Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Р р»  дыбысы  мен  әрпі -

«Р р» дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2802 | Размер: | Автор: гость
. Білім беру саласы: Қатынас .
Денсаулық
Бөлімі : Сауат ашу
Тақырыбы : «Р р» дыбысы мен әрпі
Мақсаты: «Р» дыбысы мен әрпін қайталату, суреттке қарап сөйлем құрауды әрі қарай дамыту; инабаттылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, жұмыс дәптер
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Мұғалім шаттық шеңберіне тұрғызып, раушун гүлін алып келеді. Балалар раушан гүлін бір- біріне сыйлау арқылы тілек айтады. Шаттық шеңберіне тұрып тілек айтады.
-Сен гүлдей әдемісің, сен ақылдысың т. б .
Ұйымдастырушылық-ізденістік -балалар, біз қандай гүлмен тілек айттық?
-Раушан гүлі қандай дыбыстан басталады?
-«Р» дыбысы қандай дыбыс, дауысты ма, дауыссыз ба?
-Естеріңе түсіріңдерші, өткен оқу іс –әрекетінде «Р»дыбысынан басталатын ұл-қыз есімдерін айттыңдар?
-Енді өздерің айтқан есімдермен байланыстырып, суреттерге қарап сөйлем құраңдар . Мысалы: тақтаға балалардың еңбек етіп жатқан суреттері ілінеді.

Мұғалім әріп қималарымен сөз жазғызады.

«Не бар, не жоқ?» дидактикалық ойыны:
Ойын шарты:Балалар шеңбер болып тұрады. Мұғалім әр балаға жемістер мен көкөністер таратады.
Мұғалім:
- Мен баққа барғанымда бақта өрік жоқ екен,-дейді. Өрік болып тұрған бала:
-Өрік бар , шие жоқ ,- деп айтады.

Ойын осылай жалғаса береді.
Шатасқан бала айыбын өлең не тақпақ айту арқылы өтейді.

Сергіту жаттығуы:
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Достық үйін құрамыз.

Дидактикалық ойын : «Сөйлемді жалғастыр»
Ойын шарты: Мұғалім сөйлемнің басын айтады, сөйлемді балалар аяқтау керек. Мысалы: Киіз үйдің .....
Ойын соңында бір сөйлемнің неше сөзден тұратынын талдайды.

Мұғалім саусақ ұшы бұлшықеттеріне
жаттығу жасатады.
Жұма күні апам менің,
Қамыр илеп қояды.
Жеті шелпек пісіруге,
Бөліп, бөліп алады.
Жаюға мен көмектесем!
1,2,3,4,5,6,7.

Дәптермен жұмыс :
Дәптердегі № 3 тапсырманы орындайды.
Жеке оқушымен жұмыс жүргізіледі. -Раушан гүлімен тілек айттық
-«Р» дыбысынан басталады.
-«Р»дыбысы – дауыссыз дыбыс
-Райхан. Раушан, Рақат, Рамазан т.б.

Балалар «р» дыбысынан басталатын адам аттарын қосып , сөйлем құрайды.

Балалар әріп қималарымен қысқа сөздер жазады. Мысалы: ар. ара, ра, тара,нар.

Балалар ойынды ойнайды.

Қимылын келтіріп жасайды.

Ойынға кіріседі.

- керегесі бар.

Үстелді тақылдатып отырып жасайды.

Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық - түзетушіліік -Бүгін қандай дыбысты қайталадық?
-Балалар сендер қандай дидактикалық ойындар ойнадыңдар? «Р» дыбысын
«Не бар, не жоқ?» ойынын,
«Сөйлемді жалғастыр»
ойынын ойнадық.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Өткен тақырыпты естеріне түсіруге, әріп қималарымен қысқа сөздер жазуға, жоғарғы жағында имектері бар ұзын және қысқа таяқшаларды жазуға арналған тапсырмаларды.
Түсінеді: «Р» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, ойын шартын.
Қолданады: суретке қарап сөйлем құрай білу дағдыларын

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,
Кеңес аулы, №239 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сыздықова Роза
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.