Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу -

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1718 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы,Жылыой ауданы,Құлсары қаласындағы
«№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

Жоғары санатты математика пән мұғалімі:
Айтуарова Алмагүл Амангелдіқызы

Ашық сабақ тақырыбы:
« Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу»

2015-2016 о.ж.

Тексерілді: ________ Ф.Ізтлеуова
/оқу ісі меңгерушісі /

Пән мұғалімі: Айтуарова Алмагүл
Амангелдіқызы Математика
5 « а » сынып 26.11.2015ж
Ашық сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сілтеме Математика -5 оқулығы, дидактикалық материалдар,
Жалпы мақсаттар Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білуге үйрету;құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білуге дағдыландыру;берілген құрама санның жіктелуіндегі жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болып,тек қана олардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін екендігіне үйрету.
Күтілетін нәтиже Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білуге үйренеді;құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білуге дағдыланады; берілген құрама санның жіктелуіндегі жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болып,тек қана олардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін екендігін үйренеді.
Топта ынтымақтастықпен жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білу
Тапсырмалар Топпен жұмыс ( Джиксо әдісі), жұптық жұмыс, сауалнама, жеке жұмыс.
Блум таксономиясы бойынша.
Жеті модуль Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау,оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер, оқытуда АКТ ны пайдалану,көшбасшылықты анықтау.
Көрнекіліктер,құрал жабдықтар, ресурстар Электронды оқулық, слайд, жеке жұмыс парағы ,жапсырма қағаздары, бағалау парағы, түрлі-түсті қағаздар
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 минут Ынтымақтастық атмосферасын құру.Көңіл күйлерін көтеру,қызығушылықты арттыру мақсатында психологиялық тренинг өткізу.
Оқушылар қолдарына алған қағаз бөліктерінен сандарды анықтау арқылы топ құрайды және сол топпен бүгінгі сабақ барысында жұмыс жасайды.
Білу
2 минут Не біліп келдім ?
(Өтілген тақырып бойынша қайталау)
Допты лақтыру арқылы оқушылардан математикалық ережелер сұралады Оқушылар дәптерлері бойынша үй тапсырмасының дұрыстығын тексеріп,қатесі болса түзетеді,өздерін бағалайды,бағалау парағына белгілейді.
Үйге берілген № 668 есептің жауабын интерактивті арқылы тексеру.
3 минут Миға шабуыл ( семантикалық карта) Берілген тапсырмаларды орындай отырып, осылайша олар өткен тақырыпқа шолу жасайды және тақырыпты өздері анықтайды.
Дайын болған тапсырмаларды өздері талдап,тақтаға шығарады,қорғайды.

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу тақырыбын ашу.
Топтық жұмыс. «Мәтінді талқылау»
Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды..Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.
Постер дайындау.
Түсіну
5 минут
Жаңа сабақты түсіндіру
(электронды оқулық бойынша) Тапсырманы топпен орындап,ережені тұжырымдайды.
Жұптық жұмыс. Үш топқа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
Қолдану
15 минут Оқулықпен жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар)
№ 670 ,№ 674 А денгей
№ 676 В денгей
№ 686 С денгей
Дарынды баламен жұмыс тапсырмасы:
Тест құрастыру;
ВЕНН диаграммасын жасап келу;
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:
Үлестірме карточкамен,сандармен жұмыс Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындап, әр деңгейдің сәйкес бағасын қойып отырады.
2 минут Сергіту сәті
Тақ сандарды атағанда – оқушылар орындарынан тұрады, ал жұп санды атағанда орындарына отырады. Оқушылар қимыл қозғалысын жасайды,бойларын сергітеді.
Жинақтау
10 минут Тақырыпты бекіту.
Тест жұмысын орындау Электронды оқулықтан тест орындайды.
Бағалау

3 минут Формативті бағалау:
Бағалау критерийлері:
1.Тапсырмалардың барлығын қатесіз орындау.
2. Ережелерді толық білу.
3. Сұрақтарға жауап беру.
4.Есептердің дұрыс шығарылуы
5. Сабаққа белсенділігі
Топтарды смайлик арқылы бағалау.
Жиынтық баға арқылы бағалау.
Әрбір топқа бағалау парағы беріледі,оқушы өзін өзі бағалайды.
Оқушы топқа өзі қалаған смайлигін береді.
Рефлексия
3 минут «Табыс ағашы»
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің (оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағашқа жапсырады).
 Жасыл алма-маған сабақ ұнады,тақырыпты меңгердім.
 Сары алма тақырыпты түсіндім,бірақ есептеген кезде қиналамын.
 Қызыл алма сабақ маған түсініксіз Алма суреттерін ағашқа ілу арқылы өздерінің қаншалықты түсінгендігін білдіреді, Стикер арқылы әр оқушы өз пікірін білдіреді,
1 минут Үйге тапсырма: № 684,691 есептер Жай сандар тарихын зерттеу
Эретосфен елегін түсіну
Кейінгі тапсырмалар Оқушылар щығармашылығы Сөзжұмбақ әзірлеу
Тест даярлау
Кері байланыс Не сәтті өтті?
Не сәтсіз өтті ?
Болашаққа болжам ? Мұғалім келесі сабаққа
қадам жасайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.