Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Педагогикалық технология әдістері -

Педагогикалық технология әдістері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1646 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Ж о с п а р ы :

І. Кіріспе.
Педагогикалық технология әдістері кәсіптік шеберлікті шыңдайды.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдердің алдындағы басты міндеттердің бірі.
ә) Жеке тұлғаны қалыптастыруда саралап –деңгейлеп оқытудың
тиімділігі.
б) Саралап оқыту - химия сабағында
в) Саралап оқытуда қол жеткен нәтижелері.
ІІІ. Қорытынды.
Ел болашағы - білімді ұрпақ.

Адам бойындағы қабілетті шыңдауда танымдық туындылардың алар орны ерекше. Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Өз тәжірибемде сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қабілетіне қарай саралап оқытудың нәтижелі болатындығына, жеке тұлғаны қалыптастыруда, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне, пәнге қызығушылығы дамитындығына көзім жетіп келеді. ОЛ үшін сыныптағы оқушыларды қабілетіне қарай үш топқа бөлемін. Яғни білімі толық беске оқитындар – үздік топ, екінші топ – төрттіктер, үшінші топ – үштіктер. Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екенін түсіндіремін. Яғни «5» бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулықпен қатар қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет –журнал материалдарымен өз білімін ұштастыра отырып, оқулықпен сабақтастыруы шарт, ал оқулық материалын меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді. Әр деңгейлікті орындағанда сол деңгейлікке қатысты оқушы өз мүмкіндігін мөлшерлеп, өзінің өзіне әділ баға беруі байқалады. Егер оқушы өзінің оқу үрдісіне бір рет шабыттанса, келесі іс -әрекетте де, оған ынталылық танытары сөзсіз. Бірақ, ол тапсырма деңгейінен екінші деңгей оңай, не одан өте терең берілмей, оның орта дәрежесін ұстау өзінің есінен шығармай отыруы жұмыстың көп деңгейлікті заңдылығын бұзбауға үлкен көмек.
І-деңгей –оқушылық.
Мақсаты: 1. Білім - өткен тақырыпты пысықтау, қайталау
2. Дағды – белгілі бір шамада өткен материалдың логикалық қабілетін анықтау. «3»
ІІ –деңгей-алгоритмдык «4»
Мақсаты: 1. Білім - өткен сабақтың тақырыбы материалын тұспа –тұс нақты түрде қорыту.
2. Дағды – теория түрінде көркемдеп жеткізу.
ІІІ –деңгей –эвристикалық . «5»
Мақсаты: 1. Білім –сабақтың, бекіту сабағының идеясын ашу.
Қорыту, талдау жасау.
ІV –деңгей –шығармашылық.
Мақсаты: 1. Білім -өткен сабақты, бекіту сабағын өте жоғары дәрежедегі
шығармашылық мүмкіншілікпен бекіту.
2. Дағды –тақырыптың идеясын ашып, фактілерді келтіре
отырып, бекіту сабағын ғылыми түрде дәлелдеу.
Үш өлшемді әдістемелік жүйе –профессор Ж. Қараевтың методикасы. Оның мәні -өзі білген нәрсені меңгеруге қолайлы бағыт тудыру.Ол оқушыларды өзін -өзі бағалауға үйретеді.Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы жаңа өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып іздену іс -әрекеттерін меңгеруді талап етеді. Бұл технологияда І-орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады. Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
І-деңгей: Оқушылық – репродуктивтік деңгей
- Жаттап алуға лайықталған анықтамалар, ережелер т.б.
- алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап,
пысықтауға арналған сұрақтар.
-тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты
болуы керек.
ІІ-деңгей: Алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына жасалады.
- өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар,
бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете
пайдалануды қажет етеді.
- логикалық есептер, тапсырмалар, сарамандық жұмыстар, зертханалық
жұмыстар.
ІІІ–деңгей: Эвристикалық-танымдық іздену түрінде орындалатын тапсырмалар, анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс –тәсілдермен есептер шешу, өздігінен есептер, ребустар құрастыру, проблемалық жағдайларды шешу.
ІV-деңгей: Шығармашылық – олимпиадалық тапсырмалар - өз бетімен тақырыпқа резюме, анықтама, дәлелдеудің жаңаша дүние жүзілік ғылым деңгейіндегі нұсқауларын орындау.
Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясының басты мақсаты –сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы
- Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне
- Оқушыны ынталандыруға
- Оқушы мен оқушының ынтымақтастық қарым –қатынас достығына
- Оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне
- Баға әділдігіне
- Білім көрсетудің әділ сайысына
- Дүние жүзілік рейтинг жүйесіне
- Дүние жүзілік «Балалар құқықтарының конвенциясы» қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді.
Егемен елімізде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар мектеп жұмысына да елеулі әсер етері даусыз. Ең бастысы, ұстаздар шығармашылығына жол ашылды. Оқушыларға жүйелі де сапалы білім беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.Қазақтың көрнекті жазушысы Ғ.Мүсіреповтың: «Оқу –білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, ең алдымен білім керек»,- дегені бекер емес. Өз ісінде ізденгіш мұғалім ғана балаларға жақсы өнеге терең білім бере алады. Сондықтан мен де көп ізденіп білім мен біліктілігімді жетілдіруді, сөйтіп болашақ ұрпаққа өмір талабына сай білім беруді басты мақсатым деп санаймын. Саралап оқытудың нәтижесінде оқушылар өз ойын еркін айта алатын болады. Бос сөз, құр дәлелдеуден гөрі кез - келген нәрсені сыни тұрғыдан ойлауды үйренеді. Екіншіден, пәнге деген қызығуы арта түседі. Сондай –ақ саралап оқыту оқушылардың білім деңгейін көтеруге және шығармашылық қабілеттерін ұштай түсуге көп септігін тигізеді. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Америкада, ал 60-шы жылдары бүкіләлемнің алдыңғы қатарлы мектептерінде білім беру мен оқытуда саралау үрдісі кеңінен етек алғаны мәлім. Бұл үрдіс бүгін таңда Қазақстан мектептеріне де келіп жетті. Саралау –оқу мекемелерінің түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен өз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа бөлінеді. Білім беруде саралап оқытуда қарама - қайшылықта кездеседі. Сыныптағы оқушыларды топқа бөліп оқыту –білім сапасының айнасы. Саралап оқыту кезінде деңгейлік тапсырмалар біртіндеп күрделене түседі. Нәтижесінде оқушылардың белсенділігі сабаққа қызығушылығы артады. Саралап оқытудың тағы бір тиімділігі дарынды, қабілетті оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы әдіспен сараланып алынған оқушыларды олимпиадаларға, сайыстарға қатыстырып мұғалім еңбегінің жемісін көруге болады.Мысалы 2003-2004 оқу жылында аудандық олимпиададан 10 б сынып оқушысы Е.Ермеков ІІІ-ші орын алса, 2004-2005 оқу жылы 11 а сынып оқушысы Е.Матеуов ІІ-ші орын. Сол сияқты биылғы оқу жылында 11 б сынып оқушысы Г.Амангелдиева ІІ-ші орын, 9 б сынып оқушысы А.Ниетжанова ІІІ-ші орынды иеленді. 9 г сынып оқушысы Г.Жолбаеваның «топырақтың құрамы және оны анықтау» тақырыбындағы ғылыми жұмысы облысқа ұсынылды.
Мектепішілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін мынадай мақсаттар қою керек:
1) Нақтылы бағдарлама жасау
2) Педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен әлем педагогикасының іс –тәжірибесі мен қаруланған болуы
3) Материалдық базаның жеткілікті болуы
Мысалы 8 сыныпта «Қышқылдар» тақырыбын өткенде сыныпты үшке бөліп, әр деңгейде тапсырмалар бердім.
І-ші деңгей: Алгоритмдік (5-ұпай)
1) Қышқылдар құрамы бойынша қалай жіктеледі?
2) Қышқылдар сутек атомының санына қарай қалай жіктеледі?
3) Өзің білетін қышқылды жазып, қышқыл қалдығының астын сызып
валенттілігін көрсет.
ІІ-ші деңгей: Эвристикалық деңгей: (10-ұпай)
1) Күкірт қышқылының құрылымдық формуласын жазыңыз
2) Қышқылдар қандай әдістермен алынады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
3) Қандай ерімейтін қышқылды білесіз?
ІІІ-ші деңгей: Шығармашылық деңгей: (15-ұпай)
1. Алмасу реакциялары қай уақытта аяғына дейін жүреді?
2. Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакциялардың үш теңдеуін келтіріңіз. Реакцияның қай типі жүреді?
3. Есеп. Мына формулалары берілген заттардың қайсысы күкірт қышқылы мен әрекеттеседі? Жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз: а) CuO б) Cu в) NaOH г) Ag д) Zn
немесе «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын қайталау тақырыбында 8 в сыныбында өткізілген ашық сабағымды ұсынамын:
Білімдік мақсаты: Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін
тексеру, оны толықтырып саралау, жеке тұлғаны дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға, кәсіптік
бағдар беруге, әділдікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, таным қабілетін, өз бетімен
жұмысын, пәнге қызығушылығын дамыту.

