Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Постер жасау мен қорғау және стикер қолдану қаншалықты маңызды? -

Постер жасау мен қорғау және стикер қолдану қаншалықты маңызды?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 30338 | Размер: | Автор: гость
. Коучингтің тақырыбы: Постер жасау мен қорғау және стикер қолдану қаншалықты маңызды?

Төлеуова Анар Қаражігітқызы - І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиетінің
мұғалімі, Жалау Мыңбаев атындағы
мектеп-гимназиясы,Түпқараған ауданы
Маңғыстау облысы
Күні: 25.01.2016ж
Жалпы мақсаты: Коучингке қатысушылардың қызығушылығын арттыру,әдістемелік көмек көрсету,жаңа тәсіл түрлерімен таныстыру,жаңа форматтағы мұғалімге тән белгілерді айта отырып,мысалдар келтіру,7 модульдің тиімділігін айту,сабақта постер жасау мен стикер қолданудың тиімді тәсәлдерін ұсыну
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдермен танысады,мұғалімге тән белгілерді естеріне түсіреді,пікір алмаса отырып,сабақтарға талдаулар жүргізеді.
Практикалық
тапсырма Әңгімелесу арқылы мұғалімдердің ынтасын ояту.Мұғалім тәжірибесіне жаңа әдістерді енгізу,топпен жұмыс.
Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,жаңа форматты мұғалімге тән белгілер,Шульман ілімі, кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары,сапалы және табысты оқыту.
Коучингтің өтілу барысы:
Ұйымдастыру
(5 мин)

Негізгі бөлім (теориялық білім)
«Ой қозғау»
15 минут

«Мағынаны түсіну»
10 минут

Практикалық тапсырма
«Тиімді әдіс-тәсілдер»
(10 мин)



1.Белгілі бір әдіспен топқа бөлу 5 мин.
І топ -«Постер» тобына жататын сөздер:маркер,флипчарт,спикер,сағат,А 3 парағы.
ІІ топ- «Стикер» тобына жататын сөздер:смайлик,бояу,жапсырма,қалам,стикер
ІІІ топ – «Сынып» тобына жататын сөздер – тақта,магнит,парта,тәртіп,45 минут.
Жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Мен жасаған жақсы іс» әдісі бойынша бүгінгі жасаған істері туралы сұрау.
2. «Ой қозғау» әдісі бойынша жетелеуші сұрақтар бере отырып, жаңа оқыту бағдарламасының 7модулын қайта естеріне түсіреді.
Оқу тобына қойылатын сұрақтар :
1. Постер жасау қаншалықты маңызды?
2. Постерді қорғау мен тыңдаудағы оқушы әрекеті қандай болу керек?
3. Постерді қалай қорғау керек?
4. Постер қалай жасалынып жүр?
5. Дайын постер кейін керек пе?
6. Кері байланыс қандай болу керек??
7. Коучингті қандай бағытта жүргізген тиімді?
8. Постер деген не?
9. Постердің мазмұны қандай болу керек?
10. Постер және Блум таксоманиясы қалай үйлесіледі?

Мұғалімдер өздеріне ұнаған және қолданған әдіс-тәсілдерін ауызша айтады,флипчартқа сала отырып түсіндіреді.Өз пәндері бойынша мысалдар келтіре отырады.
Презентация «Постер деген не?»
 1. Оқулық мазмұнын қайталамай, өзіндік ой, пікір, ұстаным келтіру.
 2. Әр оқушының үлесін көрсету.
 3. Аз уақыт ішінде емес, 10-30 минут ауқымында жасалуы қажет.
 4. Мазмұны:
 - проблеманы анықтауға емес, проблема шешуге бағытталу,
 - «Қандай?» деген сұраққа жауап бермей, «Қалай? Қалай жасау керек?» деген сұрақтарға жауап беруі қажет,
 5. Қорғау кезінде постерге жазылғандар оқылмай, оларға комментарий беру.
 6. Бір топ қорғағанда, қалғандары кері байланыс беруге дайындалып отыру.
 7. Кері байланыс талдау түрінде болып, әр тұжырымды дәлелдеу
 8. Егер постер бір тақырыпта жасалған болса, онда барлығының қорғауы шарт емес: тек бір постер жан-жақты талқыланып, қалған постерлерге қорғау нәтижесінде туындаған мәселелерді ескеріп, түзетулер енгізуді тапсыруға болады.
 9. Постерлерді қорғаудың, жариялаудың тәсілдерін қарастыру.
 10. Постер жасау жұмысы үш кезеңнен тұруы керек: а) постерді қалай жасау керектігін мұғалімнің берген нұсқаулығы бойынша топ ішінде талқылау, ә) постерді жасау, б) постерді жариялау (қорғау керек)

Постерді алмастыратын жұмыс түрлері қандай?
- слайд жасау,
- сахналау (рөлдерге бөліп ойнау, жағдаят құрастыру, ойнап шығу),
- ғылыми-зерттеу жобасын дайындау (баяндама, мақала, реферат, аннотация, рецензия, гипотеза),
- эксперимент, тәжірибе жасау,
- бірін-бірі үйрету (Жигсо, т.б.),
- пікірталас, дебат, дөңгелек үстел, ток-шоу өткізу,
- видеофильм, ролик, жарнама түсіру,
- есептер/жаттығулар жинағын құрастыру,
- тест сұрақтарын құрастыру,
- шығармашылық жұмыстар: эссе, РАФТ, сценарий жазу,
- оқу, рөлдік, іскерлік ойын дайындау және өткізу, т.б.
Стикерді алмастыратын тәсілдер:
эссе,
 өлең,
 есеп (ақпар) беру,
 есеп шығару,
 жаттығуды орындау,
 тестілеу,
 тест сұрақтарын құрастыру,
 кесте жасау,
 есеп құрастыру,
 ереже жасау,
 нұсқаулық жасау,
 жұмыс жоспарын жасау,
менталды карта жасау,
 диаграмма немесе график жасау,
 семантикалық карта жасау, т.б.
Сергіту сәті
(3мин)
Кері байланыс
/3мин/
«Поэзия минуты» Мұғалімдер өздерінің есінде қалған өлең шумақтарын оқиды.

Қолтаңба қалдырып, бүгінгі коучинг туралы ой-пікірлерін жазады.

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы

Постер жасау мен қорғау және стикер

қолдану қаншалықты маңызды?

/коучинг/

Төлеуова Анар Қаражігітқызы
І деңгей мұғалімі

2015-2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.