Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сүгір «Елмен қоштасу» -

Сүгір «Елмен қоштасу»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1289 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылы
Қойгелді атындағы орта мектеп
Музыка пәнінің мұғалімі М.Ақыбаева
Сыныбы: 6 сынып
Сүгір «Елмен қоштасу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сүгірдің өмірі мен шығармашылығы жайлы, жыршы, жырау, терме туралы мәлімет беру, музыкалық сауатын ашу.
Дамытушылық: Мелодиялық ерекшеліктерін сезіну, есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту, термені тыңдау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұлтық сана-сезімін ояту.Өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру, жыр-термеге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Аралас
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Дерексөз: Ғаламтор, ҚР энцеклопедиясы
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, дыбыстық файылдар, слайдтар.
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер:музыка тыңдау, сұрақ-жауап, терме үйрену.
Пәнәралық байланыс: Тарих, география, әдебиет.
Күтілетін нәтиже: Сүгір және толғаулары туралы мағлұмат біледі. Терме және оның мақамдары ажыратуға үйрету.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушыларды музыка арқылы сабаққа кіргізу
2.Оқушыларды түгелжеу
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
1.Тастан жасалған аспаптарды ата
2.Өнердегі қазақ батыры.
3.Табиғатқа арналған әндердің авторы.
4.сырнай қандай аспаптар тобына жатады?
Сөзжұмбақ:
1.Қарапайым қамыстан жасалған музыкалық аспап?
2.Домбырада орындалатын музыкалық шығарма?
3.Ақан серінің жүйрік аты?
4.Дәулеткерейдің күйі?
5.Қазақтың әйгілі композиторы Динаның қуанышқа тарту, шашу күйі.


ІІ. Жаңа сабақ
Толғау-жырау мен ақынның белгілі оқиға немесе біреуге арнап төгілтіп айтқан өлеңі.
Терме-Халық шығармашылығындағы толғау сияқты өлеңмен айтылатын сазды әннің бір түрі.
Жыршы –ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушы.
Жырау-жырды көп білетін жіне өлең шығаратын адам.
Шыққан тегі
Орта жүзден тараған

Сүгір Бергіндікұлы 1894 жылы Манқыстау түбегіндегі Өгіз өреулі жерде кейде шаруаның отбасында дүниеге келеді. Ол бастапқыда ауыл молдасында оқып, ескіше сауатын ашады. Әкесіне көмектесіп мал бағумен айналысады. Ол жас кезінен өлең-жырға құмар болады. Ауылдағы той-думанға, ұйымдастырылған астарға барып, өнерлі адамдардың жырын тыңдады. Айтылған дастандарды тез жаттап алады. Содан өзі кішігірім тойларда өнер көрсете бастайды. Оның есімі аулдан- аулға тарап, ел ішінде «жыршы бала» атанады. Оның мерейі үстем болып, шаруашылықты мүлдем қояды, жыр айтуға кіріседі. Өзі де жанынан өлең шығарып, ақындық жолына түседі. Сондықтан замандастары Сүгірді жыршы, жырау деп бағалайды. Сүгірдің жырлары құлаққа жағымды, көңілге сүйкімді. Бұл атақ ке-келген адамға берілмейді. Бір жырды құйқылжытып, әр түрлі мақамда айту үлкен шеберлік.
Бірақ кедейшілік Сүгір шаңырағынан айналшықтап шықпай қояда. Сөйтіп жүргенде кеңес үкіметі орнап, бар жақсылық халыққа жасалды деген үміт туады. Оның жалғасы репрессиялауға ұшырап, жазықсыз жандар жапа шегеді. Өмірдің осындай тақсіреті таланттты жастың туған жерін тастап Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан аймақтарына өмір сүруге мәжбүр етеді. Сонда жүріп туған елге деген сағынышын арнау өлеңдері жазылады. Сүйтіп жүріп елдің көңілін көтеріп, өзінің өнерін ұштай түсіп, құрметке бөленіп, Сүгір халық ақыны, жырауы деп аталады. Осы өлеңдерін қағаз бетіне түсіп, домбыраға қосып айтатын болған. Оның ерекшелігі елдің ерлігін, елдің адамгершілік қасиеттерін жырға қосып халықтың рухын көтеруді мақса еткен.
Хронологиялық кесте
1924-1925 ж.ж Қарт Қашағанмен кездесіп өлең жолдарын сынатқан.
1931-1932ж.ж Сүгірдің үй іші Бесқала, Қоңырат жағын паналап қоныс аударады.
1936-1937ж.ж Шаржау төңірегінде өнерін жалғастырады.
1948ж Қарақалпақстандағы көне Үргеншке көшіп келеді
1968ж Ақжігіт аулдық кеңесіне қарасты «Маңғыстау» кеншарында тұрады.
1972ж. Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай кентіне көшіп келеді.
1974ж 30 маусымда 80 жасқа толғанда қайтыс болады.

Сүгір-жыршы насихаттаған жырлар

Сүгірдің термелерін таратушылар:
1.Бүркітбай
2.Рейім
3.А.Елшібекова
4.Қ.Болманов
5.Е.Балжігіт
6. «Кеш Үоu»
Cүгір кім?
1.Сазгер, 2. Ақын, 3. Жырау, 4. Жыршы, 5. Шешен, 6.Термеші.
Үйретілетін ән: Сүгір«Елмен қоштасу»
Сабақты бекіту:
1.Сүгірдің «Елмен қоштасу» өмірінің қай кезеңінде шығарылған?
2.Сүгірдің термелерін кімдер орындайды?
3.Толғау дегеніміз не, Сүгірдің қандай толғауларын білесіңдер?
4.Жырау деп қандай адамдарды айтамыз?
5.Сүгір қандай жырларды насихаттаған?
Үйге тапсырма: Сүгірдің «Елмен қоштасу» термесін жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.