Меню
Назад » » »
Республикам менің
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Республикам менің
Сабақтың мақсаты: А) Еліміздің тарихы туралы түсінік беру , туған елге
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ә) Туған жерін,елін сүюге,оған құрметпен қарауға
тәрбиелеу
Б) Тіл мәденетін, ойын нақты жеткізуге
қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Н. Назарбаевтың суреттері, бүктеме ,нақыл
сөздер,еліміздің рәміздері суреттері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру сұрақ - жауап әңгімелеу
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау
Сабақты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастау
Балалар сендер қайда тұрасындар?
Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан Республикасының азаматымыз . Қазақстан –бүкіл Қазақстанда тұратын көп ұлттың ортақ үйі.
-Қазақстанның астанасы қай қала?
-Астана
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Республикам менің»
Сөзжұмбақ шешкізу.
0
т у
а н а
н а н

1. Қойда бар ,лақта жоқ
ойда бар ,бақта жоқ (о)
2. Мемлекеттік рәміздердің бірі (ту)
3. Ең жақын адам (ана)
4. Қасиетті тағам (нан)
«Отан » дегеніміз не?
Ән «Отан»
Отан –сенің ата-анаң,
Отан –досың ,бауырың,
Отан –өлкең, астанаң
Отан –аудан, ауылың

Отан-тарих , Отан –тіл,
Жасаған елің -ер халқың.
Отан-өлкең ,Отан –жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Нарша
Әр адамның өзі туған , өзіне өте жақын ауылы бар. Бұл оның кішкене Отаны осындай кішкене Отандардан үлкен , кең Отан шығады. Біздің Отанымыз ,менің сенің отаның –Қазақстан Отан адам үшін біреу ғана.
Сезім
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елдімізді
Отан дейміз туған жер , атамекен
Биік тау , орман тоғай көлімізді.

Аслан
Отан дейміз кең байтақ Астананы жасыл жайлау , жаңа жол, жас қаланы Отанның шеті де жоқ , шегі де жоқ. Ол бір ақ өз үйіңнен басталады .
1986 жылы желтоқсан атты оқиға болды . Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдыретін әлемге паш етті.
Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда . Біздің Отанымыз –егеменді , тәуелсіз қазақ мемлекеті.
1991 жылы желтоқсанның бірінде республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1992 жылы 4 - маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы , елтаңбасы , әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.
Еліміз Елтаңбасымен – еңселі
Әнұранымен - айбатты
Туыменен - тұғырлы.
Гүлмаржан
«Көктудың желбірегені»
1993 жылы 12- қарашада төл тенгеміз дүниеге келді.
1995 жылдың 28 қаңтарында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұнғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Олжас
Біздер кеше көрмеген,
Салт-дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп ,
Заманымыз өрлеген.
Ағасұлтан
Егемен болмай ел болмас,
Етек –жеңі кең болмас.
Терезесі тең болмас!
Енді қазақ кем болмас.
ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік , тыныштық болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын .
Қарақат
Ел тарихы жер тарихы өзіміз,
Болашаққа қасиетті кезіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып,
Ақ,қараны тіліп тұрса сөзіміз.
«Ортақ мекен жер шары»
Біздің еліміз жылдан жылға ,күннен күнге өркендеп өсіп ,кеңейіп, гүлденіп келеді.

Ақмаржан
Өзіңдікі –елің де,
Өзіңдікі –жерің де
Өзің сезін бақытты,
Тауелсіздік төрінде.

Асылжан
Отан-осы ,достарым,
Көңілге мұны түйе біл !
«Отан »деп өс ,жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
«Біз өмірдің гүліміз » ән

Руслан
Біздер Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге , қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймых.

«Хор» Әрқашан күн сөнбесін!

Отан
«Отан –атам,
Отан –әкем!»
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: «Атамекен»?!
«Отан –әжем,
Отан-анам!»
«Туған ел»деп,
«Туған жер »деп
Ол бекерге аталмаған!.
Атам
Әжем,
Әкем,
Анам-
Төртеуі де «Отан»маған!
Төртеуі де «Ботам»дейді,
«Ер –азамат Отан» дейді!
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Республикам менің можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 253 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar