Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Құпия соғыстың қаһармандары» атты Ауған соғысына арналған кеш -

«Құпия соғыстың қаһармандары» атты Ауған соғысына арналған кеш

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2877 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Абжаппарова Айжамал Бейсенқызы

«Құпия соғыстың қаһармандары» атты Ауған соғысына арналған кеш

Кештің мақсаты: оқушыларға ауған соғысы жылдарындағы сұрапыл қан төгіс және ерелі еңбектері туралы айтып насихаттау; ержүрек аға ұрпақтың ерліктерін насихаттай отырып, оқушыларды патриотизмге, Отанды қорғауға елін сүюге, ерлікке тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі: қабырға газеті, буклеттер, видеофильмдер, плакаттар, стенд, слайдтар.

Кездесудің ашылу салтанаты.



Фанфар: (музыка)

І-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер, бүгінгі «Құпия соғыстың қаһармандары» атты кешіміздің мақсаты жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриотық рухани адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу. Болашақ Қазақстан Республикасының келешек қорғаушылары сіздер мен біздер боламыз.

ІІ-жүргізуші: Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына 25 жыл толуына орай «Құпия соғыстың қаһармандары» атты өткізіліп отырған кешімізді ашып беруге,

Колледжіміздің директоры Г. Үкібайқызына сөз берілді.



2. АӘД пәнінің оқытушысы Т. Қадыров ардагерлермен таныстырды

3.Баяндама: АӘД пәнінің оқытушысы Т.Қадыров

І- жүргізуші: Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын қысқаша мәлімет. Деректі фильмнен үзінді көрелік.

І-жүргізуші:
Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толсын суық көр де жылысын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі-бақи тірісіңдер, тірісің.
Жеңіс..., Жеңіс.... Ия, ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды тілектері орындалды.

ІІ- жүргізуші: Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жауымен аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.

1. «Ауған саздары»

Армысыңдар ауғандық жауынгерлер?
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.

Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп,– шалбар менен бөрікті.
Отан-ана алдындағы өтеймін деп,– борышты,
Аттаныңдар, атқардыңдар соғысты.

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

Жау дейміз-ау қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың сайқалдығы-ай уландырған тамырды.
Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,
Заманы еді кеңестің ол сұрапылды дауылды.

Құдай өзі бере жатар жауыздықтың жазасын,
Қыран ерлер, ардагерлер сендер түгел тазасың.
Қасқыр мінез, қайсар жандар жалап жазған жарасын,
Жандарыңның жараларын қай мықты бар жазатын.
Сендер бірақ Отан үшін оққа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,
Жебейді олар аруағымен сендерді.

2. «Құндыз» ______________________________

Қанша ұйықтасам кірмеп еді түсіме,
Кім ойлаған, бұл сұмдықты көрем, – деп.
Қауқарың жоқ, сене алмайсың күшіңе,
Отырасың енді мынау елеңдеп.

Алғашында бәрі қызық тамаша,
Айырмасы алты ғасыр, санаса.
ХХ-шы ғасырдан кеп он төртке,
Түстік келіп, айналаға қарасақ.

Бұл жер ылғи мұсылмандар тұрағы,
Күн әрқашан ыстық болып тұрады.
Сол күндері тау-таспенен жүгірген,
Алдыңда тұр жаяу әскер мұраты.

Айырмасын жақсы – жаман арасын,
Араладың Ауғанның тас даласын.
Ойландырмас қай қазақтың баласын,
Ажалға айдап өміріңді барасың.

Айлар өтер, жылдар өтер жылыстап,
Өткен күндер мүмкін ұмыт болмас та.
Ал бірақ та жер-анаға тапсырған,
Ұмытылмас қаза болған жолдастар.
«Ауған соғысы» _________________________
Армысың қаны қазақ қаһармандар,
Одақтың солдаты боп аттанғандар.
Кеңестік өкіметі кездерінде,
Досы мен жауы бір боп маталғандар.

Советтің саясаты өз алдына,
Ау, жұртым бөлек сөзге апармаңдар.
Бұйрық бұлжығанын сатқын деген,
Ол кезде КСРО-да қатал заң бар.

Мұсылманның жерінде амалсыздан,
От кешті ерің солдат қып апарғаннан.
Он сегіздегі сарбаздар сол кездегі,
Бүгін таяп елуге сақалданған.

Содан бері 25 жыл да өтті,
Жас сарбазға егделік тақалды алдан.
Өмірге тәлім берер ардагерге,
Көзді жұмып жөн болмас мақауланған.

Қолға тірі түспес үшін соңғы оқпен,
Солдатқа өзін-өзі атар заң бар.
Жанын қиып опат боп кеткендер бар,
Тірісі үміт күткен атар таңнан.

Кейбірі аяқ-қолсыз боп оралды,
Соғыстың зардабынан қаһарланған.
Арысынан айрылып арамызда,
Көзіне көлдей қылып жас алған бар.

Ардақты ағайындар, ардагерлер,
Құдайым жебеп жүрсін қашан да алдан!

«Елбасымыз тыңдарма екен» _________________

Жылдар өтер, зырлап өтер,
Уақытыңды ұрлап өтер.
Өткен қолын бұлғап өтер,
Ал сен болсаң тұрма бекер.

Шығам десең шың да жетер,
Қолдан келсе ту да көтер.
Майыспағын, қайыспағын,
Болмашыға бома бекер.

Жылдар өтер сын да жетер,
Шырмауықтай шырмап өтер.
Су құйғандай құмға бекер,
Жаратылыс жұмбақ екен.

Қысылғанда қылдан өтер,
Кесіп айтар тұлғаң екен.
Топ бастасын, тот баспасын,
Алмаш қылыш қында бекер.

Жағымпаз жоқ жылмаң етер,
Жүрген жерін былғап өтер.
Ескермейтін ерлігің бар,
Кейінгі ұрпақ жырлап өтер.

5. Көрініс: Мархабат Байғұт ағамыздың «Бозторғайдың ұясы» шығармасынан сахналық көрініс

Сахнада музыка үні

(Сазды оркестрдің орындауындағы қазақ ұлттық әуені ұлы табиғат үніне айналып, музыка үні сахнада жай ойнайды қыз бен жігіт сахнадан тербеле жай шығып келеді).

Серікжан (тізерлеп отыра кетеді): ойға шашылып
Айгүл: (Еркелеп жүріп келеді)
Серік ... Серікжан, сені әскерге алайын деп жатқаны рас па? Шынымен-ақ әскерге кетесің бе? Мені таста – а – а – ап кете бересің бе?

Серікжан: Әскерге шақырып жатқаны рас, әкетіп қалуы да мүмкін.

Айгүл: Шынымен айтасың ба?

Серікжан: Енді, әскерге барасың десе, қашып кете алмаймын ғой, бармаймын деп қалай айтам.
соғыстың сұрапылын сездіретіндей құбылыстар беріледі).
Найзағай ойнап, күн күркіреп, жарылыстай болғандай, аспан әлемі алапат күй кешеді.

Диктор немесе автор сөзі: 1978 жылғы 27-сәуірде Ауғанстанда революциялық төңкеріс болды. Әскери – революциялық кеңес өз билігін революциялық кеңеске өткізді. Революциялық кеңес құрамына 40 адам кірді. Оның бесеуі Ауғанстан қарулы күштерінің өкілі еді. Бас хатшылыққа Нұрмұхамед Тараки сайланды, ол үкімет басшысы да еді. Таракидің орынбасары Бабрак Кармаль болды.
Революциялық кеңес 30 сәуірде елді Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп жариялады. Осыдан кейін-ақ Ауғанстанға Американдық көмек сап тиылды. АҚШ барлық қызметшілері мен мамандарын кері шақыртып алды.
1979 жылы желтоқсанның соңына таман 100-ге жуық бірлестіктер Ауғанстанға кіріп, соғысуға дайын тұрды.
(қырғын соғыс, жарылыс, гүріл-сарыл)
(Сахнаға 3-жігіт солдат шығады шаршап-шалдыққан)

Серікжан: Біржарым жыл зу етіп өте шыққан сияқты.

Нұржан: Серікжан, өзің де білесің ғой, не көрмедік? «Соғыс болмайды, жай ғана сақтық, қорғау және қорғаныс шараларына қатысамыз»,–деп еді. Не болды енді? Не болдық ? Қаншама достарымыз қыршынынан қиылды... Бір отрядтан отыз бес адам шейіт бопты...

Мейірбек: Біздің Сайрамнан да бірер бала бақилық болды, Түркістаннан да екі баланы естідім.
Нұржан: Ия...Ия небір боздақтар кетті ... Алла қаласа, бүгін – ертең орныңа адам келсе, бірер күнде үйіңде боласың.

Серікжан: Оны Алла біледі.
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау.

Алтай: (Сахнаға жүгіріп келеді)
Жігіттер, – Алтай бауырымыз пәренжі жамылып келе жатқан біреуге: «Қарындас, су алуға көмектесейін. Сізбен танысуға бола ма?», – деп, орнынан тұра бергенде, пәренжінің ішінен тарс еткізіп атып салыпты...

Серікжан: Қайран бауырым бақилық бол.

Диктор: Ауған соғысында 1979 жылы Қазақстаннан 4 адам, 1980 жылы 176 адам, 1981 жылы – 78 адам, 1982 жылы – 146 адам қаза тапты...
(Қырғын соғыс, айқас-шайқас, гүріл естіліп жатқанда жауынгерлер соғысып жүрген сияқты). (Жерге жауынгерлер құлайды).

Қобыздың үні.

Диктор: Сол түнгі шайқаста Серікжан Елубаев, Нұржан Нысанбаев, Мейірбек Бексейтов шалажансар күйлерінде госпитальға жөнелді.
Серікжан Елубаевтың әскерде Ауғанстанда қызмет ету мерзімі төрт ай бұрын айақталып, әлде қашан елге қайтуы тиіс еді. Амал қанша... Ал Нұржанның қолы мен аяғы ғана табылды.

Әр тағдырды таразылап тең безбен,
Құсни дүние–ай, ұшқаның ба сен көзден?
Ер едім ғой еңселігім екі елі,
Енді міне елеспін мен ел кезген.

О, жалған–ай, жалған дүние-ай, жалған–ай,
Жанбай өшкен жабығулы арман–ай,
Жүрегімнің тұншып қана қалғаны –ай,
Сәулешімнің сыңсып дауыс салғаны-ай.
Еске алайық боздақтарды!
Бозымдардың бозторғай жанын... Еске алайық, тірілер... Ауған соғысында қаза тапқан қыршындарды... Еске түсірейікші бір мезет.....

І-жүргізуші: Ал енді Ғалымжан ағамызбен осы жерде бір топта оқып, өмір жолдарын бірге бастаған, Ауғанстан жерінде бірге шайқасқан ағаларымыз бүгінгі кешімізідің қадірменді қонақтары араларыңызда отыр. Сол ағаларымызды сахна төріне шақырсақ. Ағаларыңа қоятын сұрақтарың болса, қоюға болады.

1. Сіздер Ауған жерінде болдыңыздар, сол кездегі душмандар деген кімдер?

2. Ағалар! Сол соғыста өз мамандықтарыңыз бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік болды ма?
3. Ғалымжан ағамыз қаза тапқанда сіздер қасында болдыңыздар ма? Ол хабарды сіздер кімнен естідіңіздер?
4. Апайларымыз бен ағайларымыз сіздерді жақсы ән айтатын дейді. Әскер қатарында жауынгер болып жүріп айтқан өлеңдеріңіз болса айтып берсеңіздер?
5. Осында отырған өздеріңізден кейінгі жастарға не тілек айтар едіңіздер?

І- жүргізуші
Шалқытып мерекеде ән салайық.
Өнерпаз өркендерге тамсанайық.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Әншілер өз өнерін көрсетуде.

1. «Аманат»
2. «Сарбаздар»

І-жүргізуші: Қоштасатын, мінекей, кезде келді.
Еске алармыз тамаша осы кездерді.
Сағынышпен көріскенше көрермен
Қуанышқа бөлеп әркез сіздерді.

ІІ-жүргізуші: Тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Сіздермен келесіде кездескенше сау-саламатта болайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.