Меню
Назад » » »
Ретро би
загрузка...

загрузка...
Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернаты
Сынып жетекшілері:Кишенова Г.Е Ажитаева Ж.Ш
Жаңа жылдық ретро кеші
Ретро би
1-жүргізуші: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!
2-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!
3-жүргізуші: Добрый вечер, дорогие друзья! Вот и подошел к концу еще один год!
4-жүргізуші: Good evening, dear teacher, friends and dear guests! Welcome to the our retro party.
1-жүргізуші: Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен қарсы алайық!
2-жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі РЕТРО кешін ашық деп жариялаймыз!
3-жүргізуші: Онда келесі сөз кезегін Nurmakov TV-дың кореспонденті Зарубаев Русланға береміз.
4-жүргізуші: Руслан?
Телерепортер: Қайырлы кеш, құрметті көрермендер. Тікелей эфирде – мен Руслан Мұратбекұлы. Міне, 2014 жыл қадамын басқалы жатыр. Жаңа жылда жаңа табысқа жетеміз деген сенімдеміз. Ендеше Nurmakovland-тың басшысы Әшімов Есентай Мұқатайұлының құттықтау сөзін тыңдайық.
(Директордың сөзі)
3-жүргізуші: Достар, естідіңдер ме? Бұл қандай дыбыс?
4-жүргізуші: ... сағаттың үні сияқты
1-жүргізуші: Достар, ендеше жаңа 2014 жылды қарсы алатын сәтте туған болуы керек!
(Оннан кері қарай санау)
2-жүргізуші: Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
3-жүргізуші : Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
4-жүргізуші : Ғасырдың он төртінші жылы келді,
1- жүргізуші: Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Ән: Жаңа жыл. (Мақпал мен Айкүміс)
BGE видео (Ақшақар мен Аяз ата, Мафия кіріп келеді)
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
3-жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
4-жүргізуші: Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
2-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.
(Шырша жанады)
Ойын 1. Айдар мен Ераман.
1-жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.

2-жүргізуші: Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
3-жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
4-жүргізуші: Қарсы алайық Жылқы жылын
Ұзатып сап Жыланды!
Жылан жылы кетіп, жылқы жылы келді.
3- жүргізуші: Достар, сендер қалай ойлайсыңдар, өткен ғасырдың ең көрнекті онжылдығы қайсысы болып табылады?
4-жүргізуші: Әрине, 60-шы жылдар. Себебі, сол уақытта адамзат тарихында ең елеулі оқиғалар болған еді.
1-жүргізуші: Иә, 1961 жылы тұңғыш рет адам баласы ғарышқа ұшты.
2-жүргізуші: Сонымен қатар, Нил Армстронг ай бетіне алғаш рет қадам басты.
1-жүргізуші: Әйгілі “Beatles” рок-группасы құрылды.
3-жүргізуші: Ал Қазақстанда қандай оқиғалар болды?
4-жүргізуші: Шатаспасам, 1968 жылы күллі Кеңес Одағын дүр сілкіндірген “Тақиялы періште” атты фильмі жарыққа шыққан болатын.
2-жүргізуші: Онда, достар, сол уақытта саяхат жасасақ қайтеді?
3-жүргізуші: Кеттік.
Мақпал: Ойбуй, ойбуй, құдайым-ай! Жалғыз басты еркектің күні құрысын. Жанашыр әйелі болу керек, жанашыр анасы болу керек. Тым құрығанда әйелі. Айтпақшы, бүгін менің кенжемнің туған күні.
Ераман: О, мама, келдіңіз ба?
Мақпал: Ой, ботақаным менің! Ананның не алып келгенің көрсен, мінекей. Қане, киіп көр, балам. Дәп-дәл, пах-пах! Қандай жарасымды.
Ераман: Рахмет, мама! Жер шарын жеті айналсам да, сендей ана таба алмаспын.
Мақпал: Сендерге қарасам, төбем көкке жеткендей. Тағдыр менің маңдайымнан сипаған жоқ. Азаматымнан соғыс айырды. Бес жетімді қатарға қостым, ауыртпалықты арқалап жүріп. Ал сенің әкең атадан жалғыз еді. Сен де жалғызсын. Ұрпақты жалғастыратын сенсін. Ал мен осының қызығын көріп, немере сүйсем деймін. Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.
Тима: Әй, бері келші. Шынымен маған айтшы, сен неге үйленбей жүрсін?
Ераман: Әй, жезде, үйлену оңай дейсің бе?! Алдымен аспирантура бітіру керек. Дайын тұрған қалындық бар ма?
Тима: Саған осы дауа жоқ. Апа, мына баланы өзіңіз қолыңыза алмасағыз болмайды. Мынаның өз бетімен жүріп үйленетін ойы жоқ.
Мақпал: Дұрыс айтасын, дұрыс айтасын. Төрт қызды өзім ұзатқам. Бұған әйел алып беруге шамам жетеді. Әйелді,саған қайтсем де, өзім әперем. Кеттік!
“Кетем-кетем” әні. Қыздардың биі.
Ойын-2
Попурри. Modern Talking-тың әндері. (Ақнұр, Айя, Жәнібек, Еламан)
Батл ата-ана мен мұғалімдер.
Ән.
Ән орысша
Triplight-тың биі.
Ән (жаңа жыл ағылшынша)
Ойын-3
4-жүргізуші: Жаңа 2014 жылдың Мистер және Мисс Retroны анықтайтын кез де келді. Айкүміс, қалай ойлайсын, әділ қазылар бұл номинацияға кімді лайық деп шешті?
2-жүргізуші: Ақнұр, шынымды айтсам, өзім де білмеймін, себебі бүгінгі кешке қатысушы қонақтардың барлығы да сәнімен де, әнімен де сағындырған сағым жылдарды көз алдымызға әкелді.
1-жүргізуші: Қыздар, қыздар, олай, болса, әділ қазылардың шешімін тыңдайық.
3-жүргізуші: Ераман, олай болса мен кештің басында сайланған әділ қазылар алқасымен таныстырып өтіп, ортаға шақырайын:

Би ұлдар
Жаңа жыл қазақша ән
1-жүргізуші: Достар, бастауы бардың соңы болатыны ақиқат, кеш соңына таяғанымен өмір өз жалғасын таба береді!
2-жүргізуші: Ең маңыздысы, достығымыз ешқашан сарқылмай, ауызбіршілігіміз ұласа берсін!
3-жүргізуші: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
4-жүргізуші: Жаңа жылда жаңа табыстарға жете берейік!
1-жүргізуші: Жаңа жыл әрбір ошаққа бақыт сыйласын!
2-жүргізуші: Жаңа жылда үлбіреген әрбір жүректің асқақ арманы орындалсын!
3-жүргізуші: Жаңа жылда алтын ұя мектебіміз биіктерден көріне берсін!
4-жүргізуші: Жаңа жылдың ақ қарындай көңіліміз пәк болсын!
Бірге: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ретро би можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 318 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar