Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы- шағын қоғам -

Отбасы- шағын қоғам

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1463 | Размер: | Автор: гость
. Тұтқышева Сапаркүл,
Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: Отбасы- шағын қоғам

Сабақтың мақсаты: Отбасы деген түсінікті қалыптастыру
Міндеттері: Отбасы- неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін түсіндіру;
Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып, іс әрекеттері үшін жауап беру, туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру;
Отбасы мүшелерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Презентация сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті, талдау, жинақтау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Отбасы- шағын қоғам» слайдтар топтамасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысы:
Үй жұмысына берілген тапсырмаларды сұрап, қайталауға арналған сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптарын тыңдау,тесттік жүйеде орындалған жұмыстарын қорытындылау, бағалау.
ІІІ Жаңа сабақ
Кіріспе бөлім
І. Қызығушылықтарын ояту.
Отбасы жайлы ән айту. Әннің не туралы айтылғанын сұрап, отбасы туралы жақын білуге көшу.

Негізгі бөлім
Отбасы- бұл бірін- бірі жақсы көретін, сыйлайтын, қиындықта көмекке келетін туыс адамдар. Отбасы мүшелерін өзара құқығы мен міндеттері біріктіреді. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағуға міндетті. Олардың тәрбиесіне, білім алуына, ауырмауына жағдай жасайды. Ал балалар есейгенде өз ата-анасына, әпкелеріне, ағаларына, інілеріне, қарындастарына, сіңілілеріне қамқорлық танытып, көмек көрсетуге тиіс.
Интербелсенді тақтадан «Отбасылық міндеттер» сызбасын толтырады.





Жұппен жұмыс. Оқушылар өздері құрастырған әңгімелерін сахналайды, өзара пікірталас ұйымдастыру.

Отбасыңа өз құқығыңды қорғауға тура келді ме?
Отбасыңда болған кикілжіңді басуға шамаң келе ме?
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрып, жылы сөздер айтады.
Сен кереметсің! Сен әдемісің! Сәлем, қалайсың? Көйлегің қандай жарасады!
Интербелсенді тақтадағы сызбаны түсіндіру, кесте құрастыру.
ұл бала қыз бала

жасөспірім жасөспірім

бозбала бойжеткен

ер адам әйел

қарт атай қарт әжей
Оқулықпен жұмыс, мәтінді оқып, мазмұнымен танысады.
Қоғам дегеніміз не? мысалы, Қазақстан Республикасының қоғамы, оның белгілі бір алып жатқан аймағы бар. Басқарушысы және халқы бар. Қоғамның дамып, өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді, т. б. Ал отбасын неге «қоғам» дейміз? Отбасының да басшысы бар. Отбасында әке не шеше басшы. Олардың бірі болмаса, баланың үлкені аға не әпке басшы. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді. Отбасы мүшелерінің барлығы өз мүмкіндігіне қарай іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай туғызу. Отбасы табысы да барлығына ортақ. Оның мүшелерінің керегіне жұмсалады.
Отбасының ауқатты болуы қоғамга да пайдалы. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен де қарым-қатынаста болады.Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады.
Қарым-қатынас жасау түрі көп-ақ: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып-сырқағанға көмектесу, кәмелетке келгендерін үйлендіру, т. с. с.



Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы – адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туыс-туғандар арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады.Мейірімді болсаң, сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмекке келеді. Сөйтіп, отбасы шағын «қоғамның» жұмысын атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарымен таныстыру, бапта белгіленген міндеттерді оқып беру, танысу.
Конституцияның 27- бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп көрсетілген.
Отбасының отбасылық шежіресі болады. Әке мен бала, ана мен қыз, ата, әже, немерелер, туыстар- мұның барлығы отбасылық шежіре.
Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп,әр бөлікте не жазылғанын сараптау.
1-топ: Отбасы мүшелері жайлы, олардың атқаратын міндеттері жайлы топтама жасау;
2-топ: Отбасы мүшелерінің туыстық қатынастары жайлы;
3-топ: Адамдардың адамгершілік қасиеттері жайлы өз ойларын сараптайды.



«Отбасы» сөзіне ассоциация жасау.


Шағын қоғам

Неке Қоғамның бір
(екі адамның өзара бөлшегі
келісімі)

Болашақ



Пікірталас өткізу.
Отбасындағы ұл балалар мен қыз балалардың қызығушылықтары әртүрлі болғандықтан, оларды бірге ойнатуға болмайды, неге?
Отбасындағы ұл бала мен қыз балалардың арасында болатын қандай түсініспеушіліктер бар?
Ұл балалар қыз балалар туралы жазғанды оқып, сол бойынша кестені толтырады.Қыздар керісінше оқиды.
Кесте бойынша жұмыс.Жұмыстарын болған соң оқушылардың жазғандарын оқытып,өз ойларын айтқызу.
Ұл балалар Қыз балалар


Топтық жұмыс
«Сынып жүрегі» дидактикалық ойыны
Оқушылардың алдына қағаздан қиылған «жүректер» беру. Оқушылар параққа тілектер жазады. Содан соң оқушылардың аттары жазылған қағаздардың ішінен біреуін бір оқушы суырып алады. Кімнің аты жазылса, жүрек сол баланікі болады.Жүрекке сол оқушының аты жазылады және тілектер жазылған парақтар сол жүрекке желімделеді.






Оқушылардан сұрау: Осы жүректе саған не ұнады?
Саған өзің туралы тілек ұнады ма? Тілектерді жылы сөздерді неге жүрекке орналастырдық?
Әр оқушының пікірін өздеріне толтырып отыру
Қорытынды.Оқушыларға тесттік тапсырмалар беру, орындалған тапсырмаларын бағалау.
Қоғам. Отбасы.
1.Өмір сүру жағдайы, қарым-қатынасы, міндеттері мен мүдделері бір адамдар тобын қалай атайды?
а) достастық
ә) қоғам
б) отан
2. Отбасы- бұл....
а) көрші түратын адамдар
ә) неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы.
3. Бір- бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?
а) Көршілер
ә) достар
б) туысқандар
4. Адамға мектеп керек пе? Екі-үш дәлел болатын мысал келтір.
Еркін жауап
5. Алғаш рет қағазды қай елде жасап шығарды?
а) Америка
ә) Қытай
б) Ресей
6. Алғашқы кітап басылымдары қай елде пайда болды?
а) 1032 жылы Ресейде
ә) 11-ғасырда Қытайда

б) 704-751 жылы Кореяда
7. Қазіргі кезде кітап басып шығаратын мекеме қалай аталады?
а) Кітап фабрикасы
ә) Кітап зауыты
б) полиграфия комбинаты
8. Сен туысқандарыңа қандай қамқорлық жасайсың?
Еркін жауап
9. Мектепке не үшін барасың?
Еркін жауап.
10. Алғашқы кітаптар қандай материалдан жасалды?
а)ағаштан
ә) тастан
б) әр түрлі заттан

Бағалау. Бағалау оқушылардың өздерінің бағалауымен салыстырылып қойылады.
Рефлексия. Парақшаларға бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазады
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, әркім өз отбасы жайлы әңгіме құрастырып келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.