Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрақ түрлерін тігіп үйрену -

Құрақ түрлерін тігіп үйрену

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2161 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: «Құрақ түрлерін тігіп үйрену»
Сабақтың мақсаты: құрақтың шығу тарихымен, оның қажеттілігімен таныстыру, құрақ құрау технологияларын меңгерту.
А) білімділігі: құрақ құрауға геометриялық фигураларды пайдалана білуді, оларды түрлендіре білуді үйрену.
Ә) дамытушылығы: құрақты қазіргі заман талабына сай жаңартып құрай білуге үйрету.
Б) тәрбиелілігі: ұлттық салт- дәстүрді, өнерді сүйе білуге тәрбиелеу. Шеберлікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, геометрия, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнектілігі: сызғыш, бор, қатты түсті қағаз, мата түрлері, ине, жіп, қайшы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезені.
Оқушыларды сабаққа қатысуын түгендеу.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Қайталау барысында оқушылар өздері құрған құрақ түрлерін жасалу жолдарын түсіндіреді.
Оқушылардың құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз әңгімелерін тыңдау.
ІІІ. Сабақтың негізгі бөлімі
Бүгінгі күнде ата- бабаларымыздың айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызын жоймаған. Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Өнердің басқа түрлері сияқты құрақ құрау да оқушылардың ой- өрісін, білімдерін жан- жақты дамытуға әсері мол. Құрақ құрау барысында әр түрлі геометриялық фигуралардың басын құрауды игеріп, үшбұрыштың қабырғасы мен төртбұрыштың табанының бір-біріне тең болуын, өлшем арасындағы байланыстылықты есептеуді үйренеді. Ал құрақ композициясын қарастыру мен түстердің үйлесімділігін табуда бейнелеу өнерінің білімін пйдаланады.
Құрақ тігу барысында матаның қалың, жұқалығын қатаң ескеруіміз қажет. Егер мата қалыңдығы тура келмесе басқа матамен қабаттап тігеміз. Сонымен бірге тіккен құрағымыз мықты, әрі сәнді көрінуі үшін құрақты астарлап тігуіміз керек. Ол үшін алдымен құрақтың үлгісін жасап, өлшемін алған соң, сол өлшемде астар алып құрақты тігуді бастаймыз.
IV. Сарамандық жұмыс.
Сабақты қауіпсіздік ережелерін еске түсіруден бастаймыз.
Инемен, қайшымен, тігін машинасымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Сыныптағы қыздарды екі топқа бөлем.
Әр топ өздері қалаған құрақ түрлерін құрайды.
1- Топ «Аққу» құрағынан жастықша құрау.
1. «Аққу» құрағы үшін 3 түрлі бір түсті матадан үшбұрышты және төртбұрышты пішімдер дайындалады.
2. Бір түсті бір үшбұрышқа басқа түсті бір төртбұрыш тігістіріледі.
3. Дәл осы әдіспен бес, алты төртбұрышқа үшбұрышты тігістіріледі.
4. Бәрі бір- бірімен тігістірілген соң екі жанын бір түсті матадан шеттік жүргізіледі.
2- Топ «Қызғалдақ» көрпеше құрау.
Құрақты түгу үшін төрт дана етіп төртбұрышты және үшбұрышты қиықтар қиылып алынады. Екі үшбұрыштың қиындыларын алып, қарама- қарсы бұрыштырға тігістіру керек. Одан соң ортасына ашық матадан төртбұрыш тігіп, шетіне бір түсті мата тігіледі.
V. Сергіту уақыты. Мақал- мәтелдер сайысы.
VI. Сабақты қорытындылау.
2 топтың жұмысына қарап талдау жасаймыз. Әр топтан 1 оқушы қарсы топтың жұмысына өз пікірін айтады.
1) Құрақ құраудағы негізгі талаптары
2) Құрақ құрау өнеріндегі симметрия, композиция ұғымдары нені білдіреді?
3) Түс үйлесімділігін қалай түсінесіндер?
VII. Оқушылардың жұмысына, біліміне қарай бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: құрақ құрап үйрену.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.