Меню
Назад » » »
Құрақтың түрлері
загрузка...

загрузка...
Асанова Жанат Файзуллаевна,
Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Құрақтың түрлері

Сабақтың мақсаты: Құрақтың түрлерімен таныстыру, құрау
технологиясы туралы түсіндіріп, құрақ құрап
үйрету.
Білімділік мақсаты: Құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, ұлттық бұйымдарымызды қастерлеуге
үйрету.
Дамытушылық мақсаты: теориялық білімдерін іс жүзінде
шығармашылықпен көрсетуге ықпал
ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру, өз
бетімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, ойлау
қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: жалқаулықтан аулақ болуға, ерінбеуге, шебер,
ұқыпты, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, құрақтан жасалған бұйымдар,
буклеттер, нұсқау картасы.
Керекті құрал- жабдықтар: мата, ине-жіп, қайшы, сызғыш, картоннан
жасалған түрлі түсті үлгілер, бор, т.б.
Сабақтың түрі: аралас, жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу, математика, тарих пәндері, т.б.
Сабақтың әдісі: салыстыру, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке» біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.

ІІ. «Кім көп біледі?» Үй тапсырмасын сұрау.
1. Белдемше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді?
2. Белдемше қандай киім түріне жатады?
3. Белдемше тігуге арналған құрал- жабдықтар?
4. Белдемшені аң терісінен беліне қыстырып қолданған кез қай ғасыр?
5. Белдемшені тігуге алынатын өлшем бірліктер?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері.
Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Қолөнердің бір түрі – құрақ құрау. Біздің қазақ халқының қолөнерінде басты шикізаттың бірі – мата. Халық шеберлері матаның қасиетіне зер сала отырып, өз қажетіне қарай қолдана білген, ал қалған мата қиындыларынан құрақты сәндеп құрай білген. Құрақ үшін қалған қиынды маталарды қолданған.
Құраққа пайдаланатын мата жұқа, қалыңдығына қарай біріңғай іріктеліп алынады. Құрақ құрау бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Бұл өнер негізінен бүкіл елге белгілі өнердің бірі. Құрақ құрау өнерінің техникасын, жасалу жолдарының жаңашыл әдістерін, пайдалану жолын, жаңа заманға сай етіп үйлестіретін, түйінін аша білетін, өнерге деген талғамы биік адамдар ұқыптылыққа шыдамдылыққа еңбек етуге беім болып келеді. Ата-бабаларымыз «өнер-ліге өріс кең» деген. Еңбекке, өнерге жақын адамның әрқашан жан дүниесі биікте болады.
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз, әжелеріміз тігетін құрақ құраудың өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады. Құрақ құрау өнері ХҮ- ХҮІ ғасырда дамыған.

Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1. Матаның қиындыларын іске ұқсату ( кәдеге жарату)
2. Үлкен сәнділікке баулу,матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Құрақтың атаулары әртүрлі құрақ құрау өнері- «құрақ», орыс тілінде құрақ құрау өнері- «лоскутное шитье» немесе «мозайка», жапон тілінде құрақ құрау өнері – «сашико», ағылшын тілінде құрақ құрау өнері – «пэчворк» және «квилт» деп атайды.

Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат беру.
Құрақ құрау халықымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері. Құрақ құрау үшін қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау мата миындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. Бұрынғы әже – әпкелеріміз күнделікті үй- тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай, шай құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді атасына, енесіне арналып, құрақ көрпе, көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән – мағынасы бар. Ертеде апа – әжелеріміз құрақ құрай отырып, ққызына, немересіне арналған құраққты: «Отан болып құралып кетсің, өсіп – өнсін» деген тілекпен жасаған.
Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тік төртбұрыш, параллелограмм.

ІV. Сарамандық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Нұсқау картасы арқылы жұмыс жасау.
1- Топ «Шахмат» құрағын құрайды.
2- Топ «Жұлдызша» құрағын құрайды.
3- Топ «Қызғалдақ» құрағын құрайды.
Жұмысты бастамас бұрын инемен, қайшымен, тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесін ескертеміз және қайталаймыз.
«Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта!»
Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау берілді.
1. Әр топ өз құрақ үлгісін жасайды
2. Үлгіні түрлі түсті қағазға түсіріп қиямыз.
3. Түрлі түсті қағаздан дайын болған құрағымызды картонға жапсырамыз.
Нұсқау картасы таратылады.
V. Орындау кезеңі.
1. Нұсқау карталары бойынша дұрыс тігіп жатқандарын тексеру.
2. Кемшіліктер болса түзету, көмектесу.
3. Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Құрақтардың түр – түрін құрап келем,
Жас ұрпаққа үйретіп үлгі берем.
Өнері асқан ежелгі өнегелі,
Өсіп шықсын біздерден небір өрен,
-дей келе, үш топтың оқушыларын салыстырмалы түрде тексеріп бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: құрақ эскиздерінен буклет дайындау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Құрақтың түрлері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 281 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar