Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер жасауға  қатысуы -

Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер жасауға қатысуы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 985 | Размер: | Автор: Публикатор
. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК
№2 балабақша логопеді
Назарова Назира Пернебекқызы

Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер жасауға қатысуы


Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар.
Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.
Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату.
Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға қатаң тиым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек.
Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.
Логопед кеңес береді
- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;
- балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;
- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
- сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
- балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.
















Назарларыңызға рахмет!!!!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.