Әдісі: аралас сабақ, сұрақ-жауап, сауалнама, тәжірибе демонстарциялау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбасы, құрал-жабдықтар,
реактивтер т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, физика, биология.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру. 1-2 мин.

ІІ. Үй тапсырмасы: Тұздар құрамы, химиялық қасиеттері. Алынуы. 5-7 мин.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
(тест, карточка түрінде)

ІV. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.
а) сынып оқушыларын түгендеу.
ә) сыныптың назарын тақтаға аудару.
б) құралдарын тексеру.

V. Жаңа білімді меңгерту 13-15 мин.

VI. Жаңа сабақ: «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары»
тарауын қайталау.

І. «Болашаққа тек қана біліммен ...» айдарымен тарауды қорыту сабағын бастаймыз.

ІІ. «Химия сенің қызығың
Өмір бойғы азығың»

Берілген оксидтерді жіктелуі бойынша жаз.
Na2 O, SO2, MgO, Al2O3, NO, ZnO, P2O5

қышқылдық негіздік екідайлы



ІІІ. «Білгенге маржан»
Берілген қышқылдарды ата, жіктелуі бойынша кестеге орналастыр.
H2SO4, HCl, H3PO4, HNO3, H2CO3, HF

оттекті оттексіз бір негізді екі негізді көп негізді




ІV. «Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру»
Лакмус индикаторын пайдаланып, қышқыл мен негізді ажырат.

V. «Білімді мыңды жығар»
Өзгерістердегі айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеуін жаз:

а) C →CO2 →H2CO3 →CaCO3
ә) Mg →MgO→Mg(OH)2 →MgSO4

VI. Көп нүктенің орнына тиісті формуланы жаз:
P2O5 + … = H3PO4 CaO + … = CaSiO3
Na2O + … = NaOH … + H2SO4 = MgSO4 + H2 ↑
K2O + … = KCl + H2O … + HCl = NaCl + H2O

VII. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл».
Берілген қосылысқа жеті түрлі атау беру.
а) NaCl –натрий хлор, формула, күрделі зат, молекула, натрий хлориді, тұз, ас
тұзы.

ә) NaOH – натрий – О – аш, формула, күрделі зат, молекула, натрий
гидроксиді, негіз, сілті.

VIII. «Үшіншісі артық».
Әр жолдағы басқа класқа жататын заттың формуласын сызып таста.
а) BaO, CO2, CaO
ә) HNO3, HCl, NaOH
б) Na2SO4, H2SO4, BaCl2
в) Cu(OH)2, Al(OH)3, ZnSO4

ІX. № 7 есеп. 124-бет.

X. VII. Қорыту
Химия-жыр әніміз, шаттанамыз
Табысын пайдаланып мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс жатқан аңыз.
Химия-ел ырысы, ғасыр үні
Ғылымға қазіргі зор басын иді
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны
Тыңайтқыш молайған соң ауылымда
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең-ас, кисең-киім, үй-жиһазы
Химия дәру болған сауығуға.

VIII. Үйге тапсырма: § 48, § 49. №8. 131-бет.

IX. Бағалау.
Белсенді оқушыларды марапаттау. 21-оқушының 19-ы бағаланды.
Сапа -63 %, үлгерімі -100 %

Қорытынды. Саралап оқыту нәтижесі тоқсан сайын қорытындыланып отырады. Саралап оқытуда әр топтағы бала білуге құмарта түседі. Төменгі топтағыларға жоғарғы топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топ түсіп қалмауына тырысады. Оқушылар арасында өзара сайыс түрінде сабаққа ыждағаттылық, жауапкершілік пайда болады. Сонымен бірге оқушының білім сапасы артады және үлгермеуші болмайды. Мектепішілік «химия» апталығы кезінде 8 сыныптар арасындағы «Хим -бизнес» іскерлік ойынында, 9-сыныптар арасында өткен «Миллионер болғың келсе...» білім сайысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, белсенділіктері жоғары болды. Саралап –деңгейлеп оқыту жеке тұлғаны дамытудың бірден –бір тиімді әдісі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.