Меню
Назад » » »
Әрбір ана - періште
загрузка...

загрузка...
Астана қаласы.
Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Калиякбарова Ақжүніс Манарбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Әрбір ана - періште
Сабақтың мақсаты: Анаға деген құрметті арттыру арқылы ананы бағалауға, ананың еңбегін, ақ сүтін ақтауға,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, балалар шығармашылығымен салынған суреттер, ана тақырыбына арналып жасалған слайдтар, видеоролик, құпия сандықша
Сабақтың барысы:
Сыныпты ұйымдастыру, сыныпқа психологиялық ахуал орнату
Бейнебаян көрсетіледі
Ойқозғау
Сұрақ: Балалар, бейнебаяннан не ұқтық? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Кім туралы болуы мүмкін?
(Оқушылар жауап береді)
Бүгінгі сабақтың тақырыбы – әрбір ана – періште.
Кіріспе

Мұғалім сөзі:
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан , ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз. Тарихта аттары қалған аналар туралы айтып өтсек димін. 1.Домбыраның құлағында ойнаған күй майталманы шебері Дина Нүрпейсева. 2.Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).
3. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), актриса. КСРО халық әртісі (1967).
4. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
5. Қазақтың батыр ыздары Әлия мен Мәншүкті жеңістың қос қанаты деп танимыз. Екінші дүние жұзілік соғыстың батыр атағының иегерлері.

Той пердесін ашайық,
Аналарды құрметтеп.
Ән маржанын шашайық!

Шығармашылық жұмыс
Өздеріңнің аналарыңа деген махаббаттарыңды, сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
Оқушылар өздерінің аналарына арнаған жұмыстарын көрсетеді.
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Мұғалім: -Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
(балаларын аналар табу керек)

Мұғалім:
1. Тапсырма
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?
2. Тапсырма Сынап көрелік.
Мұғалім: Гүл құрастыру. (оқушылар тобы гүл құрастыру керек)
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру
3. Тапсырма
- Аналарды тағыда сынап көрсек деймін. (балалардың балалық шағынан үзінді айтылады, ал аналары өз баласының іс әрекетін тауып айту керек)
4.Тапсырма
Анасының іс әрекеттерін көрсетеміз ал балалар сол іс әрекеттерді кімнің мамасы екенін оқушы табу керек.
Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
Олардың шешендігін сынап көрелік.
Мұғалім: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны. Балалар аналар тобына балалар аналар тобына сұрақ қояды. (салт-дәстүрге байланысты.)
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін!

Мұғалім:
Балалар мен аналар тобы осы құпия сандықтың ішінде не бар деп ойлайсыздар?
Құпия сандық (ішіне мұғалім арнайы әңгіме жазылған қағаз салынып түрады)
Құпия сандық
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:
-Әкеңе,-деді .
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-
Мұғалім
Менің анам алтын
Менің де анам алтын
Аналарды құрметтеп
Қол соғыңдар жалпың
Аналарды ортаға шақырамыз

-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Анашым» әнін
қабыл алыңыздар!
Балалар тобы аналарына арнап жүрекшелер жасаған болатын сол жүрекшелерін аналарына сыйлайды. Аналардың көңілдері тоқ, жанарларынан мүң болмасын тек қана бақыт нұрын төге берсін-дей отырып ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Әрбір ана - періште можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 282 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar