Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОТБАСЫНДАҒЫ  ТӘРБИЕНІҢ  БАЛА  БОЙЫНДАҒЫ  ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ  АРТТЫРУ  ЖӘНЕ  ҚҰЗІРЕТТІ  ТҰЛҒА  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  МАҢЫЗЫ -

ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ БАЛА БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰЗІРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1464 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Тапсырыс үлгісі


1.ШӘКІРБЕК Қаламқас Асанбайқызы
2. Баяндаманың тақырыбы:
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ БАЛА БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰЗІРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Секция: сынып жетекшілер секциясы
3. Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
4.Баяндаманы оқу барысында интербеленді тақта арқылы слайд қажет болады.
5.Мекен-жайы: ОҚО,Созақ ауданы Қыземшек поселкесі .16 үй - 12 пәтер
Сымтетік: 58-52 ҰЯЛЫ ТЕЛ:+77784517018

Өтініш

1 Автордың тегі, аты, әкесінің аты Шәкірбек Қаламқас Асанбайқызы
2 Жұмыс орны Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі
3 Қызметі мұғалім
4 Ғылыми дәрежесі, лауазымы Кембридждік оқыту теориясының бірінші (ілгері) деңгей мұғалімі
5 Жұмыс бағыты Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
6 Баяндаманың аты Оқыту мен оқудың жаңа әдіс- тәсілі қазақ тілі сабағында
7 Жинақты жіберетін почталық мекен-жай Созақ ауданы,Қыземшек кенті
№16 үй,12 пәтер
8 Байланыс телефоны 77784517018
9 Е-mail Kalamkas . Shakirbiek @ mailru
10 Жинақтың қосымша даналарының саны

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА


Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемелекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шәкірбек Қаламқас Асанбайқызы

