Меню
Назад » » »
«Русский медвежонок - 2015» жеңімпаздары
загрузка...

загрузка...
«Русский медвежонок - 2015» жеңімпаздары
Жыл сайын республикалық «Дарын» ғылыми – тәжірибелік орталығы еліміздегі дарынды оқушыларды анықтау, оларды оқыту мен дамыту мақсатында республикалық және халықаралық дәрежедегі бірқатар интеллектуалды шараларды өткізуде. Сондай шаралардың бірі 2-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін халықаралық «Русский медвежонок- тілтану барлығы үшін» конкурсы.
Конкурс ең алғаш рет Ресейде 2000 жылы өткізілсе, сол уақыттан бері оқушылардың конкурсқа деген қызығушылықтары жаппай өсіп келеді: егер 2000 жылы барлығы 64 мың оқушы қатысқан болса, 2015 жылы Ресей, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Эстония, Литва, Латвия, АҚШ, БАӘ, сондай-ақ РФ-ның Варшава және Дели елшіліктерінің мектептерінен қатысушылар саны 2 467 000-нан астамға дейін жеткен. Конкурстың басты мақсаты - орыс тілінің сұлулығы мен байлығымен таныстыру, оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. "Русский Медвежонок» конкурсына қатысушылар саны артуының - бірнеше себептер бар. Біріншіден, ол қол жетімді, себебі тікелей мектепте жүргізіледі, бар болғаны екі сабақ. Екіншіден, конкурс тестілік түрде өтетін болған соң, шешімін жазып немесе көшіріп отыру керек емес, бланкіде ұсынылған бес жауап нұсқаларының ішінен біреуін таңдау жеткілікті. Үшіншіден, 30 тапсырманың арасында өте күрделі емес тапсырмалар бар, сондықтан әрбір қатысушыға бірнеше дұрыс жауап беру мүмкіндігі қарастырылған. Тапсырмалар механикалық ережелерді білу, жалпы мәдениетпен танысу, ал кейбір тапсырмалар - әзіл сезіммен құрастырылған.
Осы орайда аталмыш конкурсқа жыл сайын біздің мектеп оқушылары да қатысып, жеңімпаздар атануда. Биылғы «Русский медвежонок- тілтану барлығы үшін - 2015» конкурсына мектебіміздің 3-9 сыныптары арасынан барлығы 41 оқушы қатысты. Барлық қатысқан оқушыларымызға конкурс ұйымдастырушылары тарапынан сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, мектебіміздің мерейін асырған жүлдегерлерімізде бар. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларымыз ерекшеленіп, 4 "А" сынып оқушысы - Тулебаев Жасулан Екпинович I орынды иеленсе, 4 "Ә" сынып оқушылары - Жаксылыков Нурсултан Канатович II орынды, Абайулы Аскар III орындарды иеленді. Ал 6 "А" сынып оқушысы - Жаксылыкова Акнур Мектепбаевна II орынды, 3 "А" сынып оқушысы - Жалгас Адильжан Танирбергенович III орынды иеленді. Мұның бәрі айналып келгенде әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару - ұстаздарымыздың ерен еңбегінің жемісі. Осы орайда жеңімпаз оқушыларымызды дайындауда білімі мен күш-жігерін аямаған мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері – Бекжанова Жулдызай Жиенбаевна, Аметова Гульнар Абеновна, Туешеева Сауле Рахметовналарды атап өтпеу мүмкін емес. Барлық жеңімпаздарымыз дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі жастарға жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сондықтанда барлық жеңімпаздарымыз мен ұстаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азаматтар болуларына тілектеспіз!
Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Русский медвежонок - 2015» жеңімпаздары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 279 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar