Меню
Назад » » »
Плашкамен сыртқы бұрандалы кесуді орындау
загрузка...

загрузка...
Сейсенгалиева Г.А,
№3 колледжінің өндірістік оқыту шебері.
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Плашкамен сыртқы бұрандалы кесуді орындау

Сабақтың мақсаты:
Оқу Бұрандалы кесуді орындау құралдарымен танысу: Сыртқы кесуді орындаудағы әдіс–тәсілдер ретін үйрену. Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
Тәрбиелік Құрал саймандарды ұқыпты ұстауға,енбек сүйіспеншілукке, әрбір істі сапалы түрде орындауға, өзара көмек және ұжымшылыққа тәрбиелеу.
Материалды-техникалық базасы. Параллель қысқыштар, түрлі дөнгелек плашкалар үшін воротоктар, зығыр майы.
Құралдар: (кесетін және кеспейтін) дөнгелек плашкалар, керілетін плашкалы клуптар, кесу шаблон қалыптар, №2,3 түрлі егеулер, кесу шенбер калибрлері, 0,1 нониусу бойынша өлшенетін штангенциркульдер.
I. Ұйымдастыру бөлімі.
• Журнал бойынша білімалушылар тізімін тексеру (жоқтарын белгілеу).
• Білімалушылардың сырт көрінісіне назар аудару, еңбек қауіпсіздігі талаптары мен эстетикасына киімінің сәйкестігі
• Техника қауіпсіздігін ескерту.
II. Кіріспе нұсқау.
• Сабақ тақырыбын баяндау.
• Сабақтың оқу мақсатын баяндау.
А) Бұрын өткен оқу материалын еске алу:
• Алдынғы өткен сабақ бойынша оқу материалын қайталау
Өткен материалды викторина арқылы қайталаймыз! Кестедегі тақырыпты, ұпайды таңдаймыз. Үпай артында сұрақтар жасырылған. Қол көтеріп, таңдап аталған сұраққа жауап берулерініз керек. Қөл көтереміз, ұяшықты таңдаймыз.
1. Чертилка үшінің бұрышын атаныз? Чертилка-ушінің бұрышы 15 0.
2. Слесарлықжұмыстарда қолдаланатын балғаның салмағы қаңдай болуы тиіс.600гр.
3. Егелеу кезінде қаңдай құралдарды қолданалы? Егеуді, рашпильді, надфильді..
4. №4 және 5 ойысты егеулер қалай аталады? (барқыт)
5. Соңғы өндеуді қаңдай ойысты егеумен жүргізеді? №2
6. Баспатқы өңдеу үшін қандай ойысты егеулерді таңдайды? №0 және 1
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
• Мамандықты меңгеру үшін осы жұмыстың маңыздылығын айтып түсіндіру;
Бұрандалы кесулер құрылыс, машина жасауда, жиһаз және басқа детальдарды біріктіру, үгін көптен қолданалы.
-Біз бұрандалы кесулерді қайда кездестіргенбіз?
-Қане, еске түсіреміз!
-Гайка, болт, бұранда шегелері қай жерлерде қөрген едініздер?
• Қандай бұйымдарда (бөлшектерде) жұмыс тәсілдері орындалып, дағдылар машықталатындығын түсіндіру;
Олар әр түрлі өлшемде, түрлі диаметрлерде кездеседі.
• Дайын өнімдерді (бұйымдарды) көрсету, үлгілер, эталондар;
Бұрандалы кесу сызықтары бар стержень, детальдарсыз ешбір механизм, құрылғыны елестету мүмкін емес.
• Дайын өнімнің өндіріске қандай қажеттілігі бар екенін айтып түсіндіру;
Олардың атқаратың қызметті зор, және өте қажет. Өте қажетті зат болғандықтан болт, гайка, шпилькаларды түзу, сапалы жасау манызды іс.
• Сызбаларды талдау, техникалық талаптарына назар аудару (сызбаларды және техникалық талаптар мен шарттарды қатаң орындауға білімалушылардың назарын аудару, маңыздылығын түсіндіру);
Бүгінгі сабақта сол металда бұрандалы кесудің орындалу әдісімен танысып, өз қолдарнызбен жасап үйренеміз.
• сызбаларды және техникалық талаптар мен шарттарды, дайындалу технологияларын, арнайы пәннен алған білімдерін есепке ала отырып бекіту сұрақтарын қою. (сұрақтарды жаз);
• жұмыстың орындалу тәрібін нұсқаулық-технологиялық
(инсрукционно-технологической) карта бойынша айту;
№ 1 Жаттығу. Дөнгелек плашкамен буранда сызықтарды кесу.
№ 2 Жаттығу. Қлуппен кесу амалын орындау.
операциялар (тетіктерді жасау) орындау кезінде қолданылатын құрал-саймандар, қосымша құралдар, жабдықтар туралы айту; дөнгелек плашкалар, керілетін плашкалы клуптар, кесу шаблон қалыптар, №2,3 түрлі егеулер, кесу шенбер калибрлері, 0,1 нониусу бойынша өлшенетін шташгенциркульдер.
Жұмыс тәсілдерін көрсету (жәймен, жұмыс ырғағында, әр бөлігіне жекеше толық тоқталып көрсету);

1.Вороток винттерін жай бұру қажет.
Плашканы вороток ұяшығына таңба бельгісі сыртқа қарайтындай етіп орнатамыз, ал плашка ойықтары стопор винттеріне қарсы болуы шарт.
Стопорлы винттер арқылы вороток басына плашканы бекітеміз.
2 Стержень диаметрін тексеріп алу керек ол сыртқы кесу диаметрінен 0,1-0,2 мм кем болу керек.
Ішкі кесуді орындау үшін стерженнің жөғарғы үшін егеулеп ФАЗКА дайындаймыз.
Стерженді қысқышқа тігінен орнатып алған соң кесуді орындау бөлігі 20-25мм шығынқы болуы керек.
3.Стержень ұшін майлауды орындау.
Плашканы стержень ұшына бельгі таңбасын төмен қаратып, вороток корпусын оң алақанмен басып, сол қолмен сағат тілінің бағытымен тұтқасын айландырамыз және плашканың төлық кесулерін орындаумыз қажет.
Бір орындау арқылы стерженге тиісті ұзындыққа сағат тілінің бағытымен бір екі айналдырып кері қарай жартылый ғана бұрау қажет содан соң плашканы жақсылап майлаймыз.
Плашканы стерженнен кері бұрап аламыз.
Кесудің сапалы орындалуын қөзбен тексеріп, онда жулынған, үзілген бөлшектер болмауы тиіс.
4.Воротоктың шеткі реттеуші винттерін бұрып плашканы ашуды жасаймыз.
Плашканы кері бұрау арқылы жоғарыда көрсетілген әріспен керекті ұзындыққа стерженьді кесеміз.
• Кесу калібрімен орындаған әрекетті тексеріп, гайканы бұрау мүмкіндігі болмаған жағдайда, болтты тағы бір мәрте кесуді реттеуші аинт көмегімен салыстыра отырып орындау керек.
• жұмыс барысында өзін-өзі бақылау туралы айтып түсіндіру және өзін-өзі бақылау тәсілдерін көрсету;
операция аралық бақылау туралы айту;
тапсырмаларды орындау және жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру кезіндегі жұмыстың озық тәсілдері туралы айту;
• негізгі сұрақтарға (нақтылап көрсету) ерекше көңіл аудара отырып, еңбек қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру;
Жанадан ойылған бұрандалы кесуді қол саусақтарымен ұстап тексеру қауіпті, қолды кесіп, жарақат алуға болады.
• жұмыс кезіндегі жарамсыздықтың (брак) алдын алу, жарамсыздық түрлері мен көп кездесетін қателіктерді атап өту (олардың түрлерін нақты көрсету);
Бұрандалы кесуді орындау барысында стержень плашкада перпендикуляр жайда болуын қатаң ескеру керек, қисық кетпеуін бақылаймыз.
• өтілген оқу материалдарындағы белгілі сұрақтар бойынша білім алушылардың материалды меңгергендігін тексеру (сұрақтарды көрсету);
1. Бекіту детальдардың қызметі?
2. Бұрандалы кесудің қадамы қалай белгіленеді?Р
3. Екі үшінда бұранда кесуі бар қандай бекіту деталін білесін? шпилька
4. М12×60 болты белгіленген 60 саныкорсетеді? болт ұзындығын
5. Сыртқы бұрандалы кесуді қандай құралмен орындайды? Плашка
Білім алушыларға топ алдында меңгерген жұмыс тәсілдерін көрсетуін ұсыну, оның жұмыс тәсілін дұрыс түсініп, игергендігіне көз жеткізу;
Уақыт нормаларын баяндау (комплексті тақырыптарды орындауда); Білімалушыларға бағалау тәртібін баяндау.
• Кіріспе нұсқауды қорытындылау.
IІІ. Ағымдағы нұсқау
Жаттығулар 2 Жаттығулар тізімі:
1. Дөңгелек плашкамен буранда сызықтарды кесуді орындау.
2. Кесуді клуппен орындау жұмысы.
Өзіндік жұмыстар: Дөңгелек плашкамен буранда сызықтарды кесуді орындау
Білімалушылардың жұмыс орнындарын мақсатты айналымдар:
Бірінші айналым: жұмыс орнының мазмұнын тексеру
Екінші айналым: еңбек тәсілдерінің дұрыс орындалуын бақылау
Үшінші айналым: өзін бақылаудың дұрыс орындалуын тексеру
Төртінші айналым:
• Жұмыс барысында техникалық жағдайлардың сақтау дұрыстығын тексеру
• Жұмысты қабылдау және бағалау
• Үлгерімі озық оқушыларға қосымша жұмыстар беру (жұмыс түрін көрсету)
Бесінші айналым: аралық бақылаудың дұрыстығын тексеру (операция аралық)
ІV. Қорытынды нұсқау.
• Бір күндік қорытынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
• Әрбір білім алушының орындаған жұмыс сапасын бағалау.
• Білім алушылардың ішінен кім жақсы көрсеткіштерге ие болғанын атап айту.
• Білім алушылардың жұмыс барысында жіберген қателіктерін талдау.
V. Жұмыс орнын жинау.
VI. Келесі сабаққа материалды-техникалық базаны дайындау.

Ө/ о шебері: Сейсенгалиева Г.А
Қолданған әдибеттер:
1) Макиенко Н.И. «Общий курс слесарного дела»
2) Скакун В.А. «Руководство по обучению слесарного дела» Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Плашкамен сыртқы бұрандалы кесуді орындау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 263 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar