Меню
Назад » » »
Құрақ көрпе.(қиылған бөліктерден көрпе құрастыру)
загрузка...

загрузка...
№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы
Бірінші санатты тәрбиеші Имангалиева Ардак Сапиевна, Атырау қаласы.
Білім саласы:«Таным»
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру
Тақырыбы: Құрақ көрпе.(қиылған бөліктерден көрпе құрастыру)
Мақсаты:
Білімділік: Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсініктер беру,ою-өрнектер,кұрақ көрпе туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Қиылған қағаздарды түсіне,көлеміне қарай үйлестіре орналастыра алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балаларға өз елін,халқын сүюге,қазақ өнерін құрметтеуге,ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдары: Үлгі көрнекіліктер,түрлі- түсті қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауаптар,слайд, видео-ролик көрсету.
Сөздік жұмыс: Құрақ көрпе,ұлттық бұйымдар.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру кезең:
Амандасу: Білер қазақ баласы,сәлем сөздің анасы,
Алдымызда кезіккен,көп танысты көреміз.
Бәрінеде ізетпен,біздер сәлем береміз!
Шаттық шеңбер:Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күнің көзін алайық,
Жүрекке жылу салайық.
Кіріспе әңгіме: Жұмбақ: Өрнектеп,сәндеп
Тігістерін бүгетін.
Қиығын жөндеп,
Кім көрпе тігетін?(тігінші)
Тәрбиеші:- Балалар біз Қазақстан республикасында тұрамыз, қазақ халқының өзіне тән қол өнері ,қолдан жасалған ұлттық бұйымдары бар. Әжелеріміз ерте кезден ою ойып,өрнек салып құрақ- көрпелер тіккен. Тәрбиеші бірнеше құрақ көрпешелердің үлгісін көрсетіп, балаларға оның пайдасы жайында әңгімелеп береді.Ою-өрнектер дегеніміз не?,олардың түрлері туралы әңгімелеу.Балалармен әңгімелесе отырып,олардың тұрмыстық бұйымдар туралы(сырмақ,текемет,алаша) білімдерін кеңейтеді.Ою-өрнек түрлері төртке бөлінетінін түсіндіреді,олар:
1.Аң-құсқа,төрт-түлікке,олардың аяқ таңбалары мен дене
- Балалар біз қай республикада тұрамыз?
-Қазақстанда
-Әжелер қандай көрпелер тіккен ?
-Құрақ көрпе.
Видео-ролик көрсету.
Теледидар арқылы балаларға видео-ролик көрсету.
«Әженің үйінде конақта »
-Балалар сендер кімнің үйіне қонаққа бардыңдар?
-Әже сендерге қандай бұйымдарды көрсетті?
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Мақсаты: Көрсетілген пішіндер ішінен үшбұрышты ажыратып көрсетуді үйрету.
Слайд көрсету:
Слайд арқылы тұрлі геометриялық пішіндерді көрсете отырып,түстерін,пішіндерін атату.
Саусақ-жаттығу: Қолымызды созайық,алақанды ашайық.
Саусақтармен біз бірге,амандасып алайық.
1,2,3,4,5

Қимылды ойын: «Өз түсіңді тап»
Мақсаты:Ойын шартын орындап,қызыл,сары,көк,жасыл түстерді ажыратып,
өз түстеріне қарай топтасуды үйрету.Қимыл –қозғалысты дамыту.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біздер «Құрақ көрпе» құрастырамыз.
Мынау қандай пішін?
Үшбұрыш.
Ал мынау қандай түс?
Қызыл,сары,жасыл,көк.
Енді қане жұмысымызды бастаймыз.Ендеше біздер алдымыздағы пішіндерден көрпе құрастырамыз.
Балалар жұмысы.
Балалар қиылған қағаздардан құрақ көрпе құрастырады .(балалардың шығармашылық жұмысы)
Балалар қөрпе бізге не ұшін қажет?
Құрақ көрпелерді кімдер тігеді?
Құрақ көрпені қандай пішіндерден құрадық?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп еседі. (Қимылмен орындау)
Қорытынды:
Балалар біздер не туралы айттық?
Біз пішіндерден нені құрастырдық?
Көрпе не үшін керек?
Құрастырған көрпені қалай,деп атайды? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Құрақ көрпе.(қиылған бөліктерден көрпе құрастыру) можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 462 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar