Меню
Назад » » »
PISA - Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
загрузка...

загрузка...
PISA - Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
PISA Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі– ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»
Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. Қазіргі таңда әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінде білім беру саласында енгізілген реформалар жемісті нәтижесін беріп келетінін көріп-танысып жүрміз. «Ел болам десең- бесігіңді түзе» демей ме дана халқым. Міне, сондықтан Қазақстанның әлем-дік қоғамдастыққа ықпа¬лда¬суы үшін білім беру саласының алдында шетелдік тәжіри¬белерді зерделеп енгізу та¬лабы туындап отыр.
PISA - (Programme for International Student Assessment). Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл оқытудың басты бағыты ойлауды дамыту, сол арқылы оқушылардың та¬ным¬дық көкжиегін кеңей¬ту-ге жағдай туғызу болып табылады.
Ең алдымен, ұлттық құндылықтармен ықпалдастырылған сабақтарды жоспарлауға болатынын бізге үйретті. Осы оқу барысында біз, оқытып жатқан оқушыларды өзіндік ойлауға, өзіндік шешім қабылдауға, ойын батыл түрде жеткізуге үйретіп отырмыз. Курс барысына біз сонымен қатар, шығармашылық орта құра отырып, тұлғаның дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтауға және осы проблеманы шешу бағытында тұлғаның дамуына өзгеріс енгізуге көшбасшылық жасауға үйрендік.
Заман талабына сай, көшбасшы мұғалімдер желілік қоғамдастық аясында бірлесіп тәжірибе алмасуға, өздерімізді толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде пікір алмасу арқылы білім саласын дамытуға үлесімізді қосуға тиіс екенімізге көзіміз жетті.
Осы курстың менің кәсіби дамуыма, оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарап,өзімнің болашақ бағытымды айқындауыма көмегі зор болды деп ойлаймын.
Әр уақытта білімді алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Елді өсіретін де, төмен түсіретін де – білім. Сондықтан да барлық жаңашыл әдіс-амалдарды тиімді пайдалана білу біздің үлесімізде екенін ұмытпаған жөн.

Есенаманова Жанат Байжановна
Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему PISA - Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 239 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar