Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өрнек және оны шешудің тимді жолдары -

Өрнек және оны шешудің тимді жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 878 | Размер: | Автор: гость
. Жұмабекова Гүлайым Ералханқызы,
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінінің бастауыш сынып мұғалімі.
Арыс қаласы
Сабақтың тақырыбы: Өрнек және оны шешудің тимді жолдары

Мақсаты:
- Өрнек және оның түрлері туралы түсінік бере отырып, шешудің тиімді тәсілдерін меңгерту;
- Ақпараттық технология арқылы оқушының ой-өрісін, тапқырлығын, есептеу қабілетін дамыту;
- Елін жерін сүюге, алған білімдерін елінің игілігіне жұмсауға тәрбиелеу;
Міндеттерін:
- қосу және азайту амалдарының үлгісін пайдаланып көрсету. Есептер шығару.
- Ой-өрісін, білімін дамыту.
- Алғырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кестелер, ойындар, электронды оқулықтар, танымдық ойындар,
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сынып оқушыларының қатысымын анықтау, тазалығына назар аудару, бүгінгі күн райымен танысу.
II. Үй тапсырмасын тексеру: №5 оқу, талдау.
III. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар бүгін біздің сыныпта қонақтар бар. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» - демекші, келген қонақтар біздің тәртібімізді, білім мен білігімізді байқап отырады. Сондықтан біз өзімізді үлгілі оқушы екенімізді көрсетейік.
Ал, қазір барлығымыз саяхатқа шығамыз. Еліміздің бас қаласы Астанаға барып тамашалап қайтамыз. Астана біздің Байырқұм ауылынан алыста, бізге жеткенше әр түрлі көліктерге мініп, аялдама тапсырмаларын орындау арқылы «Арман қала – Астанаға» жетуге біраз уақыт керек.
Аялдама №1
IV. Өткенді пысықтау: Математикалық диктант
Ой қозғау
- Берілген өрнектің мәнін табу керек;

- Сол өрнектің тұсындағы шыққан әріпті өрнектің мәніне сәйкес астындағы бос тор көзге апарып қоямыз;
- нәтижесінде Өрнек деген сөз шығады.
Қорыту: Кез –келгенсанаға 1-ді қосқанда және азайтқанда не болатыныны туралы түсінігін пысықтау.
Аялдама №1
Тапқыр болсаң, тауып көр!
7 – 0 =
1 + 8 =
9 – 3 =
0 + 8 =
6 – 1 =

Міне, балалар 1-ші аялдама тапсырмасын орындап, біз мектеп ауласынан
Газель микроавтобусына отырамыз.
Есіңде сақта!
Назар аудар!
Санға 1-ді қосқанда келесі сан шығады.
Санан 1-ді азайтқанда алдыңғы сан шығады.

Аялдама №2 (жолға шығу үшін тапсырманы орындау керек)
V. Жаңа сабақ.
- Міне, балалар амалдарды орындау арқылы Өрнек деген сөз шықты.
- Бұл қандай өрнек? (санды өрнек)
- Ал біз қандайөрнекті шешуді үйреніп жатырмыз. (әріпті өрнектер) Интербелсенді тақта арқылы өткенді еске түсіре отырып, тапсырманы орындау жолдарын айта отырып, қалған бөлігін ұсқа бойынша орындау.

Аялдама №2
Кім жылдам?
Кестені толықтыру.
I-нұсқа
а 0 1
а + 9 9 10

II- нұсқа
а 10 9
а -9 1 0

Аялдама №3 ( жолға шығу үшін тапсырманы орындау керек Арыс-Байырқұм тас жолында келеміз. Көктем келіп, жер беті гүлге оранып, төселген кілемдей құлпырып тұр екен. Ауданымызға жету үшін мына тапсырманы орындау керек.
Есеп №2 (кітаппен жұмыс)
Оқушылар бірін бірі тексеру арқылы бағалайды.
Жауабы тақтадан шыққан соң тексереді.
Оқушыларға көктем туралы білетін өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
Аялдама №3
Ұшқыр ойлы балақай!
Қызыл гүл – 5 -? гүл
Сары гүл – 3
Ш: 5+3=8
Ж: барлығы 8 гүл
- Балалар, жаңбыр жауа бастады, біздің жол жүруімізге кедергі болатын болды. Қайтсек екен? Мүмкін сергіту жаттығуын жасап, бұлттарды қуармыз? Сергіту жұмысын жасап бұлттарды қуып, сапарымызды жалғастыру.
Аялдама №4 (жлға шығу үшін тапсырманы орындау керек)
- Енді аудан орталығынан тағы көлікке отырып, облыс орталығы Шымқалаға барамыз. Ол үшін мына тапсырманы өз бетімізше орындауп шығуымыз керек екен.
I-нұсқа а +0; мұндағы а=0, 1, 2, 3;
II- нұсқа а-0; мұндағы а =0, 1, 2, 3;
Әріпті өрнекті жылдам әрі дұрыс шешкен бала, сыйлыққа ие болады. (тапсырманың дұрыстығын оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы бағалайды)

Аялдама №4

I-нұсқа
А 0 1 2 3
А +0 0 1 2 3

II- нұсқа
а 0 1 2 3
а - 0 0 1 2 3

Есіңде сақта!
Назар аудар!
Санға 0-ді қосқанда сол санның өзі шығады.
Саннан 0-ді азайтқанда да сол санның өзі шығады.

Ереже!
Сонымен балалар кез-келген санға 0-ді қоссақ та, азайтсақ та сол санның өзі шығады екен.
Аялдама №5 (жолға шығу үшін тапсырманы орындау керек)
Бұл аялдамадағы тапсырманы орындасақ ұшақ ұшатын әуежайға барады екенбіз. Геометриялық тапсырмаларды орындау, әрбір оқушы берілген фигураның қабырғаларының ұзындығын өлшеп, берілген парақшаға жазып шығады.

Аялдама №5
Ойнайық та, ойлайық!
Мына фигуралардың қабырғаларының ұзындығын өлше.

Аялдама №6 (жолға шығу үшін тапсырманы орындау керек)
- Біз Шымқаланың әуе жайына келіп жеттік. Енді ұшаққа отырып Оңтүстіктен – Батысқа, Қазақстанның Батысынан – Солтүстігіне, Солтүстігінен –Шығысына, Шығысынан – Оңтүстіктегі бұрынғы астанамыз Алматыға, одан ұшып бас қаламыз «Арман қала – Астанаға! Қонамыз.
Армандаған жерге жету үшін ұшаққа мінеміз. Әр қаладан шыққанда ұшаққа отыру үшін берілген тапсырман орындау керек екен.
Ал, іскесәт!
VI. Қорытынды.
Астана қаласы туралы түсінік беру, айтулы орындарын тамашалату.
Астана қаласында білімді балалар өте көп екен. Олар мынандай тапсырмаларды лезде шешіп тастайды. Сендерде бақтарыңды сынап көріңдерші. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау, бағалау.

Енді тест жұмысын қалай орындайтынымызды көрелік. Қай нұсқа жақсы нәтижеге жетеді.
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсыма беру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.