Меню
Назад » » »
Өрт-тілсіз жау
загрузка...

загрузка...
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Жетібай ауылы, №3 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Танатарова Разия Нурымовна

Тәлім сәті
Тақырыбы: Өрт-тілсіз жау
Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын
ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа,
адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б.
қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, мақалдар.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
Мұғалім: Құрметті оқушылар бүгінгі 3 «А» сыныбының өткізгелі тұрған тәлім сәтінің тақырыбы «Өрт-тілсіз жау». Олай болса өрттің қаншалықты қауіпті екенін балалар айтады, сөз кезегін балаларға береміз.

Нәзира: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады.От - өмір сәні. Отсыз

тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал

тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген

қызығушылығымыз жоғалады. Жалпы «от» өрісі кең түбір. Біздің ата-

бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Отты жер-қуатты

жер. Мал біткенге күш-қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп

отырған. Тұратын үйді отау, үй иесін – отағасы деп атаған.

Алайда от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қауіпін

шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан

немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де

байқамай қаламыз.

Еркебұлан:
Шыршаға балауыз ілсеңдер,
Қызық көріп жақпаңдар.
Егер жақсы білсеңдер,
Өрт ережесін сақтаңдар.

Қарақат:
Бір күні Айбек ойланды,
Фейрверк атсам деп толғанды.
Әке-шеше жоқ үйде,
Оттықты тауып қолға алды.
Күйді аю бөпесі,
Күйді мұрны шекесі.
«Өрт тілсіз жау» деген,
Ойнамаңдар от осы.

Дархан:
Үлкендерді силаңдар,
Шашылғанды жинаңдар.
Өрт боларын ойлаңдар!
Мамыққа от қоймаңдар.

Айгерім:
Мамасын айжан күтпестен,
Газға қойды тамақты.
Шығып кетті тіпті естен,
Кім көрген мұндай олақты.
Тамақ тасып төгілді,
Түбінде қалды шөгінді.
Зәресі қалмай Айжанның,
Көзінен жас төгілді.

Есен:
От пен түтін айнала,
Қарап тұрма жәй ғана.
Тез хабар бер 01-ге
Уақытты сен байлама.

Аружан:
Үтікпен киім басарда,
Сақтық керек саған да.
Мұқият бол қашанда,
Үйде жалғыз қалғанда.

Қуандық:
Жел тұрғанда жанған от,
Лаулай жанып өршіген.
Зиян келер аңға көп,
Ормандардың өртінен.

Жансая:
Отпен сен ойнама,
Өрт шалады айнала.
Ол тілсіз жау біліп қой,
«Қызық көрем» деп ойлама!

Ақжол:
Өрт шыққанда тығылмай,
Далаға қашып, шығып кет!
Асып-сасып жығылмай,
Өрт астынан бұғып өт!

Нәзира:
Орманда от жаққанда,
Сақтық керек балалар.
Сөндіріп кет кетерде,
Шоқ астында шала бар.

Нәзира:
Өрт қауіпсіздігін білу - әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер

айтпаған. Олай болса қазір балалар өрт қауіпсіздігін және оған керек құралдарды

айтып өтеді.

Қарақат: -Өртті сөндіруге арнайы заттарды дайарлап қойған жөн.Олар: құм,су, күрек,киіз.

Айгерім: -Өрт жаңадан басталғанда,сумен құм сеуіп өшіреді.

Аружан: -Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса топыраққа аунап, үстіне құм сеуіп өшіреді.

Жансая: -Газ плитасы тұрған бөлмені жиі-жиі желдету керек. Егер газдың

күлімсіген иісін сезсең сіріңке жағуға,электр жүйесіндегі лампаны жағуға

болмайды. Тек үйдің есік-терезелерін ашып желдету керек.

Нәзира: Өрт қауіпсіздігін білдік ендеше «Сөздің көркі-мақал» демекші келесі

кезекті мақал-мәтелдерге береміз.

Еркебұлан: Отпен ойнама күйерсің.

Қарақат: Ойын түбі от.

Дархан: Отын деген шөп болор,
Жинай берсең көп болар.

Айгерім: От жақпа-пісерсің,
Ор қазба-түсерсің.

Есен: Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.

Аружан: От пен су – тілсіз жау.

Қуандық: Өзі саққа құдай жақ.

Жансая: Сақ жүрсең сау жүрерсің.

Ақжол: Жау жоқ деме – жар астында,
Бөрі жоқ деме – бөрік астында.

Нәзира: Міне, осымен 3 «А» сыныбының дайындаған тәлім сәті аяқталды, сау

болайық, өрт қауіпсіздігін сақтайық. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Өрт-тілсіз жау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 322 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar