Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚР Тілдері күні мерекесіне арналған мәнерлеп оқу сайысы -

ҚР Тілдері күні мерекесіне арналған мәнерлеп оқу сайысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7244 | Размер: | Автор: гость
. Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі

(ҚР Тілдері күні мерекесіне арналған мәнерлеп оқу сайысы)

Дайындаған:қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Буранбаева Ш.Х.

2014-2015 оқу жылы

Бекітемін
Мектеп директоры: -------
Г.Б.Бисенгалиева
Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік
тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік
ұстауға тәрбиелеу. Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын
қалаптастыру. Сол арқылы облыстық,аудандық мәнерлеп оқу
сайыстарына оқушыларды іріктеу.
Міндеті: Оқушылар өлеңді талапқа сай мәнерлеп жатқа көркем түрде оқулары
тиіс.
Көрнекіліктер: Тіл туралы қанатты сөздер.музыка,шарлар.
Барысы:
I – жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тамырым сенсің,
туған тіл» атты 5-9 сынып оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу сайысына қош
келдіңіздер!
(Әнұран)
І – жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
ІІ – жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
І – жүргізуші: Олай болса сайыстың әділқазы мүшелерімен таныстырып
өтсек,аудандық білім бөлімінің әдіскері Жоламанова А.А.мектеп директорының
әдістеме меңгерушісі Гасанова А.С.аудандық,облыстық мәнерлеп оқу
сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы,11а-сынып оқушысы Сағындық Иса.

ІІ – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы
жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
І – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес,
мемлекеттік тіл!
ІІ – жүргізуші: 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер
мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне
көрсетілген құрмет.
І – жүргізуші: Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 25 жыл
толып отыр.
(пауза жасалады.)
ІІ – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.
І – жүргізуші:
...Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,- деп біз кезекті күмбірлеген күйге берейік.
«Тойбастар» күйі.
Орындайтын: Сапарғалиева Гүлназ 6а-сынып оқушысы.
ІІ жүргізуші: Бүгін әділқазы мүшелігінде отырған,мектебіміздің мақтанышы
Сағындық Исадан бір өлең оқып беруін өтінсек.
І– жүргізуші: Ендеше мәнерлеп оқу сайысын бастайық.Сайыскерлер қазақ
тілі,ана тілі туралы өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқулары тиіс.Әр сыныптан екі
оқушыдан қатысып отыр.Бірінші кезекте 9а-сынып оқушылары Айтжан
Асыланбек пен Жолдыбаева Айдана шақырылады.
ІІ – жүргізуші: Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
Келесі кезекті 9д-сынып оқушылары Альмурзиева Айдана мен Букаева Розаға
береміз.
І – жүргізуші: Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Туған тіліміз туралы өлеңдерін оқу үшін 9б-сынып оқушылары Таубаева Наргүл
мен Инташева Лаура шақырылады.
ІІ жүргізуші: 7б- сынып оқушысы Сапарғалиева Гүлназдың орындауында
әні.
І – жүргізуші:Ортаға 8а-снып оқушылары Асуова Гүлжазира мен
Түймешова Гүлжазираны шақырамыз.
ІІ – жүргізуші: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
Ендігі кезекті 7а-сынып оқушылары Бақтығали Лейла мен Қосанова Венераға
береміз.
І – жүргізуші: Туған тіліміз туралы жырларымен 7б-сынып оқушылары Сарекенова
Айнұр мен Жалғасбаева Маралды шақырамыз.
Ән:
Орындайтын Тасқалиев Серікжан

ІІ – жүргізуші: Ортаға 6а-сынып оқушылары Иржанова Айдана мен Құрметова
Салтанатты шақырамыз.
І – жүргізуші: Ана тілі - ана сүтімен бойымызға дарыған тіл.Ендеше тілге
көрсеткен құрметің анаға көрсеткен құрметің дер едім. Сол құрметтің бір
дәлелі туған тілге арнап жыр оқу. Ортаға 6б-сынып оқушылары Нұркашева
Фариза мен Урыналиева Аиданы шақырамыз.
ІІ – жүргізуші: Бір сәт қос ішектен төгілер күй тыңдасақ.
Күй: «Сылқылдақ»
Орындайтын: Сапарғалиева Гүлназ.
І – жүргізуші: сайысымызды одан әрмен 5а-сынып оқушылары Ажмұратова
Зергүл мен Казиева Дилназ жалғастырады.
ІІ – жүргізуші: Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап
Термелетіп балкыдым
Ортаға сайысымыздың соңғы қатысушылары 5б-сынып оқушылары Мейрамбай
Дәулет пен Нурумбаева Бибігүлді шақырамыз.
І – жүргізуші: Сайыс барысын әділқазы мүшелері қортындылап болғанша кезекті
әсем әнге берейік
Ән:
І І– жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайыстың қорытынды сөзін әділқазы
мүшелеріне береміз.

І – жүргізуші: Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт –
тарихынан,түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен
айырылған халық – ата-бабасының , туған әкесі мен анасының атын
ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды. (Шерхан Мұртаза)
деген екен осы жолдан Алла бізді сақтасын дейік. Көгімізде көк туымыз
мәңгілікке желбіріп,туған тіліміз жасай берсін!
І – жүргізуші: Кешімізді Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтаймйз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.