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - дейді. Менің ұстаздық етудегі іс-тәжірибемде ұстанамым осы. Ағылшын ғалымы Пажарес (1992)оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасқан пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.[ 3]Әрине, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану әрбір мұғалімнің шеберлігіне де, біліміне де байланысты.
Мен өз сабақтарымда қолданып жүрген Кембридждік оқулардың курсынан меңгерген оқу мен оқыту тәсілдері - жеті модулді ықпалдастыра отырып, сабақ жүргізу жөнінде әріптестеріммен бөліскім келеді.
Кембридждік курстың негізгі міндеті - мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу. Ал, мұғалімдердің міндеті - жеке тұлғаның өзіне , қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуға , өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Мен курс үдерісі барысында көптеген оқыту стратегияларын меңгеру арқылы өз тәжірибеме түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндігі туғанын сездім.Сонымен қатар нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім алдым. Осы жаңаша, заманауи оқытудан «Мұғалім -іздендіруші, бағыттаушы, зерттеуші» екенін ұғындым.
Үшінші мыңжылдықтың мұғалімі қандай болуы керек? Заманға лайық сабақты қалай өтуі керек? Бұл - бүкіл әлемді толғандырып отырған өзекті мәселе. Бірақ та қай заманда болсын, қандай жаңа өзгеріс келсін, мектептің басты тұлғасы – мұғалім болып қала береді, мұғалімнің рөлі барынша артады. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім,-дейді Strong.[ 3] Зерттеулер көрсетіп отырғандай , кәсібилік мұғалімнің өзін білім берудің қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастыруын талап етеді.(Bolom, McMahon,2005)[3] Адамгершілікті көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, тәжірибесімен бөліседі.Олардың көңілінде талапқа сай оқыту тұрады.(Forest,2011)
Қазіргі жаңашыл мұғалім негізінен оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалдарын дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге , өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырады.
Мысалы: орта буын оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды, ал жоғары буын оқушылар оқулықтарда жоқ материалдар іздейді, тақырыбын алып, өздері ізденіп, жазып әкеледі.
Бүгінгі күні қазақ тілі пәнін қалай оқытамыз емес, оқыту сапасын қалай көтереміз, қалай баланы өздігінен оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттырамыз деп пікірлесудің өзі бізді талай мәселені шешуге жақындатады.
Заманның өзі технологиялар кезеңі болғандықтан , біз , мұғалімдер оларды меңгеріп, тиімді қолдануымыз қажет.
Баршамызға белгілі мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - шығармашылық ізденіс. Мұғалім өз шығармашылығы және сыни тұрғыда ойлау арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады.Сыни тұрғыда ойлай алмайтын мұғалім оқушыны да дамыта алмайды. Жаңа технологияның маңызы мұғалімнің танымдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Бұларды меңгермейінше жан-жақты білімді, білікті маман болу мүмкін емес.
Шығармашыл тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, танымдық қызығушылығымен, әдемілікті сезіне білуімен, шабытымен ерекшеленеді.
Оқушының бойында «XXI ғасыр дағдыларын» тиімді қалыптастыру үшін мұғалім жаңаша әдіс-тәсілдерді үйреніп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруы қажет.
Ал шәкірт бойындағы қызығушылықты қалай оятамыз?
«Оқы, жатта, ереже айт, жаттығуды көшір» деген нұсқаумен қызығушылығын арттыра аламыз ба? Әрине, жоқ.
«Қызығушылық» дегеніміз кең мағыналы ұғым. Ол адамның саналы әрекеті. Қызығушылық оқу-тәрбие жұмысында өте қажетті шарттар. Баланың жақсы оқуына ,оқығанын жақсылап түсініп алуына ,баланы әдепті етіп тәрбиелеуде олардың адамгершілік қасиеттерін енгізуде ықпалы зор. Баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру кез -келген жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту, дайындау болып табылады. Шәкірттеріміз әр сабағымыздан өзін қызықтыратын жаңа ақпарат күтеді. Мұғалім әр баланың көкейіндегі сауалға жауап беруі үшін, оның шешімін табатын ақпаратпен жабдықталып келуі қажет. Егер оқушы ойындағы ақпаратты мұғалімнен ала алса, оның көңілі марқайып, қызығып, сабақты түсініп және сыныптастары айтқан ақпаратты толығымен игеріп, өз бетінше ізденуге көшеді. Сол себепті , әр оқушының қабілетіне қарай жұмыс топтарына бөліп оқытып, бірін-бірі тыңдап, жұппен, топпен түсіндіруіне мүмкіндік беру керек. Топтық жұмыс барысында постер арқылы ой түйінделеді.Оқушылардың күнделікті сабақ кезінде ерекше өзгерісті күтетінін өздері жазған рефлексиядан біліп отырдым.Баланың танымдық қабілетін ерте жастан дамыту жолдарын да осы бағдарламадан үйрендім.
Сабақтарымда баланың жас ерекшелігіне қарай АКТ-ні тиімді пайдаланамын. Тақырыпқа сай бейнефильмдер, картиналар көрсетуге болады. Сабақ алдында балаларды түрлі қызығушылығын тудыратын әңгімеге тартып, назарын сабаққа аударып аламын. Яғни, сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолданамын.Мұндағы менің байқағаным, оқушыларға еркіндік беру арқылы сабақты өздері өтуге, сабақ өткен тақырып төңірегінде пікірсайыстар ұйымдастыруға келгенде, балалар қызығып, жалындап шыға келеді.
Қазақ тілі сабағында жеті модулді тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттырудың
Негізгі мақсаты: Баланың бойындағы құмарлығын , қызығушылығын жойып алмай, білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
Нәтижесінде:
Мұғалімнің:
 Сабақ беруі өзгереді.
 Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру жолға қойылады.
 Көп іздену , білім көтеру қажеттілігі байқалады.
 Қызығушылығын ояту мақсатында сабаққа үлкен мән беріледі.
 Сабақ кезеңдеріне сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауға үйренеді.
 Оқушылардың даму деңгейін үнемі зерттеп отыру, диогностикалық қажеттілікке айналады.
Оқушы:
 Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартады.
 Ойларын жүйелеуге , ашық айтуға болады.
 Шығарма жаза алады.
 Рефлексия жасай алады.
 Аз уақытта көп жұмыс жасайды.
 Ойлау үдерісін меңгереді.Талдай алады.
Қызығушылықтың тағы бір мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені үйрену – енжерлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады.Көршісімен бөліседі. Яғни , айту, бөлісу, ортаға салу арқылы ой ашылады. Осылайша шыңдалған оқушы ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.
Күтілетін нәтижеге қалай жетеміз?
Қазақ тілі сабағы қызықты, әрі тартымды, әрі сапалы болуы мұғалімнің өзіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім әр сабағын дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша жақсы нәтижеге жете алмасы анық. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Сабақты жоспарлауда мынадай негізгі талаптарды ескерсек:
1.Оқушылардың ынта –жігерін аударатындай ұйымдастыру .
2.Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.
3.Мұғалім тақырыпты терең және жан-жақты білуі.
4.Мұғалімнің сабақты жеткізудегі тиімді әдіс-тәсілдерді білуі.
5.Ресурстардың нақтылығы, әсерлілігі.
6.Баланы ойлантуға жетелейтін мысалдар алуы , олардың өмірмен байланысы, сөйлетуге ықпалы болуын ескеруі қажет.
7.Топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізудегі шеберлігі.
8.Оқушының теория жағынан меңгерген тақырыбын күнделікті өмірде,сабақта қолдана алуы.
9.Бағалаудың түрлерін қолдана алып,тәрбиелік мәні болуы.
10.Сабақтың жүйелі болуы.
Сонымен бірге сабағымызға қызығушылықты арттырудың бір жолы баланың жеке басына , мінез –құлқына, көңіл-күйіне мән беру,көңіл бөлу, көзқарасымен санасу өте қажет. «Оқушының үніне» үңілу, құлақ түру, қандай да болса оның пікірін бағалау, тыңдай білу керек. Бір сөзбен айтқанда «оқытуды ізгілендіру » қажет.
Сабақ - ізденуден, еңбектенуден туатын педагогикалық шығарма. Осы «шығарманы» оқушыларға игерту оңай емес.Сабақта небір қиындықтар, кездейсоқ әрекеттер кездесіп жатады.Мықты, шебер ұстаз осының бәріне төтеп беріп, сабақты түрлендіріп отырады.
«Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір бар.Мұғалімдерге оқуда ұғымтал, білімді , тұрақты, өз ойын нақты, түсінікті айтатын оқушылар ұнайтынын білемін. Ал , сабақта тыныш отырмайтын, оқыс, қисынсыз сауал қоятын, бағынғысы келмейтін, көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайтыны белгілі. Ағылшын психологы П.Торранстың зерттеулері бойынша осындай қисынсыз қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін , үлгерімі нашар оқушының арасында да дарынды бала бар екендігін айқындаған.Кейбір балалардың дарындылығы белгілі себептермен көрінбеуі мүмкін, болмаса олар әртүрлі себептермен көрсетуге мүмкіндік болмаған шығар,ал кейбір балалар әдейі жасырып жүруі де мүмкін.
Менің сабақ беретін 8 «Б» сыныбындағы бағдарлама бойынша
«Тіл ұстарту» сабағында балалардың қызығушылығын арттыру, дарындылығын анықтау, шығармашылыққа жетелеу барысында өткен бір сабағымның қысқа мерзімді жоспары жайында қарап көрелік.
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың жылдам ойлау және әдемі сөйлеу қабілеттерін дамыту.Қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, дарындылығын анықтау.
Міндеттері:
1.Сын тұрғысынан ойлауды дамытудағы міндет: берілген тапсырма бойынша жан-жақты ойланып,түрліше ой-пікірлер қосады, берілген сөздердің мағыналық ерекше қасиеттері мен түрлерін ажыратады.
2.Топтық жұмысқа байланысты міндет:
Тақырыпқа бірлесіп дайындалады,бірін-бірінің пікірін тыңдайды, нәтиже шығаруға талпынады, қорытынды шығарады.
Күтілетін нәтиже: Бұл сабақта оқушылардың ақындық , жазушылық, суретшілік, актерлық дарындылығын байқауға болады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеті модулді ықпалдастыру.
СТО, топтық оқыту, дарынды және талантты балаларды анықтау, АКТ, көшбасшылық, бағалау,диологтік оқыту.
Ресурстар: постер, слайд, түрлі-түсті қаламдар,қағаздар.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру.
1.Сабаққа психологиялық дайындық.
2.Сабақтың мақсатын айту.
3.Топтық жұмыс кезінде бағалау.
А.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Не бағаланады? 5 4 3 2
Тапсырманы орындауы
Орындаған тапсырмалардың сәйкестігі
Топпен жұмыс жасауы
Тапсырманы қорғауы, постермен жұмыс

Ә.Мұғалімнің бағалауы.
1.Оқушының белсенділігі.
2.Жобаны қорғай білуі;ойды жеткізуі,нақтылығы,мәдениеті,тапсырманы түсінуі.
Керібайланыс парағы.\оқушылардың пікірі\
1-қадам.Қызығушылығын ояту.
Оқушылар түрлі-түсті қағаз қималары арқылы топтарға бөлінеді.
СТО.Тіл ұстарту деген кезде ойларыңа не келеді?Абай атамыздың «Мақсатым - тіл ұстартып ,өнер шашпақ» деген жолдарынан не түсініп отырсыңдар?
Ой-пікірлерін тыңдап болған соң,негізгі тапсырмаға көшемін.
2-қадам.Барлық топтарға
1-слайд.Мына сөздерді қатыстырып ,құрмалас сөйлем құраңдар.
Ауа , күн, жаңбыр, бала, ана, әке, денсаулық, мейірімді.
3-қадам.
2-слайд.Топтарға ат беріледі:
1. «Суретшілер»
2. «Ақын-жазушылар»
3.«Тележүргізушілер»
4. «Актерлер»
5. «Жазушылар»
Енді осы топтарға берілген аттарына байланысты тапсырмалар беріледі.
(Жоғарыдағы,яғни слайдтағы сөздерді ғана пайдалана отырып)
1. Суретшілерге :сурет салу
2. Ақындарға: өлең жазу
3. Тележүргізушілерге: хабар дайындау
4. Актерлерге: қойылым көрсету
5.Жазушыларға: шағын шығарма жазу.
Барлық топтар берілген нақты тапсырма бойынша топпен ынтымақтаса отырып жұмыс жасайды.Уақытты үнемдейді, ақынның, жазушының, актерлардың тұлғасын ажырата отырып жазған, салған жұмыстарын постерде қорғайды.Сыни ойлайды.
Топтың спикерлері постерде немесе жеке, топпен жұмыстарын метафора арқылы қорғайды.Топ жұмыстарына баға береді.
Мәселен, оқушылар «Ақындар» тобында әр оқушы жеке-жеке ақындардың атын алып,өздерінің сол сәтте жазған өлеңдерін оқыды.
Дастан(өзін Қалқаман Саринмін деп таныстырды) :
Бала деген бал екен,
Ата-ананың бағы екен.
Денсаулығы зор болса,
Қуанып бір қалады екен,-десе,
Жазира(өзін ақын Гүлнар Салықбаевмын деді):
Ашық болса күніміз,
Таза болса пейіліміз,
Ана мейіріміне шомылып,
Бала өсер жайқалып.
Әке айтса өсиет,
Болашаққа алаңдап.
Нұрын төккен жаңбырдай
Достық орнар әлемде!
«Жазушылар»тобының мүшелері: «Бәрінен қымбат», «Күнсің маған биікте жарқыраған», «Шаңырақтың жылуы», «Табиғат - анам» деген тақырыптарда шағын шығарма жазып шықты.
«Суретшілер» өздері салған суреттерін қорғаса, «тележүргізушілер» бағдарламаларына «Таңшолпан» деп айдар тағып,таңғы жаңалықтармен таныстырды.Ал өз кезегінде «Актерлар» тобы берілген тірек сөздерінің кейпкерлеріне айналып,керемет тәрбиелік мәні бар көрініс ойлап тауып, көрсетті.
Қорытындылау.
Оқушылар топтардың тапсырмаларды орындалу критерийлеріне байланысты ой-пікірлерін білдіріп, талқылайды.
Бағалау. Бағалау парақшалары, смайлик, «бас бармақ» әдістері қолданылады.
Үйге тапсырма. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолы тақырыбына ойтолғау жазып келу.
Кері байланыс .Стикер тарату.
«Шәкірт өздігімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады»- демекші (А.Әлімов) сабақ үдерістерінде жаңа технология арқылы өздігінен білім игеруге деген қадамдары бойынша өтіп жүрген сабақтарымның біріне тоқталсам:
(Мұғалімдерге «Көбелек» бейнефилімін көрсету).

Пәні :қазақ тілі Өтілетін күні:5.02.2014 ж Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты Сабақтас құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, салалас сөйлемдерден айырмашылығын меңгерту.
Білімділік ынта қойып тыңдау, салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауын жетілдіру

Тәрбиелік Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық Құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, одан әрі дамыту.

Оқу нәтижесі Өздері ізденеді, бірін- бірі бағалайды
Сабақтың түрі Іздену, шығармашылық сабағы
Cабақтың типі Аралас сабақ
Ресурстар слайдтар, үлестірме қағаздар.
Мұғалімнің іс –әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Тапсырмалар Ұйымдастыру.(3мин)
Үй тапсырмасын сұрау
( 7мин)
А, В, С деңгейдегі оқушыларға түрлі сұрақтар қою.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Жаңа сабақ (15 мин)
Қызығушылығын ояту

Дағды мен іскерлік (10мин)

Бекіту.(5мин)

Сабақты қорыту
Үйге тапсырма.(5мин)
Топқа бөлініп отырады
Сұрақ –жауап

Ойын еркін жеткізу

Венн диаграмасы

Кітаппен жұмыс жасайды. Cалыстырады.Өзара бірін –бірі оқытады.

Сұрақ- жауап.Диалогтік пікірлесу.

Бекіту сұрақтарына жеке жауап береді
Үйге тапсырма алады
Рефлекция жазады
Әдіс-тәсілдер Жұптық,топтық жұмыс жасау,ой қозғау,еркін сөз сөйлеу,Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану

Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу» треннингі
Ойшақыру. Бүгінгі сабақтың мақсаты не деп ойлайсыңдар?
А)Үй тапсырмасын сұраймын.166-жаттығу.
Венн диаграммасы.
Салалас құрмалас Сабақтас құрмалас Аралас құрмалас
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып бір-біріне тәуелсіз, тең дәрежеде байланысады. Алдыңғы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып , кейінгі сөйлемге бағына байланысады. Құрамындағы жай сөйлемдер салаласа да,сабақтаса да байланысады.

Жаңа сабақ. Оқушылар жаңа жұмыс топтарына бөлінеді.(Топтарға бөлгенде санау арқылы немесе түрлі суреттердің қиындысын құрау арқылы бөлуге болады)
Өзара оқыту.
• Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін оқып,түсіну.
• Түсінгендерін жазып отыру,түсініксіз жерлерін айқындау.
Мысалдар келтіру.
Сергіту сәті. «Шаттық шеңбері»
Қорытынды:
№ Білемін Білгім келеді Мен үшін жаңалық Қосатыным бар
1
2
3

VІ. Бағалау: Бағалау парағы арқылы топ басшы бағалап отырады.

Оқушылардың
аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Бекіту Қорытынды
баға
1 2 3 1 2 3 1 2 3





Барлығы:
Бағалау көрсеткіштері.
11-12 ұпай - “5”
9-10 ұпай - “4
7-8 ұпай - “3”
6-төмен - “2”
Білімді бекіту: «Орамал тастау» ойыны арқылы оқушының және топтың білім деңгейі анықталады.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Рефлексия. «Екі жұлдыз,бір тілек»
Үйге тапсырма:174-жаттығу. «Менің арманым мен мақсатым» тақырыбында ойтолғау жазып келу.
Қорытындылай келе, Американдық зерттеуші-психолог Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттері [Нұсқаулық- I]:
Бас - кәсіби түсінік, қол - оқытудағы тәжірибелік дағды, жүрек - кәсіби –өнегелік тұтастық. Бұдан біздің түсінетініміз, әр мұғалім теория мен тәжірибені ұштастырып, шын ынта-ықыласымен оқушыларға мейірімділік, жанашырлық, құрмет көрсете білуі тиіс. Біздің біліктілігіміз бен рухани құндылығымыз мықты болуы керек.
Шәкірт ұстазына: «менің қолымнан төмен қарай тартпаңыз, жоғары да тартпаңыз, қолым ауырады.Мен үшін қиналма ,еркін жоғары қарай көтерілетін білім баспалдағын табыңыз» деген талабы бар.[6]Осы талапты ұмытпауымыз керек.
. Қазақ тілін оқытқанда ана тіліміздің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, оқушылардың сөздерді орнымен қолдану, сөйлемдерді оралымды құрау, түсінікті де әдемі етіп жаза білу, әдеби тіл нормалары негізінде жазу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің басты міндеті.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы.№1,2 2013 ж
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» журналы №5 2013 ж
3. Кембридждік оқыту теориясы.Нұсқаулық -1
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті»№7, 2013 ж
5. «Мектеп» журналы №2,2014 ж
6. Қылышбаева Қ.Ә «Блум таксономиясының ұтымдылығы».
Астана-2012ж
7. Ғаламтор материалдары
8.А.Әлімов . «Интербелсенді әдістемені ЖОО –да қолдану мәселелері»
Оқу құралы.Алматы-2013
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.