Меню
Назад » » »
Рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі
загрузка...

загрузка...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
АЛАТАУ АУДАНЫ
И.Қ. МАНДОКИ АТЫНДАҒЫ №154 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:
«Рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі»

Мұғалім: Алуашова Гулзира

Алматы 2015
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: №119 мектеп – лицей
Семинарды тыңдаушылардың саны:
Мерзімі: 14.12.2015
Мұғалім: Алуашова Гулзира
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:
«Рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі»

Мақсаты: Өзін –өзі тану пәнінің рухани адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайтын және мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілгендігін және басқа мамандықтардың ішінде ең маңызды, ардақтысы және ең қиын мамандық екенін түсіндіру.

Міндеттері:

 Өзін –өзі тану пәнінің рухани адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды адам бойына сіңіретін пән екенін түсіндіру;
 Өз ісіне адал, шыншыл, шынайы берілудің маңызды түсіндіру;
 Мұғалім бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерді, жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту;
 Мұғалімнің рухының жоғары болуы және белгілі ережелерге үнемі бағынып отыру қажет екендігін түсіндіру;
Ресурстары:

Интербелсенді тақта, стакан (тренинг), түрлі түсті бояу, стикер, пікір парақшалары, үнтаспа.
Жоспар:
1. Өзін –өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізі.
2. Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мәңгілік жалыпадамзаттық құндылықтар
3. Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі:
• Мұғалімнің жоғары рухы
• Ата – аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде
• Педагогтің стилі
• Мұғалімнің үш түрі
• Мұғалімдерге арналған екі ереже
• Жолдауды жеткізу
• Мұғалімнің басты қасиеттері


Семинардың барысы:

1. Өзін –өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізі.
Сара Алпысқызы: “ Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – Өзін-өзі тануға” негізгі рухани жол болып табылады.
Әбу Насыр әл-Фараби:
 Жаңа туылған нәрестенің ақыл-ойы, миы таза болады, қайырымдылық пен зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды, қайырымдылық адамның өмір сүру үдерісінде жиналады.
 Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады, тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенің де таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады.
Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде психикалық-эмоциялық реңге ие болады.
З. Фрейд бірінші рет бейсаналық (санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын жасады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание) деп атады.
К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті.
Сананың құрылымы:
түпкі сана сана жоғарғы сана
эмоция интуиция

Сананы тазарту:
• Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданған жөн.
• Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді түйсінуге арналған тікелей әдіс.
• Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыз.
• Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де оданда жақсысын жасауға шешім қабылдаңыз.
• Ашу-ызыңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.Ашулана бастасаңыз:
 Бір стакан суық су ішіңіз;
 Айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;
 Тыныш қана жатыңыз.
• Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
• Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.
• Жақсы компания, орта табыңыз.
• Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.
• Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз.
• Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.
• Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.
• Ажырата ойлауды дамытыңыз.
Ертедегі даналар: «Әлемде тыныштық болсын және де ол менен басталсын!» деген екен.
Тренинг. «Егер стакандағы лас суды түгел төгіп тастауға болмаса, оны қалай тазартуға болады?»

2. Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мәңгілік жалыпадамзаттық құндылықтар

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады.
Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.
Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Мысал: «Құндылықтар терегі»
Ән: «Ұстазым»
3. Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі

• Мұғалімнің жоғары рухы
Ы.Алтынсарин: «Мұғалім –білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан да қымбат».
Ш.Амонашвили: «Мұғалімді ойшыл, шығармашыл, еркін етіп тәрбиелеу керек. Мұғалімдерді балағаттаудың орнына оларды ұлықтау қажет. Олар өмір суретшілері ғой. Бүгінгі мұғалімдер ХХІ ғасырдың ортасын салып жатыр».
Адольф Дистервег: « Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да».

Мысал: Тереза шешей мен Януш Корчаг өмірлерінен мысал.

Ата – аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде
• Белгілі педагог Симон Соловейчик келтірген статистика бойынша ата – аналар баласының тәрбиесіне күніне 17 минут арнайды.
• Осы уақыттың ішінде қалайша жақсы адам тәрбиелеуге болады.
Педагогтің стилі
 Авторитарлық стиль
 Либаральдық стиль
 Гуманды стиль
Мұғалімнің үш түрі
• Шағымданушы
• Түсіндіруші
• Қанаттандырушы
Мұғалімдерге арналған екі ереже.1. Басқадарға үйреткеніңді алдымен өзің орында, 2.одан кейн барып басқалардан талап ет.
Жолдауды жеткізу
• Сөйлеу - 10%
• Мета-жолдау (жасырын жолдау)-90%
Мұғалімнің басты қасиеттері
• 6 жастан 14 жасқа дейін балаларда дене, ақыл –ой және эмоциялық даму жалғасады. 14 жаста бұл үдеріс тұрақтала бастайды.
• Бір жасар баладағы әдеттердің өзгеруіне 2,5 ай; 3 жасар балаға – 11 ай; 6 жасар балаға – 8 жыл қажет болады.
• Оқушының, мұғалімнің, ата-ананың өзара әрекеттестігі маңызды.
Мұғалімге қажетті екі қасиет: қарапайымдылық (бұл өз кемшіліктерін түсіну үшін қажет) және жетілу тілегі (ертеде мұғалім баланың алдына бармас бұрын өз ойын тазалап алған).
Адам өміріндегі ең басты жалпыадамзаттық құндылықтарды (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) оқушылардың бойына сіңірудің маңызды үлгісі болып осы құндылықтары бар мұғалімдер болып табылады.

Ойын «Капитан»
Талдау
Үйге тапсырма

«Звездочки на земле» фильмін тамашалау.

Жиналыстың қорытынды сәті.

Мұғалімдер сабаққа деген пікірлерімен жазбаша парақшаларға бөліседі.

Анкета толтыру

Сабақтан алған әсерлерін смайликтерді стикерлерге салып, жапсырады.

Қорытынды: Ш.А. Аманашвили: «Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген. Мамандық ішінде мұғалім маманығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды». Бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтарымызбен, риясыз сүйіспеншілігімізбен өскелең ұрпақты тәрбелеуде жан аямайық!
Әрқашанда отбасымызда тыныштық болсын!
Отбасымызда тыныштық болса, қоғамда тыныштық орнайды!
Ал қоғам тыныш болса, мемлекетте тыныштық орнайды!
Ал мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде тыныштық орнайды! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 596 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar