Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ -

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2701 | Размер: | Автор: гость
. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

1 Сайыс атауы Ең үздік ғылыми жоба (оқушылар үшін)

2 Қатысушының аты-жөні Исатаева Аружан

3 Сыныбы 2-сынып

4 Жұмыс түрі Ғылыми жоба

5 Жұмыс атауы «Ата – бабамыздың пайдаланған көне ыдыстары»

6 Білім алу мекемесінің толық атауы «Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия» КММ
7 Қатысушының толық мекенжайы 101700
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Ақсу-Аюлы мекені
Шортанбай, 53
8 E-mail [email protected]

9 Байланыс телефоны 8 (71031) 21820

10 Ғылыми жетекшісінің аты-жөні Бегельдиева Толкынай Олжабаевна

11 Лауазымы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

12 Байланыс телефоны 8 7021683875

13 E-mail , [email protected]

«Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия» КММ

ТАҚЫРЫБЫ: Ата-бабамыздың пайдаланған көне ыдыстары /Этнопедагогика секциясы/

Дайындаған: Ж.Ақылбаев атындағы
мектеп-гимназияның
2-сынып оқушысы
Исатаева Аружан

Жетекшісі: Бегельдиева Толкынай Олжабаевна
Ж.Ақылбаев атындағы
мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі


Шет ауданы
2016

Мазмұны

І. Кіріспе ............................................................................. 1
ІІ. Негізгі бөлім. Ата-бабамыздың пайдаланған көне
ыдыстары .................................................................................. 2-5
ІІІ. Қорытынды ......................................................................... 5
IV. Пайдалынған әдебиеттер тізімі ...................................... 6

Ата-бабамыздың пайдаланған көне ыдыстары
Исатаева Аружан
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 2–сынып оқушысы, Қарағанды облысы, Шет ауданы
І.Кіріспе
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Әйелдер киіз басып, кілем, ши тоқып, киім тіккен. Еркектер қару-жарақтар, үй жиһаздарын, ыдыс-аяқ, әр түрлі құрал-жабдықтар басқа да бұйымдар жасаған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алған, көне ыдыстармен танысу. Асыл мұралар тарихын зерттеу арқылы көне ыдыс түрлерін, жасалу жолдарын зерттеу. Келешекте осы ыдыс түрлерінің нақ бейнесін заманымызға лайықтап жаңғырту. Сол арқылы ұлттық салтымызды ұрпақтан ұрпаққа өшірмей жеткізу.
Жұмыстың мақсаты:
Бүгінгі таңда салт-дәстүріміздің үлкен бір саласы – қол өнерді үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей жалғастырып,ғасырлар бойы сақталып келе жатқан – ата – бабаларымыздың көне ыдыстарын дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың бай мұрасына сүйіспеншілік сезімін тудыру.
Жоғарыдағы мақсатқа жету үшін мына міндеттер жүктеледі:
- Көне ыдыс түрлері жайлы мәліметтер жинақтау;
- Жинақталған мәліметтерді сұрыптау;
- Бүгінгі таңда ыдыс – аяқтардың күнделікті өмірде қалай қолданылатыны
төңірегінде ой топшалау.
Міндеттерді шешу әдістері:
- Көне ыдыстардың түрлерін жинақтау;
- Салыстыру;
- Апа, әжелерімізбен сұхбат;
- Өзіндік ой топшылау;
Жұмыстың жаңашылдығы:
Қазіргі қоғамдық дамуға сәйкес танылған «Мәдени мұра » бағдарламасымен өзектестігі болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Бастауыш сыныпта оқытылатын ана тілі,қазақ тілі сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
ІІ.Ыдысын көріп асын іш
«Шешесін көріп – қызын ал, ыдысын көріп - асын іш» деген қазақ мақалында пәлсапалық әлеуметтік терең ой жатыр. Демек, ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс - аяқ мәселесі де шет қалмаған. Оған үлкен мән берілгендігіне жоғарыдағы бір ауыз сөз куә. Ата – бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарынан жасаған. Солардың ішінде басты ыдысы – кәдімгі қара қазан.
Қазан – басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары, өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарханына түсетін тағамдардың барлығы да қымыздан басқасы ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.
Қазан шойыннан жарты шар үлгісінде құйылады, ұстауға қолайлы төрт құлағы болады. Сыйымдылығына қарай көлемі әртүрлі болады. Ең үлкенін он екі қарыс қара қазан немесе тай қазан дейді. Қазан басындағы ас пісіретін адамды еркек, әйел қазаншы дейді. Қазан кәдімгі үш пұтты ошаққа немесе жерошаққа асылады. Бетіне қақпақ жабылады. Отырықшы жерде арнайы қазандыққа орнатылады. Көшпелі елде қазан қирамас үшін оған қалың кенеп, киізден арнаулы қазанқап жасалады. Оттан көтеріп алғанда қол күймес үшін және жақпас үшін тұтқыш қолданылады. Ол қол басына киілетіндей екі киіз қалтадан жасалып, ұзындығы қазанның екі шетіне жететіндей жіппен қосақталып байланады. Қазан түбіндегі қаспағын қыру үшін қырғыш пайдаланады. Ол темірден жасалады.
Қазан тоқшылық пен берекенің, ырыс-несібенің айғағы, қасиетті киелі ыдыс. Ұлттық әлеуметтік тарихи оқиғаларда да қазанның алатын айрықша орны бар. Қазанын сындыру – отбасын ойрандаудың, қазанын төңкеру – аштықтың, масқаралаудың белгісі. Мысалы «жеті жарғыда» өлім жазасына бұйырылған адам жеті айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан төлеу. («Ақиқат» журналы, 42-бет. № 6, 1993 ж.)
Саба. Қымыз құюға арналған, ел ішінде кең таралған кәделі ыдыстың бірі. Ол жылқы терісінен жасалады. Сабаны жасау үшін терінің түгін жидітіп, сыпырып, көк етін алып, тазартып илейді. Дайын теріні талдың қабығымен бояйды. Содан соң әркім өзіне қажетті сыйымдылық мөлшерінде төрт бой етіп пішіп, түбін кең, аузын тарлау етіп шуда жіппен тігеді. Жоғары байлау үшін саба аузына жіп тағады. Осылайша саба дайын болғаннан кейін ішін жуып-шайып айран құйып бірнеше күн қояды. Мұны шикі дәмін алу дейді. Бұдан кейін керіп созып, дымқылдап пештің ысын қырып алып жағады. Мұны құрамдау дейді. Оны қайтадан майлап, арша, тобылғы немесе қайың қабығының түтініне ұстайды. Мұны ыстау дейді. Ысталған тері әрі берік, әрі құрт-құмырсқа түспейді. Ыстың дәм мен иіс құйылған қымызға шауып оның сапасын арттыра түседі.
Жылқы терісінен сыйымдылығы 5-10 литрлік шағын ыдыстар да жасайды. Оны торсық дейді. Одан сәл үлкенін сүйретпе дейді.
Сабадағы қымызды пісу үшін піспек қолданылады. Піспектің басы дөңгелек ағаштан жасалып, оның ұзын, түзу сабағы болады. Сабаның қолға ұстайтын жерін күміспен сүйекпен әшекейлейді.
Сабаның үлкен, кішісі де болады. Оның астына қою үшін ағаштан сәкі жасалады да оны саба аяқ деп атайды.
Қазақ келісті бәйбішелер мен орнықты әйелдерді бес биенің сабасындай деп мадақтайды. («бәйбіше айдын көлдің қоғасындай, орнықты отыз бие сабасындай») (Н.Ахметбеков). Бірнеше жүз литрлік сабаны тай жүзген деп дәріптейді.
Мес – қымыз, шұбат, айран тағы басқа сусын құюға және сақтауға арналған тері ыдыс. Ол бітеу сойылған ешкі серке терісінен жасалады. Оны жасаудың жолы былай: терінің жүнін, шелін алып, илеген соң талдың қабығымен, қынамен бояйды және ыстайды. Ішіндегі сусынды кесе аяққа құюға ыңғайлы болу үшін мес аузына асықты жіліктің екі басын кесіп өткізіп қояды. Мес жолаушыларға, көшіп-қонушыларға, бақташыларға сусын құйып алып жүруге өте ыңғайлы ыдыс.
Мес ұлт ұғымында толу, жинау мағынасын білдіреді. Білімдар ақын, этнограф мәшһүр Жүсіп Көпеев қолжазбалар жинағын «Мес» деп атаған.
Бұлқыншақ – сусын құюға арналған тері ыдыс. Оны жасау үшін жылқының сан терісін шашасына дейін бітеу сойып алады да саба әзірлегендей жолдардан өткізеді. Сан жағына сопақшалау етіп тері тігеді, ол пайдаланғанда астыңғы жағына келеді. Аузына ағаштан, тоздан тығын жасалады.
Бұлқыншақ ердің, кереге басына ілуге, жаяудың иығына асуға ыңғайлы ыдыс.
Шара - қымыз құюға арналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарханға апарғанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-15 литр қымыз сияды.
Шараны емен, қайың сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді. Шара сыртынан ою-өрнектермен, күміс немесе сүйек болады., ол да әшекейленіп жасалады. Сары қымыз, әсем шара ырысты дастархан сәні, үйдің көркі, қолы берекелі әйелдің мәртебесі десе де болады.
Ожау. Шарадағы қымызды сапыру, аяққа құю үшін ожау керек. Оны да әсемдеп, өрнектеп, ұзын сапты етіп тұтас ағаштан жасайды. Сабын қолға ұстауға ыңғайлы етіп, бунақтап, қосарлап, өрнектеп әсемдейді. Кей өңірлерде оның сабы қысқа, тіке жасалатын үлгілері де бар, оны сапты аяқ деп те атайды.
Ожау шараның егізінің сыңарындай бір-біріне жарасып тұрады, сондықтан да екеуі бірге жасалады, бірге қолданылады, бірге сақталады.
Табақ – ет салынып тартылатын ағаш ыдыс. Мұны емен, қайың сияқты кепкен қатты ағаштарды әуелі қайнатып алып шабады. Іші шұңғылдау, жалпақ ернеулі, жиекті, дөңгелек ағашы қалындау болып келеді. Көлемі үлкен, кішілі болып жасала береді. Үлкендердің сыйлы адамдарға бас табақ ретінде тартады. Табақ шарадай безендірілмейді, тек ағаштың өзінен ғана жасайды. Көбінесе ет тағамдары салынатындықтан тазартуға, жууға оңай болуы үшін өрнектер де ойылмайды.
Астау - жоғарыда айтылғандай қатты ағаштардан тұтас ойылып жасалады. Ол табақтай емес ұзыншалау, сопақ, екі жағынан ұстауға лайықталып ернеу қойылады. Бұл ыдыс қазіргі күндерде көп қолданылмайды. Сондықтан мұны көруге ғана болады.
Күбі – малды ауылдың қысы-жазы пайдаланатын ыдысы. Бұған қымыз, шұбат, айран, ашыған көже құйылады. Күбіні тұтас ағаштан үңгіп, немесе арша, талдың жұқа тақтайшаларынан қосып та жасайды. Жеке тақтайшалардан жасалған күбіге түп салып, сыртынан темір құрсаулармен тартылады. Тұтас ағаштан жасалғандардың іші тегіс болуы үшін күйдіріледі. Дайын күбінің сыйымдылығы 20-30 литр, биіктігі 80 сантиметрдей, түп жағы кең, аузы тарлау болады. Шан - тозаң түспес үшін, әдемі, дөңгелек қақпақ жасалады. Піспек сабы шығып тұруы үшін қақпақтың төбесін тесік немесе шетіне кертік қалдырады.
Ағаштан күбі сияқты ойып, қарастырып кіші ыдыс та жасайды. Оны күршек дейді.
Піспек. Күбідегі сусынды пісіп, араластыру үшін піспек пайдаланады. Оның күбі аузынан сыртына шығып тұратындай ұзын сабы және жалпақ әрі дөңгелек басы болады, ағаштан жасалады. Сабының жоғарғы жағын әшекейлеп немесе күміспен қаптап әдемілейді.
Аяқ – ағаштан ойылып жасалатын ас құйылатын сыйымдылығы 1 литрдей шұңғыл, дөңгелек ыдыс.Оның орнықты түбі, жиегі тік, жұқа болады. Көбіне қымыз, шұбат құйылып, сыйлы кісілерге ұсынады. Сыртын оюлап, түрлі-түсті сырмен сырлайды. Балаларға лайықталып шағын түрін тостаған дейді.
Қасық. Сыртқы түрі ожауға ұқсас, көлемі кіші, әдемі, ыңғайлы етіп ойылып жасалады. Сұйық ас ішуге арналған ағаштан жасалатындықтан ағаш қасық деп аталады. Үлкен адамдарға және балаларға арналған үлкенді кіші түрлері де болады. Өте кішкентай түрлерін май қасық деп атайды. Қасықтар боялып немесе түрлі-түсті ашық бояулармен әрленеді.
Келі – тарыны ақтауға арналған құрал. Жуан әрі қатты тұтас ағаштан үңгіп жасайды. Орнықты болуы үшін түп жағын қалың қалдырады. Түбінен жоғары 10-15 сантиметрдей жерінен бунақтап ойып, жоғарғы жағын қиғаштап сәл жіңішкертіп бел жасайды. Кейбір жерлерде сол ойған жердің ағашын тұтас қалдырып, ұстайтын тұтқа қалдырады. Ішін әбден үңгіп болғаннан кейін тегістеу үшін және ағаш шайырланып қатаюы үшін отпен қариды. Келінің биіктігі 70-80, диаметрі 30 сантиметрдей болады.
Тарыны түю үшін келсап (келісап) керек. Оның ұзындығы 1 метрдей, диаметрі 15 сантиметрдей жұмыр ағаштан жасайды. Түйгенде келінің жиегі қолға тимейтіндей етіп орта тұсынан екі қолмен ұстайтындай ойып жұмырлайды.
ІІІ. Қорытынды
«Ата-бабамыздың көне ыдыстары»туралы мәліметтерді жинақтап,өз зердеме салғанда мынандай қорытындыға келдім.
Біріншіден, ғасырлар бойы қолданыста болған көне ыдыс түрлерімен, атауларымен таныстым.
Екіншіден, қазіргі тұрмыста жиі пайдаланылатын ыдыс-аяқ түрлері мен көне ыдыс түрлерін өзара салыстыра отырып, көне ыдыстардың қаншалықты деңгейде бізге жеткенін бақыладым .
Үшіншіден, көне ыдыстарды қазіргі заманғы ыдыстар қаншалықты алмастыра алатынына көз жеткіздім.
Қорыта келе, ұлттық нақышта, ұлттық қол өнерімізді көрсететін қазіргі заманымызға лайықтап, көне ыдыстарымызды жаңартуға болады. Осы арқылы өз салт-дәстүрімізді жаңғырта аламыз деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. М.Ш.Өмірбекова. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Алматы; «Алматыкітап» ААҚ,

2. С.Кенжеахметұлы. Жеті қазына.(жиған-терген) 1 кітап. Алматы: «Ана тілі»
ЖШС. 2005. 120 бет.

3. С.Кенжеахметұлы. Жеті қазына.(жиған-терген) 2 кітап. Алматы: «Ана тілі» ЖШС. 2005. 120 бет.

4. М.Ж.Көпеев. 2 томдық шығармалар жинағы. 2 том.Алматы. 1992

5. «Сен білесің бе?-2» атты тарихи – этнографиялық кітаптар топтамасы. «Аруна» баспасы. 2002. 11 бет.

6. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. Алматы. 2005. 128 бет.

7. С.Кенжеахметұлы. Қазақ халқының ұлттық дастарханы. Алматы. 2006. 165 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.