Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын  орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту -

PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4163 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қосжанова Салтанат Орынтайқызы

Коучингтің тақырыбы

PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын  орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту

Жалпы мақсат

PISA  бағдарламасы бойынша мұғалімдерге  оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллабаративті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.PISA бағдарламасын орындауда сын тұрғысынан ойлауды  іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; 1.Пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу, рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау.

 

2.Тренингтер мен  ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.

 

3. Әр тыңдаушының тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі.

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49-б

PISA  тапсырмалары

Оқу нәтижелері

1. PISA Халықаралық зерттеу рөлін түсінеді.

 

2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы:  тапсырманы өмірмен байланыстырып тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.

 

3.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру барысында өзгеріске ұмтылады. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздеуі; PISA тапсырмаларын  сыни ойлау арқылы бірлескен  топтық жұмыста шешімін анықтауға  үйренеді, бағдарлама негізінде мәтінді жаңа форматта талдауға үйренеді.,істі тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды.   

Негізгі идея

Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.  

Сабақта қолданылатын материалдар

А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, Сэндвич бағалау парақтары.

Оқу әдістері

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс

. «Фишбоун»әдісі, «Идеялар корзинасы» әдісі, «Кластер» әдісі,

Дереккөздер

PISA  тапсырмалары , портал материалдары

Тапсырмалар

«Мен елімді сүйемін» тренингі, «Кім жылдам?» ойыны, PISA  тапсырмалары т.б.

 

            коучинг  жоспарының барысы

Коучинг сабақтың кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

ресурстар

1.Кіріспе кезең

Коучтің кіріспе сөзі

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мұғалімдерге  жағымды психологиялық жағдай тудыру

 

 

 

 

 

 Сәлемдесу.

 

Өлең шумағын құрастыру  арқылы топтастырамын.

 

 

 

 

 

 

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.

Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

 

 

«Торай мен печенье» мультфильмін көрсету.

Қорытынды: мұғалім де алға қойған мақсатқа жету үшін (печеньені алу үшін) әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады.

 

 

Өлең шумағын құрастыру  арқылы 3-топ құрылады.

1-топ – «Халқым»

2-топ – «Тілім»

3-топ – «Отаным»

Мұғалімдер  іштерінен ережені оқып шығады.

 

Мұғалімдер жаттығуды жасау арқылы жағымды орта қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Торайдың іс-әрекеті мен мектептегі мұғалімнің іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?- сұрағына ауызша жауап береді.

 

 

2.Негізгі кезең

Тақырыптың мазмұнын ашу

Жеке,  топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

1-топ. Оқушының білім алу жетістіктерін бағалау түрлері. «Фишбоун»әдісі бойынша толтыру.

                      Бағалу түрлері

 

                      Жетістіктері

 

 

  2-топ. Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Постер қорғау.

 

 3-топ. PISA дегеніміз не?

«Идеялар корзинасы» әдісі арқылы түсіндіру.

 

 

липчарт, маркер, желім, қайшы  қолдану

 

 

Проблемалық сұрақтарға ой қозғайды.

 

 

 

 

Мұғалімдер топта ынтымақтаса жұмыс жасайды. ,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

Төмендегі сөздерге лайықты зат есімдерді тауып «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.

Еңкейген –

Еңбектеген –

Жайнаған –

Масайраған –

Марқайған –

Селтеңдеген

Өзара әрекеттесу арқылы ең жақсы түсініктемені тауып, ынтымақтаса жұмыс жасайды.

 

Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс

 

PISA тапсырмалары:

Тақырыбы: Тәрбиенің арқауы – әдептілік

Кілт сөздер:әдет-ғұрып, адами қасиеттер, әдептілік, тәрбие арқауы, дүниетаным, рухани мұра.

Ой қозғау. Мына суреттен нені байқадыңыздар?

 

Мәтінмен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Тәрбиенің арқауы – әдептілік

Адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық педагогикасының қайнар бастауы да - әдептілік. Ұл-қызына көрсетер инабатты үлгісі жоқ, әдебі жоқ халық болмайды. Әдептілікке бас имеген, әдептіліктен нәр алмаған салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты ешбір халық жасамапты. 

Әрине, "әркімнің өзіне лайық үлгісі бар, ол біреуге - тар, біреуге кең келеді" дегендей, әр ұлттың өз ерекшелігі бар. Әрбір ұлттың дүниетанымы сол халықтың өмір өзегінен, тұрмыс-тіршілігінен туындаған. Өресі кең халықтың салт-дәстүрі салауатты, өнеге-тәлімі өрелі болады. Құдайға шүкір, қазақ халқының рухани болмыс-бітімі, адами қасиеттері, этикалық қағидалары көзін тауып, ретін келтіріп қолданса, бүгінгі күннің талай кем-кетігін толтырары сөзсіз. Тегінде, қазақ деген халық тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді, шайқалса да, құламайды. Халықтың зердесінде, тарихында, рухани мұрасында небір інжу-маржан жатыр. Сол асыл қазыналарымыздың қасиетін, мән-мағынасын ұрпағымыздың бойына жұғысты етіп, ертеңгі күнге жалғастыра ұқтырсақ, ұл-қыздарымыздың келешегі де жарқын болар еді.

(Зейнеп Ахметова)

1-тапсырма. Мәтіннің қай тұсында автор әдептілікті:

а. бағалайды

_______________________________________________________________________

ә. салыстырады

_______________________

б. насихаттайды

_______________________________

2-тапсырма. Қазақтың тыйым сөздері туралы не білесіз?

_________________________________

3-тапсырма. Мына суреттерге байланысты тыйым сөздерді  жазыңыз.

 

4-тапсырма. Ырымдарға сенесіз бе? Өз пікіріңді дәлелдеп жазыңыз.

5-тапсырма.  Мына сөздердің синонимдерін жазыңыз.

 

Синоним сөздер 

Сөйлемдер 

1 

әдептілік 

 

2 

арқау 

 

3 

инабатты 

 

4 

кем-кетігін 

 

5 

лайық 

 

 

Жағымды орта қалыптастырып, топта өнімді жұмыс жасайды.

Мұғалімдер рөлдерін дұрыс атқарып отырғанына көз жеткіз!

 

 

Теориялық материал

 

PISA - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment)  оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама.

Шеберлігіңді шыңда!Мынадай жүйеде сұрақтар құрастырып көріңіз:

............бар ма?

... ... ... бола ала ма?

... ... ... мүмкін бе?

... ... ... шеше ала ма?

Атап айтқанда, не нәрсе ... ... ...?

Кім?

Қандай... ... ...?

Неліктен... ... ... ?

Қашан

 

 

Мұғалімдерді жалықтырып алудан абай бол!

4. Рефлексия

Коучтің қорытынды сөзі

 

Мишель Монтен :« Мұғалім оқушының құлағына воронкаға су құйғандай айқайлайды,ал оқушының жауапкершілігі тек қана айтқанды қайталау. Мен мұғалімнің осы қателегін жөндегенін қалар едім»

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабақта  егерде куантқан нәрселер көбірек болса, жасыл қаламды алып  «Сабақтарымда мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде түсінбеген  сәттеріңіз басым болса, «Алдағы уақытта дамытатын...» сөйлемін қызыл қаламмен аяқтау керек.

 

Мұғалімдердің жауаптарын ашық және жабық сұрақтар арқылы толықтырып тұруға болады.

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.