Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау» -

Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1077 | Размер: | Автор: гость
. Дуйсенбекова Улбала Сиябековна,
«№ 22 жалпы орта мектебінің география пән мұғалімі.
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау»

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның климаты жайлы білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын нығайту, атлас картамен жұмыс істеу шеберліктерін арттыру.
Дамытушылық: Жан-жақты ойлана отырып өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік:Табиғи заңдылықтарды білуге, өз денсаулығын сақтауға үйрету.
Әдіс-тәсіл: Сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалану.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, АКТ, кескін карталар, түсті қағаздар.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Биология, физика
Жаңа сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты жаңа сабаққа дайындау, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және сыныпты құрастырма ойыны бойынша 3 топқа топтастыру. Әр топ өзінің атын қою, ұранымен таныстыру, топ мүшелерінің қызметін белгілеу.
І топ. Тәуелсіздік
ІІ топ. Нұрлы жол.
ІІ топ. Мәңгілік ел.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. Қызығушылығын ояту.
Желпуіш әдісі бойынша әр топқа 3 сұрақ жазып, келесі топ оған жауап жазады, оны әр топ өзі тексереді.
Мысалы:
1.Күн радиациясы
2.Ауа температурасы.
3.Жылдық жауын-шашын.
4.Ауа массалары.
5.Климат құрушы факторлары.
6.Агроклиматтық қорлар.
7.Климаттың шаруашылыққа пайдасы.
8. Климаттың шаруашылыққа зияны.
ІІІ.Жаңа сабақтың мазмұны. «Ой қозғау»
Жоспар бойынша 3 қалаға сипаттама бер.
1.Петропавл
2.Атбасар
3.Шымкент
Жоспары:
1.Климат белдеуі.
2.Күн радиация мөлшері.
3.Ауа массалары.
4.Желдері.
5.Ауа температурасы.
6.Атмосфералық жауын-шашын
7.Климаттың шаруашылыққа әсері.
IV.Мағынаны тану. «Озық ойлы, тапқыр кім?», «Қазақстандағы басым желдер» атты төмендегі кестені толтыру.
Жел аттары Негізгі соғыс бағыттары Жылдамдығы м/с Шаруашылықтағы маңызы /зияны, пайдасы/
Ебі Оңтүстік Шығыстан 60-80 Зияны: жол қатынасына , балық аулауға, егіншілікке
Пайдасы: электр энергетикасын өндіруге болады
Сайқан
Арыстанды қарабас
Қордай
Сергіту сәтті. Танымдық ойын.
V. «Іскер болсаң, тауып көр». Агроклиматтық қор кестесін толтыр.

Аймағы
сипаттаммасы Солтүстік Орталық Оңтүстік
Температура жиынтығы +100С жоғары болатын 2000-21000С 2400-28000С 4300-46000С
Өсімдіктің өсіп өну кезеңі 130-135 күн 150-160 күн 180 күннен артық
Аймақта өсетін өсімдіктер Жаздық бидай, зығыр, көкөніс, бау-бақшы Дәнді дақыл, күнбағыс, қарақұмық, картоп Күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, жүзім

VІ. «Кім жылдам» картамен жұмыс. Мына белгілерден не білеміз? Орны қайда?
t0 І-190С t0 І-1,50С t0 І-570С
t0 VІІ+190С t0 VІІ+28-300С t0 VІІ+470С

АА
ҚҚ
ТА

VІІ.Сабақты бекіту. «Ой –толғаныс» қалам, үстел ортасындағы термин сөздерге анықтама айту.
1.Күн радиациясы 2.Климат 3.Ауа-райы
4.Трансформация 5.Ауа массасы 6.Жел
7.Температура инверсиясы 8.Комфорт зонасы
9.Антициклон 10.Циклон
VІІІ.Үйге тапсырма: Қайталау, кескінге Қазақстан климатын түсіру. Кестені сызу.
ХІ.Бағалау. Кері байланыс /рефлексия 2 жұлдыз, 1 тілек/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.