Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұрпақ тәрбиесі - ұлттың тағдыры -

Ұрпақ тәрбиесі - ұлттың тағдыры

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1480 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы , Кербұлақ аудан, Сарыөзек ауылы
«Ай-Сана» бөбекжай балабақшасының психологы: Халмен Еркегүл

Ұрпақ тәрбиесі - ұлттың тағдыры

Қай ұлтта болмасын бала тәрбиесі- барлық адамның ортақ ісі. Сәбидің тәрбиелі, ізетті, иманды, адамгершілігі мол болып өсуіне олар өзінше мән берген. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде: «Ба¬ла¬ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке¬ле¬шек за¬ма¬ны¬на лайық қылып шығару ке¬рек» - деген екен. Бұл – жас ұрпақтың за¬ман та¬ла¬бы¬на сай тәрбиеленуі тиіс дегенді білдіреді. Ба¬ла тәрбиесі – баршаның ісі, ұрпақ тәрбиесі - ұлттың тағдыры. Демек, отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – за¬ман та¬ла¬бы¬на сай ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесі біржақты болса, нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін. Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап ұрпақ тәрбиесін тек балабақшаға немесе мектепке ғана ысырып қоймағандарын қалар едік. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді тағы бір еске салып қойсақ артық болмас.
- Ата- ана балабақша ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауда ұстап
отыру;
- балаға отбасында қалыпты жағдайдың сақталуын, білім алуына қажетті материалды қамтамасыз
ету;
- балабақша жарғысын орындау; баланың уақытынан кешікпей келуін, себепсіз қалмауын қадағалау.
Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни
көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін назарда ұстаған жөн.
Балабақшамен ата¬-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе,балаға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.
Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңарту қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. Балалар мемлекетіміздің болашағы! Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді. Шетелдік ғалымдардың пайымдауынша әрбір ел ілгері қарқынды дамуы үшін «Қоғамдық пікірдің 20 пайызын өткенді талқылауға, 20 пайызын бүгінгі күннің мәселелеріне талдау жасауға, қалған 60 пайызын ертеңгі күнді ойлап, болжауға жұмсалуы керек» екен. Ұрпақ тәрбиесі-ұлттың тағдыры екенін ұмытпайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.