Меню
Назад » » »
Пейзаж. Қысқы табиғат
загрузка...

загрузка...
Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Пейзаж. Қысқы табиғат
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: табиғат көрінісін бейнелеуде перспектива заңдылықтары туралы түсінндіру.
Дамытушылығы: көз алдына елестете білу, ой-қиялын дамытып, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Тәрбиелілігі: табиғат көрінісін бейнелей отырып,эстетикалық талғаммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: СТО технологиясы, түсіндіру, сұрақ- жауап т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, жаратылыстану.
Көрнекілігі: пейзаж шығармалары, интерактивті тақта,схемалар.
Құрал-жабдықтар: акварель бояуы, су, қылқалам,палитра,қағаз.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, түгендеу.
II. Үй жұмысын тексеру.
Өткен сабақты пысықтау. Суретші шығармаларына талдау жасау.
1) Ә. Қастеевтің «Түрксіб» атты шығармасына талдау жасау.
2) А.Ғалымбаева «Дастархан» атты шығармасына талдау жасау.
3) Бейнелеу өнерінің түрлері.
4) Бейнелеу өнерінің жанрлары.
III. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті
-Өлең не туралы? Балалар жауап береді
-Бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? Балалар жауап береді
-Күн суытып, қар жауып тұрған кезді қандай көрініс дейміз? Балалар жауап береді
Мағынаны ажырату. Пейзаж дегеніміз-табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.
Табиғат неден тұрады? Балалар жауап береді.



Табиғат- бізді қоршаған орта. Ол адам үшін өмір сүретін орта ғана емес, ол тылсым дүние, құдіретті күш. Табиғаттың таңғажайып керемет көріністерін бейнелеу үшін перспективалық заңдылықтарды ұстану керек. Ауа перспективасы мен сызықтық перспективаның заңдылықтарын сақтай отырып, денелерді бір-бірімен әр түрлі қашықтықта орналастырып және алыстаған сайын денелерді кішкентай етіп көрсетіп, қағаз бетіне салу ды бастаймыз.

Ой қозғау.
Пейзаж жанрына байланысты ұлы Абай ақынның «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңіне иллюстрация жасау. Иллюстрация мағынасын ашуға көмектесетін суреттерді құрастыру өнері.Оқушылар өзбетінше жұмыс жасауы. Жұмыс барысын бақылап қадағалау.
IV.Қорытындылау. Семантикалық карта.

Тірек сөз

Өнер түрлері Қысқы көрініс Табиғат көрінісі Акварель А3 пішім Майлы бояу Бюст Гобелен
Портрет жанры
Пейзаж жанры
Кескіндеме
Графика
Мүсін
Натюрморт
Сәндік қолданбалы өнер

V. Бағалау. Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма. Қысқы табиғатқа эссе жазу.

Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Суретшілер шығармаларын талдау

Сабақтың мақсаты Оқушыларға топпен жұмыс жасата отырып, суретшілер шығармаларын талдату. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сана-сезіміне қозғау салу, шығармашылық жұмыс деңгейін көтеру.
Әдісі: Диалогтық оқыту, топпен жұмыс, формативті бағалау, сыни тұрғыдан ойлау.
Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Ресурстар, көрнекі құралдар
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
3 мин 1.Оқушылармен сәлемдесу
2. Топқа бөлу /қиынды суреттер арқылы/ Оқушылар 3 топқа бөлінеді
2. Үй жұмысын тексеру
5 мин Оқушылардың өткен тақырып бойынша үйден салып келген суреттерін тексеру.Шыңға шығу әдісі бойынша өткен ге шолу жасау Топ ішінде бір-бірінің суретіне баға береді.

Сұрақтарға жауап береді. Слайд
3. Жаңа сабаққа ену
7 мин 1-тапсырма. Қолдарындағы қиынды суреттерді құрастыру. Суреттерді топ болып құрастырады. Плакат, желім, қиынды суреттер.
2-тапсырма. Суреттің мазмұнында суретші нені меңзеген? Кімнің шығармасы? Үш топ үш суретшінің шығармасын құрастырып, не бейнелегенін баяндайды.
8 мин 3-тапсырма Суретпен танысады

Интерактивті тақтадан суретшілердің шығармаларын көрсету. Қай суретші шығармасы екенін сұрау. Суретпен танысады. Қай суретші шығармасы екенін табады. Интерактивті тақта,слайд
Шығармада не бейнеленген? Суретші картинасында қандай құбылыстарға толы? Әр топ өз ой-пікірлері бойынша шығарманы талдайды. Өз ойларын ортаға салады.
Қандай түстер пайдаланған? Түстік байланысына талдау жасайды.
Біз не жасап жатырмыз? Бүгінгі сабақ суретшілер шығармаларын талдау екенін айтамын Суретшілер шығармаларын талдағаны туралы ұғынады.
Тақырып «Суретшілер шығармаларын талдау» сөзі жазылады. Нақты анықтамасы көрсетіледі. Суретшілер шығармаларын талдау сөзінің анықтамасын айтады. Интерактивті тақта, слайд
4. Практикалық жұмыс
10 мин 4-тапсырма. Болмасаң да ұқсап бақ. Еркін тақырыпта сурет салу. Әр топ біріге отырып өз ойларынан сурет салады. Плакат, қарындаштар, акварель, қылқалам.
Ортақ тұжырымға келтіру. Әр топтың жұмысы ерекше құнды екенін ұғындыру. Оқушылар суреттерін тақтаға іліп, топ атынан біреуі қорғайды.
5. Сабақты қорытындылау.
5 мин Кері байланыс жасау. ББҮ кестесін толтыру. ББҮ. Кестесін толтырады.
6. Үйге тапсырма беру
2 мин Еркін тақырыпта жеке-жеке сурет салып келу. Оқушылар берілген тапсырма бойынша дайындалулары керек.
7. Бағалау
5 мин Бағалау критерийлері бойынша өздерін бағалату. Топ мүшелері өздерін бағалайды Бағалау критерийлерінің сұрақтары.

Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Ертегілер мазмұнына иллюстрация жасау.

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Сурет салудың түрлі жолдарын пайдалана білуге, сурет мазмұнын шебер жеткізе білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Ертегі кейіпкерлерінің бейнесі арқылы оқушыларды жақсы қасиетке бейімдеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Топпен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау әдістері.
Көрнекілігі: Суреттер, видео ертегі,түрлі бояулар, қылқалам т.б
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталары мен қызығушылықтарын қалыптастыру, өзбетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өзбеттерімен сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл-қозғалыстарды бейнелеуге түр-түсін беруге бейімдеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру:/ топқа бөлу/
II.Ұй тапсырмасы /сұрақ-жауап/
Жаңа сабақ: Видео «Ер Төстік» ертегісі
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника ғарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар т.б ойлап табылды. Бұл- халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші. Ертегіні балалар есі кіргеннен бастап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып білуге жетелейді. Ертегі қиялдан туған туынды немесе шығарма. Ауыз әдебиетінің ерте заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Қай ертегіні таңдасақ та ертегінің бәрі /ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде/деп басталады. Ертегілер неше топқа бөлінеді. Интерактивті тақтаға топтастыру жазып қойылады. Үш топқа қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар. Мына ертегіні тыңдап көрелікші.
Мағынаны тану: Үш топқа үш тапсырма беріледі.
1. Қиял-ғажайып ертегілері.
2. Тұрмыс-салт ертегілері.
3. Хайуанаттар туралы ертегілер.
4. Түрлі ертегілердің суреттерінен слайдтар көрсету. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша ертегілер құрастырып қорғайды.
Ой толғаныс: /Ойлан-жұптас-талқыла/
Әр топқа түрлі суреттер беріп осылардан ертегілер құру тапсырылады. Осыған байланысты мақал-мәтел айту.
Үш топқа әр түрлі кейіпкердің суреттерін интерактивті тақтаға жазып, бұлар қандай ертегілерде кездеседі? Тақтаға суреттерді рет-ретімен қойып ертегі құрастыр.
Топтама жасау.
Шығармашылық жұмыс:
1.Кескіндеме бойынша ертегіні бейнелеу.
2. Мүсіндеу арқылы ертегіні бейнелеу.
3. Графика бойынша ертегіні бейнелеу.
Әр топтан баяндаушы шығып қорғайды, әр топ бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма:
/Өзің ұнататын ертегі кейіпкерлерін салып келу.

Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Гоеметриялық денелердің проекциялары
Сабақтың мақсаты: оқушылардың геометриялық денелер рпоекциясы туралы білімдерін сызбаларды орындау арқылы толықтыру, біліктіліктерін логикалық тапсырмалар арқылы арттыру, сұрақтарға жауап іздеуге, сызбаны ауызша оқып, өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу. Өзбетінше талаптануы мен іскерлік, шығармашылық дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін толықтырады.
2. Сұрақтарға еркін жауап бере алады.
3. Paint программасымен сызбаның негізін сыза алады.
4. Геометриялық денелер проекцияларын орындай алады.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызуға қажетті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасының ой қозғау, көрнекіліктер стратегиялары, сұрақ-жауап, практикалық және оқулықпен жұмыс.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау және көрнекіліктер.
Тапсырма: 2-3-слайд
Суретте конус, призма және пирамида түрінде шаңғы таяқшаларының ұштары берілген. Фронталь проекциялары бірдей, ал горизонталь проекциялары қандай болады?
Әріптер мен сандарды сәйкес келтіріңдер. Жауаптары: 2,6,4 4-слайд
Сұрақтар: Геометриялық денелерге қандай денелер жатады?
5-9-слайд. Суреттегі үш проекция арқылы қандай геометриялық денелер екенін анықтаңдар.
II. Мағынаны тану.
Геометриялық денелердің әрқайсысының пішінінде өзіне тән белгілері бар. Сол белгілері бойынша біз цилиндрді конустан, ал конусты пирамидадан ажыратамыз. Өзімізді қоршаған айналадағы нәрселерге зер салып қарасаңдар олардың пішіні геометриялық денелер немесе олардың біріккен түрлері болады.
10-слайд. Геометриялық денелердің айналу және көпжақты түрі болады.
11-слайд. Геометриялық пішіндері бар нәрселер қарапайым және күрделі болады. Қарапайым нәрселер бір геометриялық денеден тұрады.
12- слайд. Мына суретте бұйымдар қандай геометриялық денелер пішінінен тұрады? Цилиндр, параллелепипед, қиық конус. Сондықтан бүгінгі сабақта геометриялық денелер тобының проекциясын қарастырамыз.
Оқулықпен жұмыс.
III. Ой толғаныс.
1.Әр компьютерде мынадай тапсырма берілген: Егер геометриялық денелер тобынан конусты шығарып тастаса, сызбада қандай өзгерістер болады? Оқушылар сызбадағы өзгерісті сызады.
2.Оқушыларға карточкалар үлестіріледі.
Тапсырма: үш проекциядағы жетіспейтін сызықтармен толықтыру.
IV. Бағалау.
VI. Үй жұмысы беріледі.

Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Тақырып Сызбаға өлшемдерді түсіру
Мақсаты Ойлы, сыни оқу дағдысын дамыту, коммуникативтік дағдысын жетілдіру, сызба сызықтарын еске түсіру арқылы габариттік өлшемдермен жұмыс жасауды үйрену
Күтілетін нәтиже Ақыл ойларын, іскерлік белсенділіктерін, шығармашылықтарын шыңдау. Бір-бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады. Бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады. Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді, бағалай алады. Топтасуды үйренді, мағынаны ашуда бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланды, білімін кеңейтті.
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі /2 мин/ /Маралша амандасу/ арқылы бір-бірімен амандасу, мозайка арқылы топтастыру. Бір-бірімен қолдарымен, тұяқтарымен, мүйізбен амандасқан бейнесін көрсету арқылы амандасу рәсімін жасайды. Мозайка құрастырылып топқа бөлінді. Оқулық, сыни тұрғысы
нан ойлау
Қызығушы
лықты ояту/3мин/ Тақтадан сызба бейнесін көрсете отырып, оқушыларға сұрақ қою:
-Тақтада не бейнеленген?
–Дөңгелек тесігі бар пластинка
-Биіктігінің өлшемі қандай?
-Ұзындығының өлшемі қандай?
- Радиусының өлшемі қандай?
-Суретте тағы нені байқадық.
-Нұсқаманың өлшемі қандай? Бұл суреттегі ерекшелік сандардың үлкен және кіші екендігі, 50-ден жоғары сандар габариттік сандар деп аталады Әр топ оқушылары сызба суреті бойынша тақырыпты ашады, мақсатын айқындайды. Уақыт пайдалануы, сабақтың негізгі мақсатын шеше білуі АКТ, Диалог
тық оқыту
Мағынаны тану
/15 мин/ Әр топқа әр түрлі нәрсенің кескінін бере отырып оқушылардың өздеріне кіші және габариттік өлшем қоюға тапсырма беру. Оқушылар оқулықтағы сызба жұмыстарын дәптерлеріне, флипчартқа орындап, ортаға шығып, әрбір топ сызба жұмыстарын қандай өлшемде және қандай габариттік өлшем пайдаланғанын түсіндіреді. Осы тапсырмадан кейін қол шапалақтау арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мағынаның ашылуын бағалау.
Топтық бағалау, екі жұлдыз, бір тілек. Ойларын нақты дәлелдей алуы. Сыни тұрғысы
нан
ойлау
Ой толғаныс /10 мин/ Оқулықпен жұмыс.
№13 жаттығу. Біз не үйрендік? Зейінін байқау. Әр топқа карточка қағаз үлестіру. Зерттеудің шеберлігі
Бағалау.
1.Белсенділігі
2. Ұйымшылдығы
3. Уақытты тиімді пайдалануы
4. Тақырыпты аша білуі
5. Сызба жұмысының нақты орындалуы Сызба кескінінің өлшемдерін түсіру, орындалу жолдарын көрсету. Жұппен, топпен бірлесе отырып,
А4 пішімге өлшеммен түсіру жұмыстарын жалғастырады. Біз не үйрендік? /стикерге әрқайсысы бір-бір сөйлемнен жазады/, сұрағын, ұсынысын жазады.Сабақ соңында көңіл-күйді смайлик арқылы білдіреді. Топтық бағала

Оқушылар бағалау парағын толтырады
Сабақты талдау Не сәтті өтті?
Не сәттсіз өтті?
Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?

Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Тақырып Сызба қаріптері
Мақсаты Ойлы, сыни оқу дағдысын дамыту, коммуникативтік дағдысын жетілдіру, әріп, қаріп жазу жолдарын меңгеру, ақыл ойларын, іскерлік белсенділіктерін, шығармашылықтарын шыңдау.
Күтілетін нәтиже Бір-бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады. Бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады. Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді, бағалай алады. Топтасуды үйренді, мағынаны ашуда бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланды, білімін кеңейтті.
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурс
тар
Ұйымдастыру кезеңі /2 мин/ Психологиялық трнинг, оқушылармен топтастыру әдісін жіргізеді.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Ынтымақтастық қалыптастыруда /Әріптер сөйлейді/ психологиялық тренинг арқылы топтастыру. Оқушылар сабаққа келгендегі көңіл-күйін смайлик арқылы білдіреді, /Әріптер сөйлейді/ тренингі бойынша, парақшаға жазылған әріп арқылы амандасып мысылы: /қайырлы таң/, /амансың ба/, /сәтті күн/ деп бір-бірімен амандасып, қағазға жазылған /Сәлем/ сөзі бойынша топқа бөлінеді. Е Оқулық
Қызығушылықты ояту
/3 мин/ Тақтадан бейнелер көрсетілді, яғни бейненің әріпке
ұқсастығын табу.
-Бұл бейне қандай әріпке ұқсайды?
-А әрпі үй шатырына
-З әрпі ұшқан құсқа
-Ф әрпі палуанға т.б Оқушылар бейненің қандай әріпке ұқсайтындығын анықтайды, тақырыпты ашады, мақсатын айқындайды. /Уақыт пайдалануы, сабақтың негізгі мақсатын шеше білуі/ Интерак
тивті тақта
Мағынаны тану /15 мин/ Әр топқа сөздер жазылған қағаз үлестіріледі
1-топқа- /Біз/
2-топқа- /Батыр/
3-топқа- /Мықты/
4-топқа- /Күшті/
5-топқа -/ Баламыз/
Сергіту сәті.
Практикалық жұмыс.
Әр топқа сөздер жазылған қағаз үлестіріледі. Мысылы:
1-топ-/Астанам-бас қалам/
2-топ-/Қазақстан елім менің/
3-топ-/Мен бақытты баламын/
4-топ-/ Біз бақытты отбасымыз/
5- топ-/Болашақ біздің қолымызда/ Жұппен,топпен бірлесе отырып, пікірталасу арқасында жауап іздейді, топ бір-біріне жұмбақтап әріптерді
іс-қимылмен көрсетеді. Осы тапсырмадан кейін қол шапалақтау арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Қағазда жазылған сөздерді А4 пішімге биіктігін 1 см, ені 7 мм болатын өлшеммен түсіру жұмыстарын жалғастырады. Мағынаның ашылуын бағалау.

Ойларын нақты дәлелдей алуы.

Топтық бағалау, екі жұлдыз, бір тілек. Сыни тұрғысы
нан ойлау.
Ой толғаныс /10 мин/ Біз не үйрендік ? Зейінін байқау туралы ойын. /Болашаққа хат/ жазу. А4 пішімге 2 есе үлкейтілген өлшем бойынша жұмыс жасайды немесе түрлі формада жазу. Менің өзгерісім Бағалау Біз не үйрендік? /стикерге әрқайсысы бір-бір сөйлемнен жазады/, сұрағын, ұсынысын жазады. Сабақ соңындағы көңіл-күйді смайлик арқылы білдіреді. Өзін-өзі бағалау үшін жеке тұлғаға тән 20 асыл қасиетті тақтадан оқып, соның ішінен өз ойларынша идеал деген 5 сөздің ішінен өз бойындағы бар қасиетті белгілейді, өзін-өзі бағалайды. Екі жұлдыз, бір тілек, біліктілік, кеңпейілдік, білімділік, бауырмалдық, төзімділік, әділдік, ақвлдылық, тіл табысушылық, тұрақтылық, ұқыптылық,ашықтық, сенімділік, сапалық, еңбекқорлық.

Сабақты
талдау
Не сәтті өтті?

Не сәттсіз өтт?і
Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді? Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, әлі де нақты шешім қабылдай білуге қалыптастырғым келеді Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Пейзаж. Қысқы табиғат можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 390 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar