады» деген сөйлемнен соңына дейін. Туған – туыстармен қатынас сөз болады.
Оқушылар өздеріне берілген мәтін бөлігімен танысып, плакатқа дайын суреттерді пайдаланып, жазбалар, суреттер қосып постер дайындайды.
Әр топ өз бөліктері бойынша түсініктерін айтып, постерлерін қорғайды.
V. Ой толғаныс. «Пікірталас» (Әр топ басқа 2 топқа сұрақ береді.Өз ойларын ортаға салу)
- Отбасын неге шағын қоғам дейді?
- Отбасының негізін қалаушылар кімдер?
-Отбасында еңбектің ролі қандай?
-Отбасындағы туыстық қатынастар қандай болады?
-Отбасындағы тәрбиенің қандай түрлері болады, не үйретеді?
- Қоғам сөзін қалай түсінеміз?
VI.Сергіту сәті
Бейнеүзіндіге билеу
VII. Отбасы жайлы мақал – мәтелдер, қанатты сөздер. (Интерактивті тақтадан көрсетіледі, оқушылар олардың мағыналарын түсіндіреді)
1. Бала – ананың бауыр еті.
2. Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
3. Өз үйім өлең төсегім.
4. «Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
5. Отбасы - тәрбиенің басты ұясы.
6. Әке жолы – ұлына мақтаныш.
7. Ананың аялы алақаны - қызына сағыныш.
8. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі. (Әбунасыр әл Фараби)
9. Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н. Назарбаев)
VIІІ. Сөзжұмбақ шешу

О
Т
Б
А
С
Ы

1. Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.
2. Мемлекеттік рәміздің бірі.

3. Еңбек құралы.
4. Ең жақын адам.
5. Уақыт өлшемі.
6. Ырыс алды -
IX. «Ғажайып алаң» ойыны
Әр топтан 1 оқушыдан шығады.
Сұрақтар:
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Тәрбие..... басталады
3. Отбасы- тәрбиенің басты ....
4. Әке жолы – ..... мақтаныш.
5. Ананың аялы .....-қызына сағыныш.
6. Әке - асқар ....
Х.Кластер әдісі
«Отбасы», «Отбасы жарастығы» сөзіне кластер толтыру.
(шағын қоғам, отбасы басшысы, отбасы қоры, мүшелері іс атқарады, туыстармен қатынас, мекенжайы, татулық, сыйластық, т.б. )

ХІ. Инсерт әдісі. Не білдім? Не білгім келеді? (Стикерге жазып, плакатқа жапсырады)
ХІІ. Оқушыларды бағалау
Мұғалім дұрыс жауап берген оқушыларға стикер таратып беріп отырады. Сабақ соңында стикерлерді плакатқа жапсырады. Мұғалім оларды санап қорытынды бағалайды.
Жаңа сабақты қорытындылау
Отбасы - адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап тәрбие нәрін алатын орны әрқайсысының отбасы дәстүрлерін құндылықтарын сақтай білсеңдер қоғамның жақсы мүшесі бола аласыңдар.

ХІІІ. Үйге тапсырма
Отбасы туралы эссе жазып келу Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Отбасы – шағын қоғам можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 268 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar