Меню
Назад » » »
Рухы биік халықтың іргесі биік.
загрузка...

загрузка...
Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернаты
Сынып жетекшілері:Құрманбаева А.С
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Рухы биік халықтың іргесі биік.
Қызығушылықты ояту. /видео көрсету/
Құзыреттіліктер және бағалау каталогы
БАЗАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
«Әлеуметтік құзыреттіліктер»
ІІ. ІСКЕРЛІК
ІСКЕРЛІК координатасы.
Тапсырмаларды орындау жауапкершілігін өзіне алу.
ҚҰРАМДЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
Салауатты өмір салты
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Топта жұмыс жасай алу: араласу іскерлігі.

Классификатор
1.
Аффек
тивті катего
риялар
Кате
гория бөлімі Сұра
нысқа ие әрекет Опе
рант Мұға
лім не істе
йді Оқу
шы не істе
йді Дыбыс Тех
ника
уче
ния Күтілетін нәтиже ЕСКЕРТУ
Оқу тапсырмасы
1. Бейне роликтен алған әсерлеріңді,ойларыңды шоғырландырып жеткізу.
1.
1.0 Алу/
Қабыл
дау
1.20
Дайындық Біріктіру үлгілер уақыт артық
шылық
тары
мен орын
дау мерзім
дерін қою Белгі
сізді тани
ды Күй «жұмыр қылыш» Негізгі идея
ларды айқын
дау Ой толғаныс
2.
Аффек
тивті катего
риялар
Кате
гория бөлімі Сұра
нысқа ие әрекет Опе
рант Мұға
лім не істе
йді Оқу
шы не істе
йді Дыбыс Әдіс тәсілдері Күтілетін нәтиже ЕСКЕРТУ
Оқу тапсырмасы
2. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасап,ойыңды плакат түрінде ұсын.
1.
2.00 Жауап/
реакция
2.10
Келісім
пайымдау Құлық қағидалары нақты мақ
сат
тарды белгі
леу Келі
сім реак
циясы Күй «көңіл толқыны» Кесте Ұжымдық жоба-плакат Берілген тапсырманы орындауда мәтіндегі мәліметтер пайдаланылады
3.
Аффек
тивті катего
риялар
Кате
гория бөлімі Сұра
нысқа ие әрекет Опе
рант Мұға
лім не істе
йді Оқу
шы не істе
йді Дыбыс Оқу әдісі Күтілетін нәтиже ЕСКЕРТУ

Оқу тапсырмасы
2. Тәуелсіздік тарихта қандай ерекшеліктерімен қалды? Ойыңды плакатқа сызба түрінде көрсет.
3.00 Бағалау

3.30
Шынайы берілген
дәлелдеу Жоба
лар Шағын
топтар
дағы
жұмысты ұйымдас
тырады Беріл
ген құнды
лықты зерде
леу Күй «Жұмыр қылыш» Ақпа
ратты сызба түрі
нде
беру плакат Берілген тапсырманы орындауда оқу тапсырмасындағы мәліметтер пайдаланылады

4.
Аффек
тивті катег Кате
гория бөлімі Сұра
нысқа ие әрекет Опе
рант Мұға
лім не істе
йді Оқу
шы не істе
йді Дыбыс Әдіс - тәсілдері Күтілетін нәтиже жоба,плакат ЕСКЕРТУ
4. «Қазақстан ассамблеясы әлем елдеріне үлгі» атты шағын жоба плакатын сыныптастарыңның алдында қорғап, жағымды баға ал.

4.00 Ұйым дас тыру


4.10 тұжырымдамалық құндылықтар салыстыру Көр
сет
кіш
тер Шағын
топтар
дағы
жұмысты ұйымдас
тырады Бар құн дылықтармен салыстырады Ақпа
ратты сызба түрі
нде
беру Қорытынды пікір Берілген тапсырманы орындауда мәтіндегі мәліметтер пайдаланылады
5.
Аффек
тивті катего
риялар
Кате
гория бөлімі Сұра
нысқа ие әрекет Опе
рант Мұға
лім не істе
йді Оқу
шы не істе
йді Дыбыс Әдіс тәсілдері Күтілетін нәтиже ЕСКЕРТУ
Оқу тапсырмасы
5. «Сұлтандардың кеңесі» атты көріністі көрсетіп достарыңның тарапынан жағымды баға ал.

5.00
Мінез
деме/құн
дылықтар арасын
дағы немесе құнды
лықтар жүйе
сіндегі

5.20
Жеке құнды
лық
тарға тар
ту құрдастарыңның тарапынан жағымды баға ал. диалог Шағын
топтар
дағы
жұмысты ұйымдас
тырады Бұл құнды
лықты
нақты
қисын негізінде меңгереді және оны
кез-келген өмірлік жағдайда
жеке
өмірлік филосо
фиясында пайдала
нады Топтық жұмыс

Ұжымдық көрініс Берілген тапсырманы орындауда өмірмен байланыстыра отырып, талдайды.

Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп – интернаты

Рухы биік халықтың іргесі биік.

Куратор: Аширбекова А.О.
9 «В» -сыныбы

Қарағанды - 2015

Мұғалім сөзі: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті оқытушылар, студенттер. Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы — «Қазақ хандығының құрылуы». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады.
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
— Ассалаумағалейкум, ағалар.
— Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан — екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: — Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат — көлігің арымай,
Отбасыңмен аман — есен табысқын.
Әумин.
1 — жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
2 жүргізуші:- М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек — қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 — 1466 жылдары.
Терме «Менің атым Махамбет» Құлшаев Саят
1 — жүргізуші:
1465 — 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге асырды.
2 — жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Рухы биік халықтың іргесі биік. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 287 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar