Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Радиоактивті ластану құбылысы. -

Радиоактивті ластану құбылысы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2598 | Размер: | Автор: гость
. Қоршаған ортаға радиоактивті заттардың түсу жолдары.
Радиоактивті ластану құбылысы.
Тірі ағзалардың сырттай ғана емес,іштей сәулеленуге де ұшырайтын-
дығы белгілі.Іштей сәулелену көздеріне-ағза бойына азықтық элементтермен,
ауамен және сумен кіріктірілетін радиоактивті заттар жатады.Көптеген өсім-
діктердің өте жоғары мөлшерде радиоактивті заттарды жинап алу қабілеті бар.Ал олар өз кезегінде азық құрамымен жануарлар ағзасына түсетіндігі баршамызға аян.Осы ағза бойына енген радионуклидтердің бәрі бірдей таби-
ғи жолмен сыртқа шығарыла бермейді,нәтижесінде ағза тканынде қалып, белгілі бір дәрежеде жануардың іштей сәулеленуіне әкеліп соғады.
Табиғи радиоактивті заттардың ішінде ағзаларды іштей сәулелендіруде кең танымалысы радиоактивті калий,басқаша белгілегенде калий-40. Радиоактивті заттардың қатарында ол атомдық салмағы төмен топтың өкілі болып саналады.Мамандарға белгілі жайт,калий- маңызды биогенді элемент ретінде тірі ағзалар құрамында жоғары концентрацияда кездеседі. Ол өсімдіктер құрамында орташа шамамен өсімдіктің 1 кг құрғақ затына 20-30 г мөлшерінде болса,кейбіреуінің құрамында 50-100 грамға дейін жететін көрінеді,ал жануарлар ағзасында бұл мөлшер оның 1 кг салмағына 2,5 грамдай шамасында екен.Табиғи калийдің барша нуклидтік қоспа құрамын-
дағы радиоактивті изотопы 0,012% шамасында болғанымен оның жұтылуы нәтижесінде әр түрлі ағзалардың іштей сәулелену дәрежесі 75-90%-ке дейін жететін көрінеді. (Радионуклидтер-радиоактивтілікке ие болатын нуклидтер).
Ағзалардың іштей сәулелену мөлшерінің қалыптасуына атомдық салмағы төмен тритий-3,көміртегі-14,рубидий-87 сияқты радиоактивті заттардың да үлестері әжептәуір екен.Сандық көрсеткішін айтар болсақ,мысалы алғашқысының үлесі мыңның бір бөлігіндей шамада ғана болады.
Ал атомдық салмағы жоғары табиғи радиоактивті заттар қатарында
радон-220 және радон-222, полоний-210,радий-226 және радий-228,торий-230 және торий-232, уран-238, қорғасын-230 сынды радиоизотоптар ағзалардың іштей сәулелену көздері ретінде басты орынды иемденеді.Олардың басым көпшілігі сирек элементтер қатарына жатады. Атом салмағы төмен радиоактивті заттар тәріздес олардың ағза құрамындағы мөлшері өте аз болғанымен сәулелену шамасының орасан жоғары деңгейде қалыптасуына жеткілікті көрінеді.Егер калий-40 радиоизотопының сүт қоректілер ағзасы үшін іштей сәулеленудің орташа дозалық жүктемесі жылына 5-23 мР тербелісінде болса,полоний-216,радий-226,радий-228 және уран-238 сияқты
радиоизотоптардың болмашы ғана мөлшерінен сәулелену жүктемесі жылына 0,3-1,6 мР тербелісінде болады екен.Ал тыныс алу кезінде тозаңмен түскен радон-222 радиоизотопынан өкпеге түсер жылдық сәулелену дозасы 40 мР-ге дейін жететіндігі анықталған.
Айта кету керек,атомдық салмағы жоғары радиоактивті заттардың басым
көпшілігі тығыз иондаушы альфа-сәулелендіру көздері болыа табылады.Оның дозалық жүктемені қалыптастырудағы үлесі 20%-тен астам болуы ықтимал,ал ондай мөлшерде іштей сәулелену аса қауіпті екендігін білген жөн.
Адам баласының сан алуан қызметтерінің ауқымы дамыған сайын қорщаған ортада радиоактивті элементтердің мөлшері көбейе тусуде.Дәлелді айтсақ,ауылшаруашылығы үшін калийлі тыңайтқыштарды өндіру және егістікке шашудың өте кең ауқымда атқарылуы салдарынан калий-40 радиоактивті затының үлесіарта түскені байқалады.Сондай-ақ,фосфор тыңайтқышы өндірісі де табиғи радиациялық деңгейдің өсуіне себеп болды.
Өйткені фосфор кенін өңдеу нәтижесінде оның құрамында болмашы ғана мөлшерде кездесетін радий-226,торий-232,уран-238 сияқты радиоактивті заттар өндірілген фосфорлы тыңайтқыштар құрамымен егістікке жетеді.Сөй-
тіп,тыңайтқыш құрамындағы қоректік элементтермен бірге өсімдік бойына радиоактивті заттардың енуі әбден ықтимал,әрі қарай азық құрамында малдың ағзасына өтсе оның өнімдерімен ауқаттанушы адам ағзасына да жетіп жататындығы ойланар оймен қолданар шараның ауқымын көбейтпесе азайта қоймас.
Табиғи радиоактивті заттардың қоршаған ортада көбеюіне қазба -кен өндіру мен өнеркәсіптік өндірістің дамуы да өзіндік ықпалын тигізеді екен.
Әсіресе тас көмір,мұнай,газ және басқада кен қойнауларын игеру жұмыстары жүргізілген аймақтың радиоактивті заттармен ластануы жоғары дәрежеде болатын көрінеді.Атап айтқанда,мұндай жерлерде көбінесе радон-222,радий-226,уран-238,рубидий-210 және өзге де радиоактивті заттардың қоршаған орта мен тірі ағзалардың бойын ластау мүмкіндігінің артып отырғандығы бүгінгі мәліметтерден белгілі.
Дегенмен,қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануының басты көздері ядролық жарылыстар мен атомдық энергетикалық кәсіпорындардың қоқыс заттары болып табылады.Әсіресе,сондай кәсіпорындарда оқыстан болып қалатын апат жағдайлардан туындайтын кездейсоқ радиоактивті ластану өте үлкен қауіп туғызады.Олар көбінесе ауалық кеңістікті,топырақ-ты,сол өңірді мекендейтін тірі ағзалардың құрамын радиоактивті бөлініс заттарыменг ұзақ мерзімге әр түрлі шамада ластайды.
Қоршаған ортаға түсетін осындай жасанды радиоактивті заттардың басым көпшілігі қысқа ғұмырлы болып келеді,яғни олар бірнеше сағаттың ішінде немесе небары жылға жетпес уақыт аралығында бөлініске ұшырайтындығын әркім біле бермес.Сол себептен кішкене мысал келтіре суреттесек,жартылай бөлініс мерзімі бар болғаны 8-ақ күндік радиоактивті иод-131 осы аз ғана уақыт ішінде метаболизм құбылсына араласып үлгереді екен де әжептәуір сәулелік зақымдануға ұшырататын көрінеді. Ал енді ұзақ ғұмырлы радиоактивті изотоптпр стронций-90, цезий-137,плутоний-239,амерций-243 және тағы басқа сондай радионуклидтерден келетін қауіптің өлшеусіз екендігі түсінікті болар.
Шындығында радиоактивті заттардың,әсіресе жасанды радионуклид- тердің қоршаған ортадағы қимыл-қасиеттерін бақылап, зерттеудің түпкілікті басты себебі олардың тағамдық өнімдердің құрамына түсіп кету салдарынан радиациялық қауіптің туындайтындығы еді. Осындай зерттеулер жүйесінің ішінде ауылшаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының биологиялық және тағамдық тізбектерінде радионуклидтердіңмиграция ерекшеліктерін анықтау басты орын алады. Өйткені,іштей сәулеленумөлшерінің негізгі қалыптасу жолы-радиоактивті заттармен ластанған өсімдік тік өнімдерді және мал өнімдерін тағам ретінде пайдалану болып табылады.Ағза бойына радиоактивті заттардың ауа арқылы енуі олардың атмосферадан түскен кезеңінде,сондай-ақ құйынды дауыл мен қатты желдің күшімен болары белгілі бір сәттерде ғана байқалады.
Бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдеріне қоршаған ортадан әр түрлі радиоактивті заттардың түсуі жайында небір нәтижеге толы экспериментальды мәліметтер жинақталған. Радиоактивті заттардың пәрменділігі мен топырақ құрамындағы олардың мөлшері арасындағы байланыстылық зерттелінуде,сондай-ақ әр түрлі өсімдіктердің оларды өз бойларына сіңіру қабілеттері анықталынуда және мал өнімдеріне азық пен өту коэффициенттері есептелінуде. Мұндай жұмыстардың маңыздылығы радиоактивті заттармен ластанған аймақтарды мекендейтін тұрғындардың күндік ауқат құрамына радиоактивті заттардың енбеуін немесе сақтану шараларын белгілеуде өте зор екендігі сөзсіз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.