Меню
Назад » » »
Практикалық жұмыстардың информатика пәнін оқытудағы маңыздылығы
загрузка...

загрузка...
Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің информатика пәнінің оқытушылары
Құлтаева Сандуғаш Бегімқұлқызы,
Молдабекова Тұйғын Ергенқызы

Практикалық жұмыстардың информатика пәнін оқытудағы маңыздылығы

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі — ақпараттық–коммуникациялық технология. Ақпараттық — коммуникациялық технологияның дамуы осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушы даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар білімде бағалау мен пайдаланудың өзгеріп отыруын талап ететін модуль. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс – тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Ақпараттық коммуникациялық технологияның пайдалы жақтары бұл модуль оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді, мұғалімдерге сабақты беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқи отыра түсінгенім еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеру болып табылады. Оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдалану. Ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық — коммуникациялық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Мұғалімдер үшін ақпараттық — коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі: оқушының жеке жұмыс жасауы; уақытын үнемдеуге; білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; экономикалық тиімділігі; іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.); қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникативті технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.
Бүгінгі таңда кез келген оқушының компьютерлiк сауаттылығын арттыру, күнделікті өмірде компьютердi пайдалануын қалыптастыру және әлемдік ақпарат көзінен ақпараттарды iздеу мәдениетiн дамыту - қазіргі заман талабы.
Ақпараттандырудың негiзгi мiндетi – компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану, яғни, оның мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, практикалық, зертханалық жұмыстарды орындау арқылы жаңа материалды бекiту.
Оқушылардың жалпы компьютерлік біліктіліктерін, яғни клавиатурамен жұмыс, программа құру, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білуді жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда. Практикалық жұмыс тапсырмаларын информатика пәнінің кез-келген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Практикалық жұмыстың табысты болуы мұғалімнің оқыту – білім беру шеберлігіне, мұғалімнің қаншалықты жауапкершілікті сезінетіндігіне, қаншалықты өз мамандығына ықыласты екендігіне байланысты. Себебі мұғалімнің еңбегі – шығармашылық еңбек. Әрбір сабақты мұғалім өз қалауы бойынша, оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарлайды, сабақтың типін, оқыту формасын, сонымен бірге оқушылармен жасалатын жұмыс түрлерін, оны жүзеге асыру әдістерін таңдап алу оның өз еркінде.
Информатика пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдардың аздығына, оқушы үшін дидактикалық материалдардың және жұмыс дәптерлерінің жоқтығына байланысты практикалық жұмыс тапсырмаларын мұғалімнің өзі құрастыруға тура келеді. Тапсырмаларды құруда оқу-әдістемелік құралдарын, «Информатика негіздері» басылымдарын, электрондық оқулықтарды, Интернеттегі ақпараттарды, т.б. ақпарат көздерін пайдалануға болады. Практикалық жұмыстың мазмұнын күнделікті өмірмен байланыстырып, оқушының қызығушылығын арттыруға әсер ететіндей құрастырған дұрыс.
Жалпы сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, жаңа білімді меңгеруде оқушылардың белсенділігін арттыратын практикалық жұмыс тапсырмаларын пайдалану өте тиімді.
Информатиканы оқытудың негізгі маңызы – оқушылардың шығармашық, зертеушілік қасиеттерін қалыптастыру және белсенді, әрі толыққанды өмірге, информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау.
Қазіргі заман талабына байланысты оқушының информатика пәнінен алған білімін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Сондықтан оқушыларға білім негізін меңгертуде, пәнге деген қызығушылығын арттыруда және шығармашылыққа іздену қалыптастыруда практикалық жұмыстың алатын орны ерекше.
Қорыта айтқанда, сабақ барысында практикалық жұмысты жүйелі орындау оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға, компьютерлік сауаттылықтарын арттыруға, теориялық білімдерін бекітуге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Практикалық жұмыстардың информатика пәнін оқытудағы маңыздылығы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 301 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar